Жастар және бұқаралық ақпарат құралдары. Қ.Аманжолов «Жас дәурен». Қазақ әдебиеті, 9 сынып, сабақ жоспары.


1-бөлім: Жастар және бұқаралық ақпарат құралдары.

Мектеп: НЗМ. Семей қаласы

Уақыты:

Мұғалімнің аты – жөні: Нурпеисова Е.Б.

Сынып: 9

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Жастар және бұқаралық ақпарат құралдары.Қ. Аманжолов «Жас дәурен»

Сабақтың оқу мақсаттары

9.1.5.1 мәтіннің мақсатты аудиториясын, автордың негізгі ойы мен көзқарасын анықтау

 Сабақтың мақсаттары

Лирикалық шығарманың тақырыбы мен идеясын табады, өлеңнен үзінділер келтіре отырып, автор ойын анықтайды.

Бағалау критерийі

  • Шығармадан алынған үзінділерімен жұмыс жасай алады,
  • Автордың негізгі ойымн көзқарасын түсінеді;
  • шынайы өмірмен байланыстыра отырып, өз пікірін білдіре алады.
  • ойын түйіндей алады.

 Тілдік мақсат

Шығармадағы жаңа сөздермен жұмыс жасап, мағынасын түсіну.

Жоспар

Кезеңдер

Жоспарланған жаттығулар

Дерек көздері

Сабақтың басы

3 мин.

Ойлануға

5 мин.

Сәлемдесу.

«Болжау» әдісі

Топқа бөлу. Әр топта бұқаралық ақпарат құралының бір түрі болуы керек.

Жаңа сөздерді қайталау

"Қайталай ғой" оқыта үйрету ойыны. Ойын шарты: бір оқушы қандай да бір бұқаралық ақпарат құралын атайды, ал екінші оқушы оны қайталап, тағы бір бұқаралық ақпарат атауын қосады. Үшінші оқушы екеуін қайталап, үшінші сөзді қосады. Осылай ойын 6-7 сөзге дейін жалғасады.

Сергіту сәті «Сымсыз телефон» ойыны

Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Ойын басқарушы бірінші тұрған адамға құлағына сыбырлап, бір сөз айтады, ол келесі көршісіне сыбырлап естіген сөзін жеткізеді, осылайша соңғы адамға дейін жалғасады. Ал енді ойын басқарушы соңғы адамнан бастап сұрайды. Мүмкін соны қате естіп, өзгерткен адам айып өтейді. Айып әр түрлі: ән салу, би билеу, өлең оқу, т.б.

Оқу мақсаттары мен күтілетін нәтижелер айқындалады.

Жетістік критерийлерімен таныстырылады.

Тыңдалым алды тапсырма:

  • Теледидар көресіз бе?
  • Кино көресіз бе,әлде бағдарламалар көресіз бе?
  • Қандай кино көруді ұнатасыз?
  • Қандай бағдарламалар көргіңіз келеді?
  • Қазақстандық телеарналарды көресіз бе?
  • Сізге отандық қай телеарна ұнайды? Қандай ерекшелігі бар?
  • Теледидардың шығу тарихын білесіз бе?

Тыңдалым. «Теледидардың шығу тарихы» тақырыбында бейнежазба көруге ұсынылады.

1.Тыңдалымнан кейінгі тапсырма

Қазақ телевизиясы өз жұмысын қашан бастады?

1958 жылы 8 наурызда

Теледидар қазақ даласына қай жылы келді?

1920 жылы

Теледидардың пайда болуына не себеп болды?

Поповтың жасаған радиосы

Ең алғаш әлемде теледидарды қай ел шығара бастады?

АҚШ

Алғашқы телехабар қай елде, қай жылы шықты?

Америка, 1927 жылы

Теледидардың негізін қалаған кім?

Ресей инженері Владимир Зворы́кин 

В.Зворыкин алғаш видео сигналды қашан, қай кезде ойлап тапты?

1933 жылы АҚШ-та 11-сынып оқып жүрген кезінде

Алғаш түрлі-түсті теледидар қай жылы пайда болды?

1954 жылы

Ресей зауытынан шыққан теледидар қалай аталады?

Квн-49

теледидардың сан алуан түрі ойлап табу қай уақыттан басталған?

XX ғасырдың орта ширегінен

2. Қазір үйде қанша бөлме болса, әр бөлмеде сонша теледидар бар. Демек көгілдір экранға тәуелділік пайда болды. Теледидар адамзатты тәрбиелеу құралына айналғанымен кейде оның зиянды жақтары да бар... Сондықтан ақпараттың озығын да , тозығын да сараптап, керегіңізге жарату өз еркіңізде.

І топ

ІІ топ

Теледидардың пайдасы

Теледидардың зияны

«ПОПС» формуласы.

  • Бірінші сөйлем «Менің ойымша,... »
  • Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … »
  • Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … »
  • Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім .... ».

Бағалау «Екі жұлдыз, бір тілек»

Қалыптастырушы бағалау жұмысы

ОБ сілтеме

Оқу мақсаты

Бағалауға арналған нұсқаулық

Ж6 Аудиовизуалды материалдар бойынша сенімді жауап беру және қысқаша қорытындылау

Бейнекөрініс, аудио, ақпараттық құралдар материалдарының мазмұны бойынша сценарий жазады.

Оқушылар «Теледидардың шығу тарихы» тақырыбында бейнежазбаны көреді.

Бейнежазбадағы «Қазір үйде қанша бөлме болса, әр бөлмеде сонша теледидар бар. Демек көгілдір экранға тәуелділік пайда болды. Теледидар адамзатты тәрбиелеу құралына айналғанымен кейде оның зиянды жақтары да бар...» деген ойды жалғастырып сценарий жазады, қысқаша қорытындылайды.

Дағдылар

Бағалау критерийлері

Егер төмендегі бағалау критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді.

Жазылым

Ақпарат көздеріндегі оқиғалар мазмұны бойынша сценарий жаза алады.

«Еркін микрофон». Оқушылар өз қалаулары бойынша жазған жұмыстарын оқиды.

Сабақты бекіту.

Үй жұмысы: Қ.Аманжоловтың «Жас дәурен» өлеңін жаттап келу.

1,2 слайд

https://www.youtube.com/watch?v=zlsYwZ2rTVA

Қосымша мәлімет

Рефлексия

Сабақ / оқыту мақсаты қолжетімді болды ма? Оқушылар нені білді? Сыныпта қандай ахуал қалыптасты? Уақыт бойынша үлгердім бе? Сабақ жоспарынан ауытқушылық болды ма? Болса неге?

Қорытынды бағалау.

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (сабақ беру және оқыту жайлы ойланыңыз)?

Қандай екі жағдай сабақты жақсырақ өткізуге мүмкіндік берер еді (сабақ беру және оқыту жайлы ойланыңыз)?

1

2:

Жалпы сынып немесе жеке оқушылар жайлы мен не білдім? Келесі сабақтарға дайындалу барысында бұл мәлімет қандай көмегін бере алады?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу