Абай Құнанбайұлы «Отыз үшінші қарасөз». Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары. 6-сабақ.
Сабақ: 6 | Мектеп: Қарағанды қ.ХББ НЗМ | |
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Есенжолова А.О. | |
Сынып: 10 L1 | Қатысқан оқушылар: | Қатыспағандар: |
Сабақтың тақырыбы | БӨЛІМ: Өлең - сөздің патшасы Абай Құнанбайұлы «Отыз үшінші қарасөз» | |
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: | 10.3.4.1 - шығарманы идеялық жағынан мазмұндас туындылармен салыстыра отырып, әдеби сын жазу | |
Сабақ мақсаты | Шығарманы идеялық жағынан мазмұндас туындылармен салыстыра отырып, әдеби сын жазады. | |
Құндылықтарды игерту | Тіл мен мәдениет, тарихтың ортақтығы,жауапкершілік, академиялық әділдік | |
Пәнаралық байланыс | тарих, қазақ тілі | |
АКТ-ны қолдану дағдылары: | PowerPoint, презентация | |
Бағалау критерийлері: | Шығарманы идеялық жағынан мазмұндас туындылармен салыстырады; Өз ойын жүйелеп, әдеби сын жазады. | |
Дескрипторлар: | ||
Тілдік мақсаттар: | Тілдік мақсаттарыңызды белгілеңіз, соның ішінде қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерге мысалдар келтіріңіз. Бұрынғы өткен шақ формасын қолдану, жүгіну, пайда табу т.б.. Пән лексикасы және терминология: қарасөз, ақыл, қайрат, жүрек, ғылым. Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер; Пән лексикасы және терминология: Мен ..............+ і.с. жұмысын «жетті» деп бағаладым, себебі.... | |
Осыған дейін меңгерілген білім | «Он жетінші қарасөз» талданды. | |
Жоспар | ||||||||||||||||||||
Уақытты жоспарлау | Дереккөздер | |||||||||||||||||||
Басы 5 мин | Қызығушылықты ояту Оқушылар ББҮ (KWL) кестесімен жұмыс жасайды. Олар Абайдың қарасөздері жайлы не білетіндерін естеріне түсіріп, «БІЛЕМІН» бағанын, сабақ мазмұны бойынша не білгісі келгенін «БІЛГІМ КЕЛЕДІ» бағанына толтырады, сабақ соңында «ҮЙРЕНДІМ» бағанына өз ойын жазып, нәтижелерін жұбымен бөліседі. Топқа бөлу Оқушылар Абай қарасөздері үзінділері арқылы топқа бөлінеді. | Қима суреттер | ||||||||||||||||||
Ортасы 32 мин | Мағынаны тану 1-тапсырма Ж. Оқушылар әдеби сын туралы ақпаратты оқып танысады. Әдеби сын – әдеби шығарманың бір түрі. Әдеби сын көркем шығармаға эстетикалық баға беріп, бейнеленген өмір шындығының көркемдік шындыққа қалайша айналғандығын саралайды, оның мән-маңызын айқындайды. Әдеби сынның әдебиет тарихынан айырмашылығын түсіндіреді, әдеби өмірдің бүгінгі ерекшелігін айқындап, бағыт сілтейді, бүгінгі шығармаларды талдап, оларға қазіргі кезең талаптары тұрғысынан баға береді. Әдеби шығарманы оқыған адам ол жөнінде өз пікірін, көзқарасын білдірмей отыра алмайды. Әдеби сын – оқушыға тура жол көрсететін ақылшы. Сын көне заманда туғанымен, ол көп уақыт авторлардың көркем шығарманы ұнатуы немесе ұнатпауы дәрежесінен аса алмаған. Әдебиеттің жанрлары жіктеліп, өркен жая бастаған сайын әдеби сынның мақсаты мен міндеті де күшейе түскен. Сыншылдық ой-пікірдің туу, өркендеу тарихы әр кезеңде, әр әдебиетте әр қилы болды. Пушкинге дейінгі орыс әдеби сыны шығарманың ұнаған, ұнамағанын айтудан, ара-тұра әсемдік сипатын немесе кемшілік кінәратын көрсетуден әріге бармады. Ұлы сыншы Белинский тұсында көркем шығарманың тұтас бітім-болмысына, ой мен образдың бірлігіне, жазушының өмір шындығына, заманға көзқарасына назар аударылды. Добролюбов «шыншыл сынды» уағыздағанда, сынның принциптік сипаты айқындала түсті. 2-тапсырма Ж/ЖЖ. Оқушылар Ыбырай Алтынсарин «Бай баласы мен жарлы баласы» әңгімесін оқиды. Кесте толтырады.
3-тапсырма ТЖ. Шығарманы идеялық жағынан мазмұндас туындылармен салыстырып, әдеби сын жазады.
Қалыптастырушы бағалау. | А3 парағы, фломастерлер Таратпа материалдар | ||||||||||||||||||
Соңы 3 мин | ||||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | |
Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. | Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз. | Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе? Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме? Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма? Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар? | |
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| ||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? | |||
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.