2 .Қазақ тілі_3-сынып_1-бөлім Жанды табиғат_Өткенді пысықтау. БЖБ_Презентация КК
«Қазақ тілі» пәні
3-сынып
1-бөлім
Жанды табиғат
Сабақ тақырыбы: Өткенді пысықтау. «Жанды табиғат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау. (БЖБ)
(«Қазақ тілі» оқу жоспары 3-сынып. «НЗМ» ДББҰ, 2018 ж.)
Құрастырған: Каирова К.У.
Кіру билеті
- Мәтін түрлерін ата.
- Мәтін қандай құрылымдық бөліктерден тұрады?
- Мәтіннің тақырыбы деген не?
- Мәтіндегі негізгі ой дегенді қалай түсінесің?
- Абзац деген не?
- Әңгімелеу мәтінінің қандай ерекшеліктері бар?
- Сипаттау мәтінінің қандай ерекшеліктері бар?
- Пайымдау мәтінінің қандай ерекшеліктері бар?
- Әңгімелеу мәтінінің неліктен тірек сөздері әдетте етістіктен болады?
- Сипаттау мәтінінің неліктен тірек сөздері сын есімнен болады?
- Пайымдау мәтінінің неліктен көмекші сөздер арқылы ажыратуға болады?
- Қаратпа сөз қандай мақсатта қолданылады?
- Қыстырма сөз қандай мақсатта қолданылады?
- 5 қыстырма сөз ата.
- 5 қаратпа сөз ата.
Өзара сұрақтарын қою, жауабын бағалау.
- Неліктен бұл тақырыптарды қайталадық деп ойлайсыңдар?
- Бұл білім бізге қандай жағдайларда өмірде қолдануға қажет болады?
«Ішкі және сыртқы шеңбер»
3.1.2.1* мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер, фото, диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау;
3.3.1.1 Жоспар/сызбаны қолдана отырып, тірек сөздер арқылы әңгімелеу мәтінін, салыстыра сипаттау мәтінін; көмекші сөздер арқылы пайымдау мәтінін құрастырып жазу;
3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету.
Оқу мақсаттары
1-тапсырма. Мәтіннің тақырыбы мен берілген сурет бойынша мәтіннің мазмұнын болжау
Қамқорлық
Осыдан кейін оқиға қалай жалғасуы мүмкін? Кемінде 3 сөйлем жаз.
1. ...
2. ...
3. ...
2-тапсырма. Әр суретке тақырыбын сәйкестендіріп, жоспарды қалпына келтір.
Тірек сөздер: жауды, көрді, соңынан ерді, берді, шешім тапты.
3-тапсырма. Жоспар бойынша тірек сөздерді қолданып, шағын әңгімелеу мәтінін құрап жаз
Жазған жұмысыңды оқып, тексер.
Сөйлемдер түсінікті құрастырылған ба?
Оқиға реті сақталған ба?
Сөйлемнің емлесі сақталған ба?
Абзац дұрыс сақталған ба?
Көркем жазу талаптары орындалған ба?
Өзін-өзі тексеру
Өзіндік бағалау
Үйге тапсырма: Кейіпкерге сипаттама жазу.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру