А.С.Пушкин «Ескерткіш». Қазақ әдебиеті, 7 сынып, сабақ жоспары.
САБАҚ: | Мектеп: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 7Т1 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бөлім тақырыбы | А.С.Пушкин «Ескерткіш» | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың түрі | Шығарманы сыни талдау, шолу жазу | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 7.А/И3.Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ) қолданысын талдау 7.Б/С4.Әдеби шығарманың эстетикалық құндылығы туралы шағын сыни шолу жазу. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаттары | Барлық оқушылар: Шығармадағы көркемдегіш құралдарды табады. Көптеген оқушылар: Көркемдегіш құралдардың біразын талдайды. Кейбір оқушылар: Әдеби шығарманың эстетикалық құндылығы шағын сыни шолу жазады. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Шығармадағы көркемдегіш құралдардың қолданысын талдайды. Эстетикалық құндылығы туралы шағын сыни шолу жазады. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пән лексикасы және терминология: асқақ шынар,ел соқпағы,тәккаппар Александр күмбезі, мәңгі тірі, символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: Меніңше бұл туынды..., Мен өз ойымды былай білдірер едім... | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | АКТ, Әдебиет теориясы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Мектеп құндылықтары | Өзін және қоршаған ортаға деген сыйластық; ынтымақтастық; жауапты азаматтық ұстаным; академиялық адалдық; өмір бойы білім алу; ашықтық; | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Поэзиялық шығармадағы автор бейнесін анықтай алды. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспар | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың бастапқы кезеңі 5 минут | Ұйымдастыру жұмысы. Сыныпты оқушыларын қолдарындағы ұсақ құралдары арқылы топқа бөлу. А.Пушкиннің «Ескерткіш» өлеңінің әр жолы қиып беріледі, өлеңді құрастырып оқиды. | ӨД = өзге дерек көздері МЖ = Мұғалім жасаған Слайд | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 5 минут 5 минут 5 минут 10 минут
12 минут
| С. «Ескерткіш» өлеңін оқушылар өз қалауынша мәнерлеп оқиды. (Әуен қосады, дауыс ырғағына салып) Қалыптастырушы бағалау. Бас бармақпен бағалау. Танымдық тапсырма. Мәңгілік ел, Тәуелсіздік, Бәйтерек, саламатты Қазақстан туралы бірнеше суреттер беріледі. Бұлар нені білдіреді? Сұраққа жауап алынған соң «Символ» сөзіне өздігінше жауап айтылады. Мұғалім түсіндірмесі: Символ – көркем бейне мен ұғымның қызметін атқара алады. Алайда символ ұғымнан гөрі астарлы мағынаға бай, ал көркем бейнеден гөрі нақтылы мәнге ие. Құбылтудың бір түрі. Синекдоха (мегзеу)- бүтіннің орнына бөлшекті, жалпының орнына жалқыны немесе керісінше қолдану. Мысалы: Дұғай сәлем жазамын Күйісбайға, Бермек болған айғырдың көзі қайда? (Абай). Қайталаудың түрлері: Анафора- өлең тармақтарында бір сөздің не сөз тіркес- терінің жол басында қайталануы. Эпифора- өлең тармақтарында бір сөздің не сөз тіркес- терінің жол аяғында қайталануы. Жұптық жұмыс. Тапсырма.
Сұрақ тастау
Оқушылар жұппен ақылдаса отырып, ойларын қағазға жазып, ширатып қорапқа салады. Ортадан 2 оқушы шығып оқиды. Дұрыс жауап бармақпен бағаланады.
Жазылым алды тапсырма.
Тапсырма. Ақын қолданған көркемдегіш құралдарды пайдалана отырып, «Ұлылар үндестігі» тақырыбы бойынша шығарманың эстетикалық құндылығын ашып шағын сыни шолу жазады. Көлемі 50 сөз. Сыни шолудың кіріспесіне 2-3 сөйлем. Негізгі бөлімде құндылықтарды ашу үшін көркемдегіш құралдарды пайдаланады.8-10 сөйлем жазады. Қорытындысын 3-4 сөйлеммен түйіндейді. Оқушылар жетістік критерийі бойынша бағаланады.
|
Әдебиет теориясы. «Сөз өнері» З.Қабдолов. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 3 минут | Рефлексия. Мен үшін ең..... Мені қызықтырған ең... Маған ұнамағаны..... | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. | Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз | Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе? Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме? Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма? Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар? | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру