Қазақ тілі_3-сынып_1-бөлім_Жанды табиғат__Сипаттау мәтінін құрастырайық_ҚМЖ
Қысқа мерзімді жоспар
Пән Қазақ тілі Бөлімі Жанды табиғат Тақырыбы Сипаттау мәтінін құрастырайық | Мектеп: | ||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||||||
Сынып: 3 | Қатысқандар саны: | Қатыспаған оқушылар: | |||||||||||||||
Оқу мақсаты: | 3.3.1.1 жоспар/сызба бойынша әңгімелеу мәтінін, салыстыра сипаттау және пайымдау мәтінін түрлі көмекші сөздер арқылы құрастырып жазу; 3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету; 3.3.7.1 қаратпа, қыстырма сөздерді ажырату және тыныс белгілерін дұрыс қою. | ||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты: |
| ||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | -Тірек сөздер арқылы сипаттау мәтінін құрап жазады; -Қаратпа сөздерді ажыратады; -Қаратпа сөздердің тыныс белгілерін қояды; -Жазу барысында каллиграфиялық нормаларды сақтайды. | ||||||||||||||||
Тірек сөздер | Пәндік терминология мен тірек сөздер Әңгімелеу мәтіні, мәтіннің құрылымдық бөліктері,қаратпа сөз, тыныс белгісі. Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл: Талқылау үшін сұрақтар: Сипаттау мәтіні деген не? Бұл үңгірде қандай жануар тұрады? | ||||||||||||||||
Құндылықтар | Жануарларға қамқор болуға, еңбексүйгіштікке үйрету. | ||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Дүниетану, жаратылыстану,әдебиеттік оқу, көркем еңбек | ||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | |||||||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Мәтін. Мәтін түрлері.Қаратпа сөз. | ||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||
Жоспарланған уақыт | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||
Сабақтың басы 3 минут | (Ұ) Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Мұғалім сөйлемнің басын бастайды да, допты лақтырады, допты алған оқушы айтылған ойды аяқтайды. Егер оқушы жауап бере алмаса, келесі оқушыға жалғастырады. Лимон қышқыл,ал қант.... Адам екі аяқты, ал құмырсқа ..... Ит үреді, ал мысық... Адамдар үйле тұрады, құстар... Қыста қар жауады, жазда..... Жүннен тоқиды, ал матадан .... Футболшы доп тебеді, ал домбырашы .....Сен аузыңмен ас ішесің, ал құс... Құс ұшады, ал жылан.....Ресейде орысша сөйлейді, ал біздің елімізде ..... Ағаш биік өседі, гүл... Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттары таныстырылады. Оқушыларға бағалау критерийі айтылады. | Кішкентай доп | |||||||||||||||
Сабақтың ортасы 32 минут 10 минут 10 минут
12 минут | (Ө) 3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету Бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтай отырып, сабақ тақырыбына байланысты шығармашылық диктант жүргізіледі. «Жүгіртпе диктант» әдісі арқылы жүргізіледі. Көп нүктенің орынына тиісті сын есімдерді қоя отырып, мәтінді дәптерлеріне көшіріп жазады. Тапсырма тақтадан көрсетіледі. Оқушылар өз бетінше орындайды. Дескриптор: -бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап жазады; - әріптерді көлбеу салады, үзбей жазады - мәтінді қатесіз, сауатты көшіреді. (Ө)3.3.7.1 қаратпа, қыстырма сөздерді ажырату және тыныс белгілерін дұрыс қою. Оқушыларға тест беріледі. Белгіленген уақыт ішінде сұрақтарға жауап береді.Тест жауабы тақтадан көрсетіледі. Қаратпа сөзді тап. A) Мәди, екеуіміз кітапханаға барайық. B) Мәди екеуі кітапханаға барды. C) Мәди екеуіміз кітапханаға бардық. 2.Сөйлемдегі қаратпа сөзді анықта. Әділет, сен ауылға барасың ба? А) сен В) Әділет С) барасың ба. 3.Қаратпа сөздің анықтамасын көрсет. А) Аяқталмаған ойды білдіретін сөздер. В) Айтушының көңіл-күйін білдіретін сөздер. С)Біреудің назарын өзіне өзіне аудару үшін айтылатын сөздер. 4.Қаратпа сөзі бар сөйлемді анықта. А) Бауырсақ, бауырсақ, мен сені жеймін! В) Ауылдың табиғаты қандай керемет! С) Сен өзенге барасың ба? 5.Қаратпа сөз сөйлемнің ... A) тек басында тұрады. B) тек ортасында тұрады. C) басында, ортасында және соңында тұрады.6.Сөйлемнің ортасындағы қаратпа сөзді анықта. A) Келіңдер қыздар жазайық! B) Балалар үлкендерді сыйлаңдар! C) Шыңғыс қаламыңды бере тұршы! 7.Сөйлемнің соңындағы қаратпа сөзді анықта. A) Аманбысыз ата! B) Ботам ұйқың қанды ма? C) Кел Сәкен төрге шық! 8.Қаратпа сөз бар сөйлемде қойылатын тыныс белгісін анықта. A) Нүкте. B) Үтір. C) Сұрау белгісі. Дескриптор - қаратпа сөздерді ажыратады; -сөйлемдегі қаратпа сөздердің тыныс белгілерін анықтайды. (Ж) 3.3.1.1 жоспар/сызба бойынша әңгімелеу мәтінін, салыстыра сипаттау және пайымдау мәтінін түрлі көмекші сөздер арқылы құрастырып жазу; - Сипаттау мәтінінің әңгімелеу мәтінінен ерекшелігі неде? Оқушыларға өткен сабақтағы суретті сызбаны еске түсіреді. Мүғалім «Бұл үңгірде қандай жануар тұрады?» тақырыбында сипаттау мәтінін жазуды тапсырады. Оқушылар бұл үңгірде қандай жануар тұратынын елестете отырып, суретті сызба бойынша сипаттап жазады. Ол жануарды ешкім көрмеген және естімеген болуы тиіс, яғни қиялдап жазады. Тапсырма жұптасып орындалады. Белгіленген уақыттан соң топ біріге отырып, өз жұмыстарын қорғайды. Дескриптор -үлгі негізінде сызбаны қолдана отырып сипаттау мәтінін құрап жазады; - сөйлемдегі сөздерді сауатты жазады; | Қосымша №1 Слайд Слайд http://db4sgowjqfwig.cloudfront.net/campaigns/126431/assets/537171/outside_the_cave__by_eren_akinci-d68zmsg.jpg?145042048 | |||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Рефлексия. Сабақты қорытындылау. «Менің білетінім,...» «Бүгін білдім, ....» «Есімде сақтаймын, ...» оқушылардан кері байланыс алынады. | ||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||
Қабілеті жоғары оқушылар тестің жауабын тексеріп шықты. Сипаттау мәтінін құрастыруда көмекті қажет ететін оқушыларға мұғалім жетелеу сұрақтары арқылы жазуға жәрдем береді. | Оқу мақсаты бойынша алған білімді қорытынды бағалау жүргізілді. Ұғыну кезеңінде оқушылар объектілерді білу, түсіну, қолдану дағдысын бағалау мүмкіндігін беретін критерийлер бойынша бағаланады. Сабақта жеткен жетістіктеріне ой қорытады. | Жануарлардан сақтанудың қауіпсіздігі ескертілді. Жазу кезіндегі қауіпсіздік ережесі айтылады. |
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру