Музыка әлемі. Музыка, 4 сынып, сабақ жоспары. 2 – сабақ.
8-бөлім: Болашаққа сапар | Мектеп: Талдықорған қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||
Сынып: 4 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||
Сабақ тақырыбы | Музыка әлемі (1 сабақ) | |||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 4.2.1.1- музыкалық шығармашылық жұмыстарды жасау үшін өз идеясын ұсыну және түрлі материалдар мен ресурстар таңдау; 4.3.1.1 - шығармашылық жұмысын көрсете және бағалай білу; 4.1.2.1 - ән айту ережесін сақтай отырып, түрлі сипаттағы әндерді орындау. | |||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар: - берілген тақырып бойынша музыкалық шығармашылық жұмыстар жасайды; - өз жұмысын көрсетіп, бағалайды; - А.Ермоловтың музыкасына жазылған «Гимн Музыке» әнің үйренеді және орындайды. | |||||||||
Бағалау критерийлері | Оқушы: - музыкалық-шығармашылық жұмысты жасайды; - өз жұмысын көрсетеді; - өз жұмысын бағалайды; - көркем образды аша отырып әнді орындайды. | |||||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар : •тиісті пәндік терминологияны пайдалана отырып, музыканы талқылау және талдау; •өз жұмысына түсініктемелер енгізу және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау. Терминдер сөздігі: - музыка; - музыканың стилі; - музыканың бағыттары; - музыканың жанрлары. Сұхбат/хат үшін сыныпта пайдаланылатын лексика: Талқылауға арналған сұрақтар:
| |||||||||
Құндылықтар
| Адалдық. Әрқайсысымен адал болу, өз қателіктерін анықтап, түзету. | |||||||||
Пәнаралық байланыстар | Музыка, тарих. | |||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Ғаламтор желісі арқылы ақпарат іздейді. АҚТ аудио, видео ресурстарды қолдану кезінде. | |||||||||
Бастапқы білім | Алдыңғы бөлімде оқушылар рок-музыка жанрымен танысты, «ғарыш» музыкасы тақырыбында орындайтын рок-группалар мен рок-музыканттардың шығармашылығы туралы білім алды, электрондық музыкалық аспаптардың дыбысын тыңдады. | |||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||
Сабақтың басы 10 минут
| Стартер Музыкалық сәлемдесу Дауыс жаттығулары 1-тапсырма. Талқылау Бейнеролик көріңіз. Сұрақтарға жауап беріңіз: -Музыка дегеніміз не? -Музыканың стилі, бағыты, жанры дегеніміз не? -Музыканың стильдері, бағыттары, жанрлары адамзат тарихы бойы неліктен ауысып отырады? -Болашақта музыка стильдері қандай болады? Неліктен? Оқушылармен бірге сабақтың мақсаттары мен міндеттерімен таңысу. | Синтезатор. Таныстырылым. Заманауи музыканың стилі мен бағыты https://www.rutvet.ru/in-stili-i-napravleniya-sovremennoy-muzyki-8266.html | ||||||||
Сабақтың ортасы 12 минут
5 минут 8 минут
| 2-тапсырма. Ақпарат іздеу Музыканың стильдері, бағыттары, жанрларының заманауи бағыттары туралы ақпарат табыңыз. Постер дайындап, оны берілген тақырып бойынша қорғаңыз:
3-тапсырма. Презентация және бағалау. Өз жұмысыңызды көрсетіп және критерийлер бойынша бағалаңыз:
4-тапсырма. Жаттау және орындау «Гимн Музыке» музыкасы А.Ермоловтікі, сөзі С.Парняниндікі әнін тыңдаңыз. Сұрақтарға жауап беріңіз:
Әнді жаттаңыз. Ән айту ережелерін сақтаңыз. Сұрақтарға жауап беріңіз:
| Ресурстар: Түрлі түсті қарандаш, фломастер А3 қағазы, желім. Ән «Гимн Музыке» сөзі С.Парняниндікі, музыка А.Ермоловтікі. | ||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Рефлексия - Бүгін сабақта не үйрендік? - Орындауда не жақсы шықты? - Қандай тапсырма сендерге қиын болды? - Тағы нені жақсартуға болады. - Бүгін сабақта не құнды болды? Неге? Қорытынды. Оқушылар ауызша бүгінгі сабақтан алған әсерлерімен бөлісіп, өзара бағалау жүргізеді. | |||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||
№ 2 тапсырма. Бұл тапсырманы орындаған кезде, қабілетті оқушылар оқыған ақпарат туралы барлық сыныпты айта алады және сұрақтар құра алады, ал әлдеқайда қабілетті оқушылар мұғалімнің дайындаған ақпаратты бойынша айтуы мүмкін. № 4 тапсырма. Ән орындау барысында қабілетті оқушылар барлық әнді орындайды, ал әлдеқайда қабілетті оқушылар қайырмасын орындайды. | - алдын ала оқыту білімін қолдау; - практикалық тапсырманы бір-бірін бағалау; - сұрақтар арқылы; - бағалау критерийлері бойынша. | Осы сабақта интертақтаны аз уақыт пайдалану. Қауіпсіздік техникасының сақтау. | ||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру