Қ.Аманжолов «Жас дәурен». Қазақ әдебиеті, 9 сынып, сабақ жоспары.


1-бөлім: Жастар және бұқаралық ақпарат құралдары.

Мектеп: НЗМ. Семей қаласы

Уақыты:

Мұғалімнің аты – жөні: Нурпеисова Е.Б.

Сынып: 9

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Қ. Аманжолов «Жас дәурен»

Сабақтың оқу мақсаттары

9.1.5.1 мәтіннің мақсатты аудиториясын, автордың негізгі ойы мен көзқарасын анықтау

 Сабақтың мақсаттары

Лирикалық шығарманың тақырыбы мен идеясын табады, өлеңнен үзінділер келтіре отырып, автор ойын анықтайды.

Бағалау критерийі

  • Шығармадан алынған үзінділерімен жұмыс жасай алады,
  • Автордың негізгі ойымн көзқарасын түсінеді;
  • шынайы өмірмен байланыстыра отырып, өз пікірін білдіре алады.
  • ойын түйіндей алады.

 Тілдік мақсат

Шығармадағы жаңа сөздермен жұмыс жасап, мағынасын түсіну.

Жоспар

Кезеңдер

Жоспарланған жаттығулар

Дерек көздері

Сабақтың басы

3 мин.

Ойлануға

5 мин.

Қорғауға

8 мин.

5 мин

Сәлемдесу.

Қызығушылықты ояту.

Сұрақтар.

  • Жастардың қазіргі қоғам алдындағы жауапкершілігін қалай түсінесіздер?
  • Жастар қоғам өміріне белсене қатыса ма?
  • Жастар және БАҚ мәселесі төңірегінде не айта аласыздар?
  • Блоктардағы, жастар сайтындағы көтерілетін басты тақырыптар қандай?

Оқушылар өз жауаптарын береді. Сабақтың тақырыбы анықталып, бөлім атауы таныстырылады.

Тыңдалымалды тапсырма.

«Ой шарлау» галлереясы. Оқушылар сынып қабырғасына ілінген жастар туралы қанатты сөздерді оқып, өздеріне ұнаған сөздің жанына тұрады. Өздеріне не себепті осы сөз ұнағанын түсіндіреді.

1.Жас уақытта-көңіл гүл.Абай Құнанбаев

2.Жастықтың бойынан парықсыз паңды емес, өз өнерінің күшіне сенер мығымдық тапқан қандай жақсы.Ғабит Мүсірепов

3.Таңдамасаң жастай жолдың дұрысын, Жас болып та көрген күнің құрысын.Әбдірахман Жәми

4.Жастық өз уақытын білмейді.Реванди Хорезми

5. Жасында тырысқан-қартайғанда қуанады.Махмұд Қашқари

6. Мен жанбасам лапылдап,Сен жанбасаң лапылдап,Біз жанбасақ лапылдап,Аспан қалай ашылмақ.Назым Хикмет

7.Арыстандай айбатты, 

Жолбарыстай қайратты, 

Қырандай күшті қанатты

Мен жастарға сенемін.Мағжан Жұмабаев

Тыңдалым. Қ.Аманжоловтың «Жас дәурен» әні тыңдалады.

Оқушыларға өлең мәтіні беріледі.Шығармамен танысады.

Жас дәурен-гүл жазира, қайран жазым,Тыңдаған ерке сұлу айтқан назын.Әсерлі ән, көк нөсер күй, сал домбыра,Жігіттің тебірентсін өнерпазын.

Жасдәурен,Ризамын мен саған.Жан сәулем,Келшісәулем, аңсаған.

Жасдәурен – жігеротыжанғанжалын,Көрмесемқызығыңдыармандадым.Өмірге екікелеруақытымжоқ,Сондықтан үлесімді мол қармадым.

Жасдәурен, қызығыңа тоя алмаспын,Ән мен күй, өленсеніқоя алмаспын.Тірліктетербелейін, тебіренейін,Біркүнікетсемұйықтап, оянбаспын.

Жасдәурен,Нажағайлы алтын жаз.Жан сәулем,Қосылкүйге, айтшы наз.

Жаңа сөздермен жұмыс жасалады:

Наз-өкпе, еркелеу мағынасында

Өнерпаз-өнерлі, сегіз қырлы бір сырлы

Жігер оты-күш, қайрат мол деген мағынада

Үлесімді мол қармадым- өмірден неғұрлым көп нәрсе алуға трысу

Нажағай-найзағай

Тапсырма:

    • «Ассосация» әдісі арқылы «Жастық» сөзінің мағынасын анықтау.
    • Жас дәуренді ақын неге теңейді? Көркемдеуіш сөздерді таба отырып, автордың көңіл-күйін, ойын, көзқарасын табыңыз.
    • Автор көңіл-күйі қандай? Жастықты қалай жырлайды?

Оқушыларға мына кестені толтыртуға болады. Мәтіннен мысалды өздеріне таптыруға да, дайын сөздерді де беруге болады, бастысы оқушылар өлеңнің идеясын, автор көзқарасын анықтаулары қажет.

Мәтіннен мысалдар

Автордың мақсаты

Жас дәурен-гүл жазира, қайран жазым

Адамды табиғатпен салыстырып, жастықты жазға балайды, яғни ең бақытты сәт екенін айтқысы келеді.

Жігіттің тебірентсін өнерпазын

Жастықтың еліктегіш, әсершілдігін көрсеткісі келеді.

Жас дәурен – жігер оты жанған жалын

Жастықта адамның бойында күш, қайраттың молдығын, ерлікке ұмтылушылығын көрсетеді.

үлесімді мол қармадым

Өмірге құштарлығын, жастықтың қайта айналып келмейтіндігі.

қызығыңа тоя алмаспын,

Қызығы мол, ешқашан жалықтырмайтындығын айтқысы келеді.

Нажағайлы алтын жаз

Жас кезінде адамның көңіл-күйінің өзгеруі, мінезіндегі жастықтың ұшқыны, найзағайдай тез, жарық, асқақтығын білдіреді.

Дескриптор:

  • Мысалдар арқылы ақынның ойын, көзқарасын түсінеді.
  • Жастықтың адам өміріндегі ең қызықты, бақытты кезең екенін түсінеді.
  • Шығарманың аудиториясын айқын түсінеді.
  • Өлеңнің идеясын түсінеді.

Т.Топтарда оқушылар өлеңнің өздеріне ұнаған ерекше эпизодтарын талқылайды. Оқушылар қай сөздерде қандай сипат (өкіну, сағыныш, сүйсіну, жігерлену т.б.) барын анықтайды.

Блум сұрақтары арқылы топта талдату.

Білім: Кім, не, қашан, қайда, қалай?

Түсінік:

Мазмұнын айту...

Қолдану:

Неге маңызды?

Анализ: Себебін анықтау

Синтез:

Бұл өлеңде автор қандай идея айтқысы келеді? Осыған не қосар едіңіз.

Бағалау:Автор өз ойын оқырманына толық жеткізе алды ма?

Венн диаграммасы

Сабақты бекіту.

Қорытынды

Біз бүгін сабақта жаңа ... алдық.

Біз ... үйрендік.

Сабақта ... ескерілсе екен.

Жаңа сабақ ... өтті.

Үй тапсырмасы

«Жас дәурен» өлеңі бойынша 2 жабық сұрақ, 2 ашық сұрақ құрап келу.

Дескриптор:

  • Үш жауаптан тұратын жабық сұрақты анық құрастыра алады.

Оқушының өзіндік ойын анықтауға арналған 2 ашық сұрақ құрай біледі.

1,2 слайд

Сұрақ жазылған парақша -

лар

https://www.youtube.com/watch?v=RbMhiIgLfzM

Қосымша мәлімет

Рефлексия

Сабақ / оқыту мақсаты қолжетімді болды ма? Оқушылар нені білді? Сыныпта қандай ахуал қалыптасты? Уақыт бойынша үлгердім бе? Сабақ жоспарынан ауытқушылық болды ма? Болса неге?

Қорытынды бағалау.

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (сабақ беру және оқыту жайлы ойланыңыз)?

Қандай екі жағдай сабақты жақсырақ өткізуге мүмкіндік берер еді (сабақ беру және оқыту жайлы ойланыңыз)?

1

2:

Жалпы сынып немесе жеке оқушылар жайлы мен не білдім? Келесі сабақтарға дайындалу барысында бұл мәлімет қандай көмегін бере алады?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу