Музыка және театр. Музыка, 6 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар:

3 Бөлім: Музыка және өнер түрлері Мектеп:

Мерзімі: Мұғалім:

Сынып 6 Сабаққа қатысқан оқушылар саны:

Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:

Сабақ тақырыбы:

Музыка және театр 2 сабақ

Оқу мақсатына арналған сілтеме

6.1.2.4 – ауызша және жазбаша жұмыстар орындау барысында музыкалық терминологияны пайдалану;

6.1.1.1 – тыңдаған музыкалық шығарманы талдау және өнердің түрлері, стилі және жанрларын, сонымен қатар, өнердің өзге түрлерімен байланысын анықтау;

6.1.2.3 – көркем бейнені құруда музыка және өнердің басқа түрлерінін көркемдеуші құралдарын салыстыру

6.1.3.3 – музыкалық шығармалардың қарапайым үзінділерінің сипатын жеткізу, партия бойынша және (немесе) ансамбльмен аспаптарда орындау;

Сабақ мақсаты

Оқушылар:

  • қарапайым музыкалық үзінділерінің сипатын жеткізу үшін идеялар ұсынады;
  • өз шығармашылық жұмысын жоспарлайды;
  • көркем бейнені жеткізе отырып, ертегіге шағын көрініс құрастырып, көрсетеді.

Бағалау критерийлері

Оқушы:

  • шығармашылық жұмысқа идея ұсынады;
  • топта өз рөлін анықтай отырып, шығармашылық жұмысын жоспарлайды;
  • көркем бейнені жеткізе отырып, ертенің сюжетін ойластырады.

Тілдік мақсат

Оқушылар:

- бейнелеу өнері мен поэзияны, театрлық және кинематографиялық қойылымдарды тілдік терминологияны қолдану арқылы талдау.

Пәндік лексика және терминология

Өнер түрі, театр, спектакль, режиссер, актер, костюмер, көркем жетекші.

Талқылауға арналған сұрақтар:

Режиссер ... ... ... жауап береді

Актер – ... ... ... ойнайды

суретші-көркемдеуші ... ... ... айналысады

дыбыс режиссері ... ... ... көркемдейді.

көстюм тігуші ... ... ... айналысады.

Пәнаралық байланыс

Бейнелеу өнері, әдебиет

АҚТ қолдану

Шығармашылық жұмыс орындауда, музыкамен сүйемелдеу үшін немесе тапсырма бойынша ақпарат іздеуде АКТ дағдыларын дамыта алады.

Алдыңғы білімдері

Берілген сабақта алдыңғы тақырыпты толықтыру болып саналады. Оқушыларда спектакль, театр ұғымдары бойынша алдыңғы білімдері болуы мүмкін.

Құндылық

Театр өнері деген қызығушылығын арттыру. Қазақ мәдениетіне деген сыйластық сезімін дарыту.

Жоспар

Жоспраланған сабақ барысы

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақ басы

3 мин.

5 мин.

Ұйымдастыру бөлімі. Сабақтың тақыры мен мақсатын анықтау. Алдыңғы сабақтағы ұғымдарды қайталау.

Тапсырма. Топта талқылау.

Сыныпты топтарға бөлу.

1 топ - актер деген кім?

2 топ –режиссер немен айналысады?

3 топ - дыбыс режиссері қандай рөл атқарады?

4 топ - костюм тігушінің атқаратын рөлі?

5 топ - суретші-көркемдеушілер немен айналысады?

Жауапқа келесі сөз тіркестерін пайдаланыңыздар:

Режиссер ... ... ... жауап береді;

Актер – ... ... ... ойнайды;

суретші-көркемдеуші ... ... ... айналысады;

дыбыс режиссері ... ... ... көркемдейді;

костюм тігуші ... ... ... айналысады.

Сабаққа арналған презентация

карточкалар

Сабақ ортасы

5 мин.

10 мин.

5 мин.

5 мин.

5 мин.

Тапсырма. Импровизация.

  • «Алдар көсе» ертегісінен ең ұнаған оқиғалардың бірін таңдаңыз.
  • «Алдар көсе» ертегісінің бір оқиғасын сахналаңыз.
  • Шығармашылық жұмысты орындау үшін жоспар құрыңыз.

Өз рөлін орындау кезеңдері

Топта өз рөлін анықтау

Тақырыбы

Рөлі

Көрсетілім түрі (жанр)

Тапсырма. Презентация.

Өз жұмыстарыңызды сынып алдында көрсетіңіздер.

  • Топтық жұмыста не сәтті орындалды?
  • Алдар көсе ертегісінің қай түрін таңдадыңыз?
  • Қандай ұсыныс айта аласыз?
  • Импровизация болды ма?
  • Өз рөлдеріңізді ереже бойынша орындадыңыз ба?

Тапсырма. Талдау және орындау.

  • Наурыз мейрамы туралы не білесіздер?
  • Мерекелік ұлттық ойындарды атаңыздар?
  • Бұл күні қонақтарға қандай ұлттық тағамдар ұсынылады?
  • Сіздер қандай ұлттық киімдерді білесіздер? (әйелдер, ерлер киімі) Атап беріңіздер?
  • Наурыз мейрамы туралы қандай әндерді естідіңіздер?
  • Сіздер Мұкағали Макатаев шығармашылығы туралы не білесіздер?
  • Сіздер ақынның Наурыз мерекесіне арналған өлеңдерімен таныссыздар ма? Өлеңдердің атын атап беріңіздер.

Тапсырма. Үйрену және орындау.

«Наурыз-думан» әнін тыңдаңыздар.

  • Қалай ойлайсыздар бұл ән мерекелік көңіл-күйді сыйлады ма?
  • Сіздерге «Наурыз-думан» әні қандай әсер береді?
  • «Наурыз-думан» әні көктемді, мейрам мен мерекелік көңіл күйді жеткізе алды ма, қалай ойлайсыздар?

Өз жауабыңызды түсіндіріңіз.

Әнді үйреніп, орындаңыздар.

Рефлексия.

  • Біз театр туралы не білдік…
  • Біздерге театр өнерінің түрлері туралы білген қызықты болды ма…
  • Музыка мен театр өзара байланысты…
  • Мен театр өнеріндегі синтездің .... екенін білдім
  • Наурыз мейрамы маған ұнайды, өйткені...
  • «Алдар көсе» ертегісінің сахналануында маған ... ... бейнесі ұнады.
  • маған «Наурыз-думан» әнінің … … ұнайды.

Алдар көсенің сиқырлы шапаны

Қазақтың халық ертегілері. Алдар көсе туралы ертегі ertegi.ru/index.php?id=11

Көрініске арналған құралдар, ноутбук, смртфон, т.б.

«Наурыз-думан» әні. Сөзі М. Мақатаевтікі, музыкасы Т. Сарыбаевтікі

Сабақ соңы

2 мин.

Оқушылардан кері байланыс алу.

Рефлексия орындау үшін мұғалім мәтіні бар қағаз беттерін таратып, мынадай ұсыныс жасауы тиіс:

Мен бүгін сабақта үйренгенім…

Сабақта мені толғандырған…

Әсіресе менің қолым жеткені…

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдаукөрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Актерлік дағдысы жоғары оқушылар көрініс кезінде негізгі рөлді орындай алады;

Вокалдық дағдысы бар оқушылар солист бола алады.

Бақылау;

Бірін-бірі бағалау.

Сабаққа арналған бағалау критерийлері

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.