Бүкіл әлемдік тартылыс күші. Физика, 9 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ тақырыбы: Бүкіл әлемдік тартылыс күші. The law of the world. | Мектеп: НЗМ Көкшетау қ. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Уақыты:.../.../2018 ж. | Мұғалім: Қабылов М.Б. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 9 «а» | Оқушылар саны: Қатыспағандар: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Белгілі бір оқыту мақсаты: Осы сабақтың сол мақсатқа қол жеткізуде тигізетін үлесі | 9.2.2.9 - ауырлық күшін дене массасына гравитациялық өрістің әсері ретінде түсіну; 9.2.2.7 - Жер бетіне жақын арақашықтарда гравитациялық өрістің тұрақтысы тұрақты шама екендігін және ол еркін түсу үдеуі деп аталатындығын түсіну; 9.2.2.5 - бүкіләлемдік тартылыс заңын білу және пайдалану; Таным объектісін талдай алу машығын дамыту,заңдылықты талдай,саралай білу; | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаты | Барлық оқушылар: бүкіл әлемдік тартылыс заңының тұжырымдамасын жасайды; заңды өмірмен байланыстыра алады; өз түсінігімен заңдылықтың қолдану аясын мысалдар келтіру арқылы түсінік бере алады; есеп шартын талдау, шығару жоспарын құру және оның тапсырмаға сай жауабын алады. Жартысын көп оқушылар: берілген оқу мақсатына (анимацияға,тапсырмаға т.б.)сәйкес математикалық өрнегін қорытып шығарады. Кейбір оқушылар: Заңның қолдану аясын анықтап, оны өмірдегі маңыздылығын сипаттайды. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жетістік критерийлері |
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік міндеттер | Пәндік сөздік қор/Пәндік лексика мен терминология:
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Жұптық жұмыс барысында бір-бірін тыңдай білу. Әрбір оқушының өз ойын жеткізуінің маңыздылығын түсіну. Әрбір тұжырымның маңызды екендігін білу. Адалдыққа үйрету.Жолдастық көмектің маңыздылығын айыра білу. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Әлем азаматы | Ньютонның жаратылыстану ғылымдарын дамытудағы ролі, механика заңдарын білудің маңыздылығын түсіну. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Математика, геометрия (векторларды қосу, проекция алу) | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Гравитациялық өрісті модельдеу: https://phet.colorado.edu/en/simulation/gravity-force-lab қосымша: hhttps://bilimland.kz/ru | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Гравитациялық өріс, денелердің жерге тартылуы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспар | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Уақытты жоспарлау | Жоспар бойынша орындалуы тиіс тапсырмалар | Дерек көздері | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Басы 0-2 мин | Сабақты ұйымдастыру | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
3-5 мин | Сұрақ жауап білімдерін тексеру
Бұл сұрақтарды жалпы сыныпқа арнап қоюға болады немесе жеке топтарға тапсырма ретінде ұсынып өз ой-пікірлерін жеткізуге жағдай жасауға да болады. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
6-20 мин | Жаңа тақырыпты түсіндіру. Проблемалық жағдай. 1.Адам неге құс сияқты ұшып кетпейді? 2.Неліктен денелер құлағанда жерге түседі? 3.Бір бірімізбен сөйлесіп тұрғанда арамыздағы тартылысты неге сезбейміз? I.Ғалымдардың күн жүйесіндегі денелердің өзара әсерлесуі бойынша жұпта жұмыс жасап ғалымдардың көзқарастарын және негізгі идеяларын анықтауды ұсыну(топқа бөлу арқылы) 1-топ Роберт Гук;Г.Галилей 2-топ И.Кеплер;Н.Коперник 3-топ У.Гильберт;И.Ньютон Оқушылар топ-тобымен ұсынылған таблицаға сай өз мәліметтерін тұжырымдап анықтама беріп,таблицаны толтырады. Оқушылар топ ішіндегі жұмыстарын басқа топтармен бөліседі.
Мұғалімнің іс-әрекеті: Кеңес беру, бағыттау,оқушыларға сұрақтар қою. Денелердің ерекше бір механикалық қасиеті олардың өте алыс қашықтықтан бірін - бірі тартатын қабілеті жатады. Шексіз әлем кеңестігінде, Жерде де, кез - келген денелердің арасында әрекет ететін өзара тартылыс күшін бүкіләлемдік тартылыс күші немесе гравитациялық күштер деп атайды. Бұл әлемде билігін жүргізетін әмбебап күш. Заңды И. Ньютон 1667 жылы ашты.. 1665 жылы 23-жасында Ньютон Айды орбитада ұстап тұратын күш Жерге алманың құлауына септігін тигізетін күш табиғатына ұқсас екендігін болжап айтты. Оның болжамы бойынша Әлемдегі барлық денелер арасында массалар центрін жалғастыратын түзу бойымен тартылыс (гравитациялық күштер) күштері әсер етеді . Ньютон онан кейінгі жылдары астроном И. Кеплердің XVII ғасыр басында ашқан ғаламшарлардың қозғалыс заңдылығының физикалық түсіндірмесін табуға тырысты және гравитациялық күштердің сан мәні қанша болатынын есептеді.Ғаламшарлардың қалай қозғалатынын біле отырып Ньютон оларға қандай күштер әсер ететіндігін анықтағысы келді. Бұл әдіс механиканың кері есебі деп аталады. Механиканың негізгі есебі бойынша массасы мен жылдамдығы белгілі денеге әсер ететін күштің салдарынан кез келген уақыт мезетіндегі дененің орнын анықтау болса ,механиканың кері есебінде дененің қалай қозғалатындығына қарай оған әсер ететін күштерді анықтау болып табылады.Осы есепті шешу арқылы Ньютон бүкіл әлемдік тартылыс заңын ашты. Барлық денелер бір-біріне өздерінің массаларының көбейтіндісіне тура пропорционал және арақашықтығының квадратына кері пропорционал күшпен тартылады:
Пропорционалдық коэфициент G-табиғаттағы барлық денелер үшін бірдей және оны бүкіл әлемдік тартылыс тұрақтысы немесе гравитациялық тұрақты деп атайды. • G = 6,67·10 -11 Н·м2/кг2(ХБЖ-да) !!! Барлық денелер – алмалардан ғаламшарларға дейiн, бiртұтас бүкiл әлемдiк тартылыс заңына бағынады. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Ортасы 21-40 мин |
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың екінші жартысында 41-65 | Топтардың атқарған жұмыстарымен кері байланыс ұйымдастыру I.Ғалымдардың күн жүйесіндегі денелердің өзара әсерлесуі бойынша жұпта жұмыс жасап ғалымдардың көзқарастарын және негізгі идеяларын анықтауды ұсыну(топқа бөлу арқылы) 1-топ Роберт Гук;Г.Галилей 2-топ И.Кеплер;Н.Коперник 3-топ У.Гильберт;И.Ньютон II. Гравитациялық өрістегі модельдеу тапсырмасының нәтижесін талдау. Кері байланыс жасап,қортындылау Мен үшін бүгінгі сабақта тиімді болғаны ... себебі ... Мен үшін бүгін қиындық тудырғаны.... сондықтан ... Менің көзқарасымша біз... сәтті жүзеге асыра алдық, себебі ... Сабақтың ... тапсырмасын біз жақсы орындай алдық ... себебі ... Келесі сабақта ... тапсырманы қайта жасар едім, себебі... Бүгінгі сабақтан өзім үшін түйгенім ... | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Аяғы 66-75 76-80 | Сабақты пысықтау/қорытындалу/үшін мына видео роликті көріп талдауды ұсынуға болады https://www.youtube.com/watch?v=w311PjX_rWw Оқушыларды бағлау Үй жұмысын беру Рефлексия | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бөліп оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін сіз не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай күрделі тапсырма бересіз? Есептер қосымша қағазда көрсетілген | Бағалау – оқушылардың білімін қалай тексересіз? Есептер шығару барысында барлық оқушылар бағаланады. Егер оқушылардың әрбір негізгі жаттығуларда ескерілсе, жұмыс сапасы мен тақырыпты түсінуі бағалануы мүмкін. Қосымша оқушыларды тілдік білімдерін Mr. Ericson тексереді өз ойымен бөліседі. | Пәнаралық байланыс Математика пәнімен тығыз байланыста болғаның оқушыларға түсіндіру. Қауіпсіздік ережелері Дербес компьютерлерді қолдану барысында қауіпсіздік ережелерінің сақталуының оқушыларға түсіндіру және қадағалау. АКТ құндылықтары Есептеу барысында оқушылар өз жауаптарын тексеру үшін дербес компьютерлерді қолданады. НЗМ құндылықтары Қауіпті жабдықпен жұмыс жауапты қатынастың дамуына себепші болады. Жұппен жұмыс достастыққа әкеледі. Коммуникативтік дағдылар, серіктеспен жұмыс және сұрақтарға жауап бере отырып жұмыс ұсынылады. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Рефлексия Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары шынайы болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? | Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үш пайдаланыңыз. Сабағыңызды қатысты деген сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қорытынды бағлау Ең жақсы өткен екі аспектіні атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты) 1. Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді? (оқытуға және үйренуге қатысты) 1. Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалуға қажет болуы қандай ақпаратты білді |
Әдістемелік бірлестігінің жетекшсі:
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру