А.С.Пушкин «Ескерткіш». Қазақ әдебиеті, 7 сынып, дидактикалық материал.


Сабақтағы теориялық түсінік.

Әдебиет теориясынан.

Лириканың бас қаһарманы - ақынның өзі. Ақын ең алдымен өз жайын, мұңын, арманын, қуаныш сезімін жыр ету арқылы халықтың тағдырын, қайғысын, күйзелісін, қуаныш-шаттығын, тілек-мақсаттарын білдіреді. Нағыз лирикалық туындылар жеке адамның жан дүниесін, толғанысын, тағдырын бейнелеп, сол арқылы бүкіл бір ортаны, қоғамды, заманды сипаттап береді. Лирика көлемі жағынан өте ықшам келеді. Оқиғадан гөрі отты сезім басымдау, күллі сурет сол сезім маңына, бас-аяғы тұжырымды бірер философиялық ой маңына жинақталады

Өлең – шағын көлемді поэзиялық шығарма. Ырғағы мен ұйқасы қалыпқа түскен, шумағы мен бунағы белгілі тәртіпке бағынған нақысты сөздер тізбегі. Өлеңнің түрлері мен жанрлары әр алуан: одаэлегиябалладасонет, т.б.. Өлең лирика жанрында кең тарады, тақырыбы жағынан саяси, көңіл күйі, табиғатмахаббат және философия түрлерге жіктеледі.

Ескерткіш

Ескерткіш орнаттым мен қолдан келмес,

Ел ізі оған салған суи білмес

Асқақтап Александр мұнарасынан

Жоғары оқшау шығып, тұрар дербес.

Жоқ, өлмен, жаным жасар өлеңімде,

Шірімей, жасаңғырар денем мүлде.

Бар болса,жалғыз ақын ай астында

Ардақтап қасиеттер мені әр күнде.

Дабысым ұлы Россияға кетер жалпақ,

Тіл біткен жүрер менің атымды атап,

Славян елдерінің әр ұрпағы

Қазіргі тағы тұңғыс, қырда қалмақ.

Халқыма сүйікті ұзақ болар жерім-

Туғыздым өлеңіммен мейірлерің

Жыр етіп тар заманда еркіндікті

Мархабат пақырларға тілегемін.

Уа, муза, құлағың сал, сөзіме бақ,

Жабықпа жәбірлеуден, тілеме атақ,

Мақтауды, жаламенен тыңда салқын,

Тіреспе тіл үйіріп, не десе ақымақ.

Аударған Ғали Орманов.

[attachment=28210:didaktikaly-materialdar-5.docx]
Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу