Бүкіл әлемдік тартылыс заңы. Физика, 9 сынып, дидактикалық материал.


9.2.2.9 - ауырлық күшін дене массасына гравитациялық өрістің әсері ретінде түсіну;

9.2.2.7 - Жер бетіне жақын арақашықтарда гравитациялық өрістің тұрақтысы тұрақты шама екендігін және ол еркін түсу үдеуі деп аталатындығын түсіну

9.2.2.5 - бүкіләлемдік тартылыс заңын білу және пайдалану;

1.Жұпта талқылау сұрақтары

  • Неліктен денелер құлайды?
  • Егер ғарышта ауа жоқ болса, онда гравитация бар ма?
  • Ауырлық күші, салмақ және дененің массасы арасындағы айырмашылық қандай?
  • Неліктен Сіздің салмағыңыз Айда аз болады?
  • Неліктен әр түрлі планетада денелер әртүрлі еркін түсуіне ие ?

2. Гравитациялық өріс, тартылыс өрісі – кез келген физикалық объектінің айналасында болатын физикалық өріс. Денелер гравитациялық өріс арқылы өзара әсерлеседі.

  • сызықтардағы бағыт гравитациялық өрісте орналасқан массаға әсер ететін күшті гравитациялық күшті көрсетеді.
  • Өрістің күш сызықтары арасындағы қашықтық гравитациялық өрістің әсерін көрсетеді.күш сызықтар алыс болған сайын өріс әсері соғұрлым аз.
  • Жер бетінен үлкен емес қашықтықтарда гравитациялық өріс біртекті

3.Гравитациялық өріс кернеулігі

Гравитациялық өрістің кернеулігіөрістің көрсетілген нүктесінде орналасқан материалды нүктеге әсер ететін гравитациялық өріс күшінің осы нүкте массасының мөлшеріне қатынасы

Жер бетіне жақын ара қашықтарда гравитациялық өрістің тұрақтысы тұрақты шама және ол еркін түсу үдеуі деп аталады.

4.Бүкіл әлемдік тартылыс заңы https://www.youtube.com/watch?v=w311PjX_rWw&t=301s

Ғалымдар

Бүкіл әлемдік тартылыс заңын ашудағы үлесі

1

Николай Коперник

Гелиоцентрлік жүйені енгізді

2

Уильям Гильберт

Күш өрісі, Планеталардың магниттік күштер байланыстырып тұр

3

Иоганн Кеплер

Планеталардың қозғалысы туралы 3 заңы,

4

Галилео Галилей

Денелердің еркін құлауы

5.

Роберт Гук

Планеталардың тартылыс, қозғалыс траекториясын, тартылыс күші тартылыс центріне жақын болған сайын жоғары деген үш болжам жасады.

6

Эдмуд Галлей

Тартылыс күші ара қашықтықтың квадратына кері пропорциональ

7

Исаак Ньютон

Екі дененің тартылыс күшін тұжырымдады

8

Генри Кавендиш

Гравитациялық тұрақтының мәнін тәжірибе жүзінде анықтады

Заңның тұжырымдамасы:

Гравитациялық тұрақты мәні:

4.Жер бетіндегі еркін түсу үдеуі

5.Жерден һ биіктікте еркін түсу үдеуі

6.Әртүрлі георгафиялық ендікте еркін түсу үдеуі әртүрлі себебі..........................

Полюста Экваторда георгафиялық ендікте

9.1.1.2 - SI негізгі өлшем бірліктерін пайдалана отырып, физикалық теңдеулерді тексере білу;

9.2.2.5 - бүкіләлемдік тартылыс заңын білу және пайдалану;

1.а)Бүкіл әлемдік тартылыс күшінің өрнегін пайдаланып екі дене арасындағы қашықтықты есептейтін формуланы тап

b)Алынған өрнектен ХБЖ өлшем бірлігін пайдалана отырып тексер.

с)Егер денелердің бірінің массасы төрт есе, екіншісінің массасы екі есе артса, екі дененің арақашықтығы екі есе кемісе тартылыс күші қалай өзгеретінін анықта.

d)Шарлардың бірінің массасы 200 кг ал екіншісінің массасы 500кг.Олар бір-біріне тығыз жабысып тұр.Шар радиустары 50см болса тартылыс күші қаншаға тең екенін есепте.

e)Ай жерге үлкен күшпен тартыла ма, әлде Жер Айға үлкен күшпен тартыла ма? Жауаптарыңды негізде.

9.2.2.6 - бүкіләлемдік тартылыс заңынан гравитациялық өрістің кернеулігінің g=GM/r2 формуласын шығару және оны есептерді шығару кезінде пайдалану;

1.а)Ай массасы 7,3кг , радиусы 1700км болса, ондғы еркін түсу үдеуін есепте.

b)Ай радиусындай биіктікте оның еркін түсу үдеуі қаншаға өзгеретінін анықта.

2.Егер күннің массасы 2кг, ал оның маңындағы еркін түсу үдеуі 1508 м/с2шамасындай болса, онда Күннің орташа тығыздығын есепте.

3.Шолпан планетасының орташа тығыздығы 5200кг/м3. Радиусы 6100км.Оның бетіндегі еркін түсу үдеуін анықта.

9.1.1.12 - y=kx+b түріндегі тәуелділіктерді талдай білу;

Төмендегі оқушының гравитациялық тұрақтысы анықтау бойынша жүргізген экспериментінің нәтижесі берілген. Денелердің массалары тұрақты сәйкесінше 50 кг және 200 кг.

F/H*10-9

R/м*10-2

R/м2

1

6,7

10

2

8,1

9

3

10,5

8

4

13,7

7

5

18,5

6

6

26,5

5

7

41,2

4

8

70,7

3

9

160

2

10

453

1

а) алынған мәліметтерге сүйеніп ара қашықтықтың кемуімен күш қалай өзгергенін түсіндір.

d)Төмендегі графикке күштің арақашықтықтың квардратынан туелділік графигін салып, қандай тәуелділік щыққанын сипатта.

9.2.2.8 - бүкіләлемдік тартылыс және Ньютонның екінші заңынан дөңгелек орбиталарды және ғарыштық жылдамдықтарды есептей алу (осы кезеңде бағаламауға ұсынылады);

https://www.youtube.com/watch?v=tnZeUlZ2kzg

1.Жердің Күнді айналу орбитасы 1,5*10 11кг, Күн массасы 2кг онда Жердің орбита бойымен қозғалысының орташа жылдамдығын есепте.

9.2.2.11 - Жер серігінің қозғалысын сипаттау;

9.2.2.12 - геостационарлы орбиталарды және геостационар спутниктердің пайдаланылу аясын түсіндіру

https://www.youtube.com/watch?v=tnZeUlZ2kzg

Жердің жасанды серіктері не үшін қолданылатын түсіндір

Геостационар орбита дегеніміз....

Геостационар серіктердің ерекшеліктері....

Жасанды Жер серіктері не себепті жер бетіне құламайды

Жер атмосферасы әсер етпейтін ең аз биіктік

Бірінші ғарыштық жылдамдықтың физикалық мағынасын түсіндір

Жасанды Жер серігі Жер экваторының жазықтығында айнал отырып, Жер шарының үстіндегі бір нүктеден ауытқымайды (геостационарлық жасанды Жер серігі).Ол Жер бетінен қандай қашықтықта тұрғанын есепте. Жер радиусы 6370км, g=9.8 м/с2.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу