Бүкіл әлемдік тартылыс күші. Физика, 9 сынып, презентация.
Бүкіл әлемдік тартылыс заңы
Көкшетау қ.ФМБ НЗМ
Физика пәні мұғалімі:Қабылов М.Б.
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға ауырлық күші, денеге әрекет ететін ауырлық күші мен оның массасы арасындағы қатынас, басқа планеталардағы ауырлық күші туралы түсінік беру.
Мысалдар келтіре отырып, оқушы ойын дамыту, ғылыми ой қорытындыларын жасауға жетелеу.
Еңбекке баулу, жауапкершілігін арттыру, ғылыми дүниетанымын
Проблемалық жағдай.
Бүкіл әлемдік тартылыс заңы.
Заңды И. Ньютон 1667 жылы ашты.. 1665 жылы 23-жасында Ньютон Айды орбитада ұстап тұратын күш Жерге алманың құлауына септігін тигізетін күш табиғатына ұқсас екендігін болжап айтты. Оның болжамы бойынша Әлемдегі барлық денелер арасында массалар центрін жалғастыратын түзу бойымен тартылыс (гравитациялық күштер) күштері әсер етеді.
Денелер арасындағы гравитациялық күштер
Ньютон онан кейінгі жылдары астроном И. Кеплердің XVII ғасыр басында ашқан ғаламшарлардың қозғалыс заңдылығының физикалық түсіндірмесін табуға тырысты және гравитациялық күштердің сан мәні қанша болатынын есептеді. Ғаламшарлардың қалай қозғалатынын біле отырып Ньютон оларға қандай күштер әсер ететіндігін анықтағысы келді. Бұл әдіс механиканың кері есебі деп аталады.
Осы есепті шешу арқылы Ньютон бүкіл әлемдік тартылыс заңын ашты.
Барлық денелер бір-біріне өздерінің массаларының көбейтіндісіне тура пропорционал және арақашықтығының квадратына кері пропорционал күшпен тартылады:
Гравитациялық күш
Әрекеттесуші денелердің массалары
Арақашықтықтың квадраты
Гравитациялық тұрақты
Табиғаттағы көптеген құбылыстар бүкіләлемдік тартылыс күшімен түсіндіріледі.
1.Күн жүйесіндегі ғаламшарлар қозғалысы;
2. Жердің жасанды серігінің қозғалыстары;
3.Баллистикалық зымырандардың ұшу траекториясы;
4. Жерге жақын денелердің қозғалысы;
5.Денелердің жерге құлауы;
6.Тасу және қайту;
7.Сарқырамалар;
8.Қол сөмкесінің ауырлығы;
9.Жер атмосферасының болуы т.б құбылыстар
динамика заңдарымен және бүкіләлемдік тартылыс заңы арқылы түсіндіріледі.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру