Тарихи шындық пен көркемдік шешім. Ш.Уәлиханов «Ыстықкөл күнделігі». Қазақ әдебиеті, 9 сынып, сабақ жоспары. 1-сабақ.


САБАҚ:

Мектеп: Атырау қаласы ХББ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім тақырыбы

Тарихи шындық пен көркемдік шешім

Ш.Уәлиханов «Ыстықкөл күнделігі»

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

9.Т/Ж1.әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар

  • әдеби шығармаға талдау жасайды;

Көптеген оқушылар

  • әдеби шығармаға сюжеттік талдау жасайды;

Кейбір оқушылар

  • әдеби шығармаға композициялық талдау жасайды;

Бағалау критерийлері

  • әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасайды

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология: сюжеттік-композициялық құрылым, пролог, эпилог, оқиғаның басталуы, оқиғаның дамуы, оқиғаның шиеленісуі, оқиғаның шарықтау шегі, оқиғаның шешімі.

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Қара қырғыздыр, Боранбай, аяш, жоқтау.

«Не деген мейірімді, қарапайым адамдар!»

Пәнаралық байланыс

Қазақстан тарихы, география

Мектеп құндылықтары

  • Жауапты азаматтық позиция: өзіне патриоттықты қамтиды. Жауапты азаматтар адал, сындарлы әрі белсенді, олар тұтастық, сыни идеялар мен қоғамды дамыту, ұлт пен қоршаған ортаны қорғау үшін пікір алуандығын әкеледі, олар қазақша, орысша және шет тілдерінде сөйлейді.

Осыған дейін меңгерілген білім

Махамбет Өтемісұлы шығармалары

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың

Басы

5 минут

Оқушыларға

Шоқан Уәлихановтың суреті көрсетіледі. Олар Ш. Уәлиханов туралы білетіндерін айтады.

Бөлімнің, сабақтың тақырыбы хабарланады.

Оқу мақсаты таныстырылады.

Сабақтың

ортасы

3 минут

5 минут

8 минут

7 минут

5 минут

3 минут

2 минут

1-тапсырма

С. Оқушылар Ш. Уәлиханов және «Ыстықкөл сапарының күнделігі» туралы берілген мәтінді оқиды және не туралы жазылған туралы ойланды.

Мәтін

 XIX ғасырда Ресей империясы Орта Азия, Шығыс Түркістан өлкелеріндегі мемлекеттермен сауда және саяси қатынастарды орнату мақсатында зерттеу экспедицияларын ұйымдастырып отырды. Орыс Географиялық Қоғамының зерттеушілері аталған өлкелерге жасаған саяхаттары туралы құнды еңбектер қалдырған.

 Ресей империясының офицері, қазақ халқының ғалым ұлы Шоқан Уәлиханов жазған «Ыстықкөл күнделігі» сол кездегі ең бағалы ғылыми еңбек болып табылады. Ғалым осы еңбегінде Тарбағатай, Жетісу, Жоңғар Алатауы, Қырғызстан жерлеріне жасаған сапарлары жайында, сол жерлердің климаты, халқының тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрі, көптеген тарихи ескерткіштері туралы толық мәлімет береді.

 Кейбір көңіл аударарлық тарихи ескерткіштердің суреттерін өз қолымен салады.

Оқушылар мәтіндерін оқып болғаннан кейін, ортаға шеңбер жасап тұрады.

«Өрмекшінің өрмегін құру» әдісі

Барлық оқушы оқыған мәтіндері бойынша сұрақ немесе тірек сөз ойлайды. Бір оқушының қолына жіп бумасы ұстатылады. Ол өзінің сұрағын не тірек сөзін айтып келесі оқушыға жіпті лақтырады. Ол оқушы жіпті керіп ұстап тұрып сұраққа жауап береді немесе тірек сөзге қатысты сөз айта отырып, жіпті келесі оқушыға өрмек шырмалатындай бағытта лақтырады. Қағып алған оқушы сұрағын не сөзін атап келесі оқушыға лақтыра береді. Ойын осы бағытта жалғасады.

Осылайша, сыныптың барлық оқушыларына Ш. Уәлихановтың өмірі және Ыстықкөл сапарының күнделігі» бойынша пікірлерін айтуларына мүмкіндік беріледі.

2-тапсырма

С/Т. Оқушылар Ш. Уәлихановтың «Ыстықкөл сапарының күнделігінің» 30 мамыр (маусым) күнгі үзіндісінің мазмұнын оқиды.

Шығарма үзіндісінде сюжеттік-композициялық құрылымның қай бөлігі бар деп ойлайсыздар? Шығарма бойынша талдау жасап, өз ойларыңызды дәлелдеңіздер.

Шығарманың сюжеттік-композициялық құрылымы:

  • Пролог
  • Оқиғаның басталуы
  • Оқиғаның дамуы
  • Оқиғаның шиеленісуі
  • Оқиғаның шарықтау шегі
  • Оқиғаның шешімі
  • Эпилог

«Өкіл» әдісі

Топ тапсырманы өз іштерінде талқылап болғаннан кейін, әр топтан бір адам «өкіл» ретінде таңдалып, түсіндіріп және жинақтау үшін және басқалардың идеяларын анықтау үшін басқа топқа жіберіледі. Сосын не білгенін айту үшін өкіл өз тобына қайта оралады.

Кері байланыс

Оқушылар өздерінің талас тудырған сұрақтарын қояды. Оқушылар мен мұғалімнің, оқушылар мен оқушылардың арасында кері байланыс жүреді. Кері байланыста әртүрлі сұрақтар талданады. Мысалы, Неге бұл үзіндінің сюжеттік-композициялық құрылымы толық емес деп ойлайсыздар?

Бағалау

Әр топ шығарманың сюжеттік-композициялық құрылымын анықтауда қай оқушының жауабы ұтымды шыққанын атайды. Неге олай бағалайтындықтарын айтып дәлелдейді.

Бағалау критерийі

Дескриптор

оқушы

әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасайды

сюжеттік-композициялық бөлікті табады;

сюжеттік-композициялық бөлікті талдайды;

ойларын дәлелдейді

https://surak.baribar.kz/631276/

Ш. Уәлиханов

Көп томдық шығармалар жинағы

1-том

Алматы 2010

Сабақтың соңы Рефлексия

2 минут

  • Менің бұл сабақтан үйренгенім...
  • Менің бұл сабақтан түсіне алмаған тұсым...

Әр оқушы рефлексияға ойланады. Кейбір оқушылар ауызша ойларын айтады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу