А.С.Пушкин «Ескерткіш». Қазақ әдебиеті, 7 сынып, сабақ жоспары.
САБАҚ: | Мектеп: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 7Т1 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бөлім тақырыбы | А.С.Пушкин «Ескерткіш» | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың түрі | Жаңа ұғымды қалыптастыру | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 7.Т/Ж2.Әдеби шығармадағы тұлғалық болмысты гуманистік тұрғыдан талдау. 7.А/И2.Эпикалық,поэзиялық , драмалық шығармадағы автор бейнесін анықтау | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаттары | Барлық оқушылар: Әдеби шығармадағы тұлғаны таниды; Көптеген оқушылар: Шығармадағы тұлғаның адамгершілік қасиетін талдайды. Кейбір оқушылар: поэзиядағы автор бейнесін анықтайды. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Шығармадағы тұлғаны адамгершілік тұрғыдан талдайды. Поэзиядағы автор бейнесін анықтайды. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пән лексикасы және терминология: Ақын, өлең, лирикалық қаһарман,эпика, поэзия, драма, автор бейнесі Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: Меніңше бұл туынды..., Мен өз ойымды былай білдірер едім... | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | АКТ, Әдебиет теориясы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Мектеп құндылықтары | Өзін және қоршаған ортаға деген сыйластық; ынтымақтастық; жауапты азаматтық ұстаным; академиялық адалдық; өмір бойы білім алу; ашықтық; | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Т.Әбдіковтің «Қонақтар» шығармасы бойынша «Менің ұғымымдағы азаматтық парыз» сыни шолу жазу. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспар | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың бастапқы кезеңі 5-7 минут | Ұйымдастыру жұмысы. Қызығушылықты ояту «Өрмекшінің торы» әдісі бойынша оқушылар үлкен шеңберге тұрады. Ойынды мұғалім бастайды. «Мен ескерткіштің не екенін білемін, ескерткішке гүл шоғын қояды» деп тоқыма жіпті ширатып, қарсы жақтағы оқушыға лақтырады.Ол өз ойын жалғастырып айтады. «Ескерткіш ол тастан жасалады». «Онда ақынның есімі мен туған жылы жазылады». «Оның жанында ақынның өлеңдері оқылады» деп оқушылар бір-біріне жіпті ширата лақтыру арқылы ойларын кеңейтіп айтады. Сынып 4 топқа бөлінеді.
| ӨД = өзге дерек көздері МЖ = Мұғалім жасаған Слайд | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 5 минут
5 минут 5 минут 20 минут
| С. Тыңдалым алды тапсырмасы. Интербелсенді тақтадан кесте көрсетіліп, оқушылар жауабын белгілейді. Дәл тапқан оқушылар жұлдызшамен мадақталады. Кейбір тұсында мұғалім бағыт береді.
Кері байланыс.
Аудио кітаптан А.С.Пушкиннің «Ескерткіш» өлеңі тыңдатылады http://kitap.kz/audiobook/5121-eskertkish/5121-eskertkis1,35 м. Ойқозғау Ортада сұрақ С Өлеңде кімнің бейнесі сипатталып тұр? Неге ақын өзі туралы жазды? Көркем шығармадағы лирикалық кейіпкер (қаһарман) кім? Оқушылар нақты, болмаса жанама жауап береді. Мұғалім түсіндірмесі. Лирикалық шығарма мен лирикалық қаһарман туралы. Әдебиет теориясынан. Лириканың бас қаһарманы - ақынның өзі. Ақын ең алдымен өз жайын, мұңын, арманын, қуаныш сезімін жыр ету арқылы халықтың тағдырын, қайғысын, күйзелісін, қуаныш-шаттығын, тілек-мақсаттарын білдіреді. Нағыз лирикалық туындылар жеке адамның жан дүниесін, толғанысын, тағдырын бейнелеп, сол арқылы бүкіл бір ортаны, қоғамды, заманды сипаттап береді. Лирика көлемі жағынан өте ықшам келеді. Оқиғадан гөрі отты сезім басымдау, күллі сурет сол сезім маңына, бас-аяғы тұжырымды бірер философиялық (пәлсапалық) ой маңына жинақталады. ТЖ Оқушылар ақын өлеңін оқулықтан оқи отырып, «Әдеби шеңбер» әдісімен тапсырма орындайды. 1-оқушы-талқылаушы Өлеңнің тақырыбы мен идеясын табады.Дәлелді ой айтады. 2-оқушы-белгілеуші Өлеңдегі ақын бейнесін анықтайтын тұстарын белгілеп, түсіндіреді. 3-оқушы-байланыстырушы Шығармадағы тұлғаны адамгершілік тұрғыдан талдайды.Оны шынайы өмірді байланыстарды. 4-оқушы-қорытындылаушы 1. Автор өлең арқылы айтайын деген ойын 1 сөйлеммен түйіндейді. 5-оқушы-суреттеуші Өлеңге сай етіп сурет салады. (мультфильм бейнелерін, диаграмма, сызбаларды қолдана алады). (топ ішінде жұмыс жасауға уақыт белгіленеді.) Оқушылар рөлдеріне сай жауаптарын жалпы сыныпқа түсіндіреді. Топтар бір-бірінің жұмысын тексереді, өзара талқылайды. Оқушыларға бағалау критерийлері беріледі.
Топтар бір-бірін бағалайды. |
http://kitap.kz/audiobook/5121-eskertkish/5121-eskertkish https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9B%D0%B8%D1%80%D0%B8%D0%BA%D0%B0 интербелсенді тақта http://massaget.kz/layfstayl/madeniet/persona/16816/ | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 3 минут | Рефлексия. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. | Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз | Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе? Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме? Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма? Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар? | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру