А.С.Пушкин «Ескерткіш». Қазақ әдебиеті, 7 сынып, дидактикалық материал.


Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары

С. «Ескерткіш» өлеңін оқушылар өз қалауынша мәнерлеп оқиды.

(Әуен қосады, дауыс ырғағына салып айтады).

Қалыптастырушы бағалау. Бас бармақпен бағалау.

Жұптық жұмыс. Тапсырма.

  • Оқушыларға өлеңнің алдыңғы 6 жолын беріп, аллитерация, ассонанс туралы ұғымның барын байқау.
  • Өлеңнен символ мен синекдоханы тауып, ақынның сөз қолданысына талдау жасау.
  • Өлең жолдарынан көркемдегіш құралдарды таба отырып, кестені толтыру.

Сұрақ тастау

  • Ақын қайталауды қолдану арқылы нені білдірді? Өлеңге өзгеше түр енді ме?

Оқушылар жұппен ақылдаса отырып, ойларын қағазға жазып, ширатып қорапқа салады. Ортадан 2 оқушы шығып оқиды. Дұрыс жауап бармақпен бағаланады.

Бағалау критерийлері

Дескриптор

Шығармадағы көркемдегіш құралдардың қолданысын талдайды.

Өлеңнен көркемдегіш құралдарды табады.

Көркемдегіш құралдарды ажыратады.

Дәлелді пікір жазады.

Тапсырма.

Ақын қолданған көркемдегіш құралдарды пайдалана отырып, «Ұлылар үндестігі» тақырыбы бойынша шығарманың эстетикалық құндылығын ашып шағын сыни шолу жазады. Көлемі 50 сөз.

Сыни шолудың кіріспесіне 2-3 сөйлем.

Негізгі бөлімде құндылықтарды ашу үшін көркемдегіш құралдарды пайдаланады.8-10 сөйлем жазады.

Қорытындысын 3-4 сөйлеммен түйіндейді.

Оқушылар жетістік критерийі бойынша бағаланады.

Бағалау критерийлері

Дескриптор

Эстетикалық құндылығы туралы шағын сыни шолу жазады.

Эстетикалық құндылығын ашып жазады.

Көркемдегіш құралдарды қолданады.

Ойын түйіндейді.

[attachment=28207:alyptastyrushy-baalau-1.docx]
Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу