А.С. Пушкиннің «Ескерткіш» өлеңі. Ұлылар үндестігі . Қазақ әдебиеті, 7 сынып, дидактикалық материал.


Сабақ жоспары

САБАҚ:

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 7

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

А.С. Пушкиннің «Ескерткіш» өлеңі. Ұлылар үндестігі

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

7.Б/С4.Әдеби шығарманың эстетикалық құндылығы туралы шағын сыни шолу жазу

Сабақтың мақсаттары

«Ұлылар үндестігі» тақырыбы бойынша сыни шолу жазу

Бағалау критерийлері

Шығармалардың ұқсастықтары мен ерекшеліктерін таба алады

Тілдік мақсаттар

Диалог пен жазылым үшін қажетті сөздер мен сөз тіркестері:

ақын, тарихи кезең, лирикалық өлең, өзіндік ерекшеліктері;

әдебиетте ізін қалдырған, үндестігін байқаймыз, автордың негізгі идеясы ... , т.б.

Осыған дейінгі меңгерілген білім

А.С Пушкиннің «Ескерткіш» өлеңіндегі көркемдегіш құралдардың қолданысын талдау.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

1 минут

3 минут

6 минут

Ұйымдастыру

Оқушылармен амандасу, сыныпты түгелдеу.

Өткен сабаққа шолу жасау.

Блиц-сұрақтар:

1. Ақын қандай ескерткіш туралы айтады?

2. Өлең неліктен «Ескерткіш» деп аталған?

3. Өлеңдегі басты идея қандай?

4. Ақынның болашаққа деген сенімі қай жолдарда берілген?

5. Ақын ескерткішінің Александр мұнарасынан да биік болу себебі неде?

6. Келер заманда тіл біткеннің ақынды құрметтейтініне неліктен сенімі мол?

Қызығушылықты ояту

Өз өмірін өлеңмен өрген, адалдық пен ақындықты тұмар еткен қазақтың өр талантты ақыны Қ. Аманжоловтың «Өзім туралы» өлеңіне жазылған әнді тыңдату.

Оқушылардан өлеңнің не туралы екенін сұрау. Ақынның ойы туралы талқылау. А.С.Пушкиннің «Ескерткіш» өлеңімен қандай байланыс байқағандарын сұрау.

Сабақта қамтылатын оқу мақсаты мен бағалау критерийлері талқыланады.

МН

Сырым Аманжан - "Өзім туралы" (Қасым Аманжолов)

https://www.youtube.com/watch?v=4kjRt7YtG1g

Сабақтың ортасы

20 минут

10 минут

Мағынаны тану

7. Б/С4.Әдеби шығарманың эстетикалық құндылығы туралы шағын сыни шолу жазу

1 тапсырма. «Ұлылар үндестігі» тақырыбы бойынша төмендегі екі шығарманың эстетикалық құндылықтарын ашып сыни шолу жазыңыз.

Ескерткіш (А.С. Пушкин)

Ескерткіш орнаттым мен қолдан келмес,

Ел ізі оған салған суи білмес.

Асқақтап Александр мұнарасынан

Жоғары оқшау шығып тұр ол дербес.

Жоқ, өлмен, жаным жасар өлеңімде,

Шірімей, жасаңғырар денем мүлде.

Бар болса жалғыз ақын ай астында,

Ардақтап қасиеттер мені әр күнде.

Дабысым ұлы Россияға кетер жалпақ,

Тіл біткен жүрер менің атымды атап.

Славян елдерінің пәк ұрпағы,

Қазіргі тағы тұңғыс, қырда қалмақ.

Халқыма сүйікті ұзақ болар жерім –

Туғыздым өлеңіммен мейірлерін.

Жыр етіп тар заманда еркіндікті,

Мархабат пақырларға тілегемін.

Өзім туралы (Қ.Аманжолов)

Өзге емес, өзім айтам өз жайымда,

Жүрегім жалын аткан сөз дайында.

Тереңде тұнып жатқан дауыл күйді

Тербетіп, тулатып бір қозғайын да…

Өкінбен мен де бір күн өлемін деп,

Өкінем ұқсата алмай келемін деп.

Күніне жүз ойланып, мың толғанам,

Өзіммен бірге өлмесін өлеңім деп.

Сөзім – жыр, лебізім – күй, ерке едім,

Өз жерім, өз елімде еркеледім.

Өмірдің алтын сарай аспанына

Қиялым қақты қанат ерте менің.

Қасыммын, сол баяғы бір қасыммын,

Бақытын ойламаймын құр басымның.

Тымырсық түнек болсаң – дұшпаныңмын,

Ақ көңіл адал болсаң – сырласыңмын.

Бағалау критерийлері:

Оқу мақсаты

7. Б/С4.Әдеби шығарманың эстетикалық құндылығы туралы шағын сыни шолу жазу

Тапсырма

«Ұлылар үндестігі» тақырыбы бойынша төмендегі екі шығарманың эстетикалық құндылықтарын ашып сыни шолу жазыңыз.

Бағалау критерийі

- шығармалардың эстетикалық құндылығын түсініп, шағын сыни шолу жазады.

Дескриптор

- шығарма мазмұнан түсінеді;

- шығармадағы құндылықтарды сараптайды;

- шығарма бойынша шолу жазады;

- шығарма бойынша сыни шолу жазады.

Бағалау

Өз қалаулары бойынша оқушылар «Автор орындағына» отырып, жұмыстарымен сыныпты таныстырады. Тыңдаушылар комментарийлер беру арқылы баға береді.

Сабақтың соңы

5 минут

Сабақтың соңында оқушылар сабақты қаншалықты меңгергендігіне рефлексия жасайды.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны ментальды (концептуалды) карта жасауда оқушыларға қолдау көрсетіп, бағыт беру арқылы жүзеге асырамын.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін

Әр оқушының дәптеріне бүгінгі жасаған жұмысы бойынша смайлик салып, не нәрсеге көңіл аудару керек екенін жазамын

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға келесі мүмкіндіктер болды: оқушы өзі ойланып, идея ұсынады, алған ақпараты бойынша өмірлік жағдаяттармен байланыстырып қорытынды жасады

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

[attachment=28200:4_7_aza-debieti_eskertkish_3saba_mzh.docx]
Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу