1.Қазақ тілі_3-сынып_1-бөлім Жанды табиғат_№16 сабақ Өткенді пысықтау БЖБ_ҚМЖ_КК
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Қазақ тілі Бөлім: Жанды табиғат | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: Каирова К | ||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы: | Өткенді пысықтау. «Жанды табиғат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау. (БЖБ) | ||||||||||||||||||||
Күні: | |||||||||||||||||||||
Сынып: 3 | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 3.1.2.1* мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер, фото, диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау; 3.3.1.1 жоспар/сызбаны қолдана отырып, тірек сөздер арқылы әңгімелеу мәтінін, салыстыра сипаттау мәтінін; көмекші сөздер арқылы пайымдау мәтінін құрастырып жазу 3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету | ||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары |
| ||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||||||||||||||||
Сөздік қор | Пәндік терминология мен тірек сөздер Мәтін түрлері, тақырыбы, құрылымы, сипаттау. Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл: Талқылау үшін сұрақтар: - Екеуінің қандай айырмашылығын байқадың? | ||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Мейірімділік, қамқорлық жасауға баулу. | ||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Жаратылыстану | ||||||||||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Мәтін, мәтін және оның түрлерінің сипаттамасын, құрылымдық ерекшеліктерін ажырата біледі. Қаратпа сөздер және олардың емлесі туралы біледі. | ||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарлан ған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||||||
Сабақтың басы 5 мин 5 минут | І. Ұйымдастыру кезеңі. Өтілген материалды қайталау. «Кіру билеті» әдісі. (Оқушыларға сұрақтар таратылып беріледі. Оқушылар мұғалімге жеке сыбырлап жауабын айтады.) - Мәтін түрлерін ата. - Мәтін қандай құрылымдық бөліктерден тұрады? - Мәтіннің тақырыбы деген не? - Мәтіндегі негізгі ой дегенді қалай түсінесің? - Абзац деген не? - Әңгімелеу мәтінінің қандай ерекшеліктері бар? - Сипаттау мәтінінің қандай ерекшеліктері бар? - Пайымдау мәтінінің қандай ерекшеліктері бар? - Әңгімелеу мәтінінің неліктен тірек сөздері әдетте етістіктен болады? - Сипаттау мәтінінің неліктен тірек сөздері сын есімнен болады? - Пайымдау мәтінінің неліктен көмекші сөздер арқылы ажыратуға болады? - Қаратпа сөз қандай мақсатта қолданылады? - Қыстырма сөз қандай мақсатта қолданылады? - 5 қыстырма сөз ата. - 5 қаратпа сөз ата. ( Ж, қ) «Ішкі және сыртқы шеңбер» әдісі. Оқушылар өздеріне түскен сұрақтарын бір-біріне қойып, жауап беруі. - Неліктен бұл тақырыптарды қайталадық деп ойлайсыңдар? - Бұл білім бізге қандай жағдайларда өмірде қолдануға қажет болады? Сабақ мақсатын хабарлау, бағалау критерийлерін таныстыру. | 2-слайд 3-слайд | |||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 20 минут 5 минут | (Ө)1-тапсырма. 3.1.2.1. Мәтіннің тақырыбы мен берілген сурет бойынша мәтіннің мазмұнын болжау. - «Қамқорлық» тақырыбында берілген суретке назар аудар. Осыдан кейін оқиға қалай жалғасуы мүмкін? Ойыңды жаз. 1. ... 2. ... (Ө) 2-тапсырма. 3.3.1.1. Әр суретке тақырыбын сәйкестендіріп, жоспарды қалпына келтір.
(Ө) 3-тапсырма. 3.3.1.1. Құрастырған жоспар бойынша тірек сөздерді қолданып, шағын әңгімелеу мәтінін құрап жаз. Мәтін құрылымын сақта. Тірек сөздер: жауды, көрді, соңынан ерді, берді, шешім тапты. Саралау: мәтін құрылымы сызбасын ұсыну. (Ө) Жазылымнан кейінгі тапсырма. - Жазған жұмысыңды оқып, тексер. - Сөйлемдер түсінікті құрастырылған ба? - Оқиға реті сақталған ба? - Сөйлемнің емлесі сақталған ба? - Абзац дұрыс сақталған ба? - Көркем жазу талаптары орындалған ба? (Ұ,МК) Ой талқылау. - Кейіпкердің іс-әрекетін қалай бағалайсың? - Кейіпкердің қандай қасиеттерін байқадың? - Кейіпкердің орнында болсаң, не істер едің? | ||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Рефлексия
Үй тапсырмасы: Кейіпкерге сипаттама жазу. | үлестірме қағаздар | |||||||||||||||||||
Саралау– оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||||||
Ресурс арқылы саралау, мәтін құрылымының шаблоны беріледі. | Қалыптастырушы бағалау дескрипторына сәйкес жүреді. | Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау. | |||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | |||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру