Музыка әлемі. Музыка, 4 сынып, сабақ жоспары. 2 – сабақ.


8-бөлім: Болашаққа сапар

Мектеп: Талдықорған қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 4

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Музыка әлемі (2 сабақ)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

4.1.1.1 - музыкалық терминдерді пайдаланып, әуеннің жанры мен музыкалық көркемдеуші құралдарын анықтау және салыстыру;

4.1.2.2 - ырғақтық және динамикалық ансамбльдерді сақтай отырып, аспаптарда ойнау дағдыларын көрсету;

4.3.1.1 - шығармашылық жұмысын көрсете және бағалай білу.

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

- музыкалық шығарманың атауын тауып, жанры мен стилін анықтайды;

- әнге ырғақтық және динамикалық ансамбльдерді сақтай отырып, аспаптарда ойнау дағдыларын көрсетеді;

- өз жұмыстарын көрсетіп, бағалайды.

 Бағалау критерийлері

Оқушы:

- музыкалық шығарманың атауын табады, жанры мен стилін анықтай алады;

- әнге аспаппен сүйемелдеу жасайды;

- өз жұмысын көрсетеді;

- өз жұмысын бағалайды.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар :

тиісті пәндік терминологияны пайдалана отырып, музыканы талқылау және талдау;

өз жұмысына түсініктемелер енгізу және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау.

Терминдер сөздігі:

- музыка;

- музыканың стилі;

- музыканың бағыттары;

- музыканың жанрлары.

Сұхбат/хат үшін сыныпта пайдаланылатын лексика:

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Музыканың стилі, бағыты, жанры дегеніміз не?
  • Болашақта музыка стильдері қандай болады? Неліктен?

 Құндылықтар

Адалдық. Әрқайсысымен адал болу, өз қателіктерін анықтап, түзету.

 Миссия және пайымдау

 Жаһандық азаматтық

Үздіксіз білім алу, өз біліміне жауаптылықты сезінуі, алған білімін өмірде қолдана білу, бақытты оқушы.

 Пәнаралық байланыстар

Музыка, тарих.

 АҚТ қолдану дағдылары

АҚТ аудио, видео ресурстарды қолдану кезінде.

Бастапқы білім

Алдыңғы сабақта оқушылар музыка әлемі: музыканың стилі, бағыты, жанры туралы бейнебаян көріп талқылады. Музыканың стильдері, бағыттары, жанрларының заманауи бағыттары туралы ақпарат тауып постер дайынды және берілген тақырып бойынша қорғады. А.Ермоловтың музыкасына және С.Парнянинның сөзіне жазылған «Гимн Музыке» әнін тыңдап үйренді.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

7 минут

Стартер

Музыкалық сәлемдесу

Дауыс жаттығулары

«Гимн Музыке» әнін орындау.

Сұрақтарға жауап беріңіз:

-Музыканың стилі, бағыты, жанры дегеніміз не?

-Болашақта музыка стильдері қандай болады? Неліктен?

Оқушылармен бірге сабақтың мақсаттары мен міндеттерімен таңысу.

Синтезатор.

Таныстырылым.

Ән «Гимн Музыке» сөзі С.Парняниндікі, музыка А.Ермоловтікі.

https://www.youtube.com/watch?v=RF3HpoVrx5E

Сабақтың ортасы

10 минут

14 минут

6 минут

1 – тапсырма. Музыкалық викторина. (жеке жұмыс)

Музыкалық үзінділерді тыңдаңыздар:

- Бұл музыка қандай стильге жатады?

- Музыканың авторын атаңыз.

- Бұл шығарманың не туралы екенін айтып беріңіз.

- Сізге қай стиль жақынырақ?

1.Вивальди «Гроза»

2.Халық әні «Япурай»

3. Халық күйі «Аққу»

4.Поп музыка Роза Рымбаеваның орындауындағы «Аралдан ұшқан аққуым» әні.

5. Н.Тлендиев «Махамбет» күйі. Кәсіби композиторлық күй.

Төменде көрсетілген кестеге, музыканың стилін сипаттайтын сөздерді жаз.

Ұлттық музыка

Классикалық музыка

Поп музыка

2-тапсырма. Әнге импровизация жасау. (топтық жұмыс)

Оқушыларға «Еркем-ай» қазақтың халық әннің шумақтары бөлініп беріледі. Оқушылар әнге аспаптармен сүйемелдеу жасайды.

1 топ - шулы аспаптар;

2 топ - қол астындағы заттар;

3 топ - виртуалды музыкалық аспаптарды қолданып, әннің әуенін ырғақты сүйемелдеңіз.

3-тапсырма. Презентация және бағалау.

Өз жұмысыңызды көрсетіп және критерийлер бойынша бағалаңыз:

  • шығармашылық көзқарас;
  • ансамбілді сақтау;
  • ұйымшылдық.

Ресурстар:

Антонио Вивальди «Гроза»

https://muzofond.com/search/антонио%20вивальди%20гроза

Қазақтың халық әні «Япурай»

https://z1.fm/song/16642767

Қазақтың «Аққу» күйі https://www.youtube.com/watch?v=WsCiCRwTrO4

Роза Рымбаева – «Аралдан ұшқан аққулар» Әні мен сөзі:

С. Бәйтерековтікі

https://www.youtube.com/watch?v=iH2iyjwzsWU

Н.Тлендиев «Махамбет» күйі.

https://www.youtube.com/watch?v=SCrvamfVZKA

«Еркем-ай» қазақтың халық әні.

Шулы музыкалық аспаптар, қол астындағы заттар: қалам, сызғыш т.б.

Виртуалды музыкалық аспаптар.

Сабақтың соңы

3 минут

Рефлексия

- Бүгін сабақта не үйрендік?

- Орындауда не жақсы шықты?

- Қандай тапсырма сендерге қиын болды?

- Тағы нені жақсартуға болады.

- Бүгін сабақта не құнды болды? Неге?

Қорытынды. Оқушылар ауызша бүгінгі сабақтан алған әсерлерімен бөлісіп, өзара бағалау жүргізеді.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Шығармашылық тапсырмаларды орындау барысында мұғалім көмек қажет ететін кейбір оқушыларға бағдар беріп отырады.

- сұрақтар арқылы;

- практикалық тапсырманы бір-бірін бағалау;

- бағалау критерийлері бойынша.

Осы сабақта интертақтаны аз уақыт пайдалану.

Қауіпсіздік техникасының сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу