Музыка әлемі. Музыка, 4 сынып, сабақ жоспары. 1-2 – сабақ.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8 бөлім: Болашаққа саяхат | Мектеп: Көкшетау қаласы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Магавин А.Б. | ||||||||||||
Сынып: 4 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||||||
Сабақ тақырыбы | Музыка әлемі 1-2 сабақ | ||||||||||||
Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 4.1.1.1-музыкалық терминдерді пайдаланып, әуеннің жанры мен музыкалық көркемдеуші құралдарын анықтау және салыстыру; 4.1.2.1 - ән айту ережесін сақтай отырып, түрлі сипаттағы екі дауысты қарапайым элементтері бар әндерді орындау; 4.1.2.2 - ырғақтық және динамикалық ансамбльдерді сақтай отырып, аспаптарда ойнау дағдыларын көрсету; 4.2.1.2 – музыкалық көркемдеуші құралдарды қолданып, қарапайым музыкалық-шығармашылық жұмыстарды шығару және импровизациялау; | ||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар Өз жобаларын жасайды Өз жобаларын та Ыстырады және сыныптастарының жұмысына баға береді. | ||||||||||||
Бағалау критерийлері | Оқушылар:
шығармашылық жұмысыңды таныстырады және өзге топтың жұмысын бағалайды. | ||||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар:
Пәндік лексикасы мен терминологиясы Audacity MovieMaker, Киностудия компьютерлік бағдарламалары Талқылау сұрақтары:
| ||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Отанды сүюге, ұлттық музыкамызды құрметтеуге дарыту. Ынтымақтастық және ақпаратпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру «Қазақтай ел қайда» әнін үйрету арқылы оқушыларға Қазақстандық патриотизм құндылығын дарыту | ||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Информатика – ноутбуктермен жұмыс жасау, қажет ақпарат пен суреттерді табуға үйрету | ||||||||||||
АКТ дағдылары | ноутбуктермен жұмыс жасау, қажет ақпарат пен суреттерді табуға үйрету | ||||||||||||
Бастапқы білім | Ғарыш туралы жаңа қазақстандық композиторлар мен ақындардың әндерін жаттап, сондай-ақ режисері В.Селиванов «Большое космическое путешествие» балалар кинофильмінде орындалатын әндерді үйренді. | ||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||
Сабақтың басы Ортасы | Оқушылармен амандасу Сыныпты 4 топқа біріктіру. Әр топқа қағазда жазылған сұрақтар беріледі. Топтар бір-бірінің сұрақтарын көрмейді. Өз идеялары мен ойларымен бөліседі. Тапсырма: «Болашақ музыкасы» тақырыбында өз идеялараңызбен бөліс. Болашақта музыкалық құндылықтарды сақтап қалу үшін қандай әрекет жасау керектігін жайлы ойыңды жеткізуге тырыс. Топпен бірге дайындалып болған соң екі спикер топтың идеясын жеткізеді. 1 топ- Болашақтағы классикалық музыка қандай болады? 2 топ- Болашақтағы ұлтық музыка қандай болады? 3-топ Болашақтағы поп музыка қандай болады? 4 топ – болашақта қазақтың ұлттық аспаптары қандай болады Оқушыларды жұптарға біріктіру. Әр жұпқа бір ноутбук беріледі. 2-тапсырма. Музыкалық шығармашылық «Болашақ музыкасы» музыкалық жобасының сюжетін ойластырыңыз. Рөлдерді топта үлестіріңіз. Audacity/ MovieMaker, Киностудия компьютерлік бағдарламаларын пайдаланып, музыкалық жоба жасаңыз. Киностудия бағдарламасы үшін нұсқаулық.
Audacity бағдарламасы үшін нұсқаулық. «Audacity» бағдарламасын қолдана отырып музыкалық трек жаса. Түрлі эффектерді қолдану арқылы өз музыкаңды жаңашаландыр. Өз трегіңді жасау үшін түрлі музыкалық стильдерді қолдан. 3-тапсырма. Жобаны ұсыну және бағалау «Болашақ музыкасы» тақырыбы бойынша өз музыкалық жобаңызды ұсыныңыз. Құрастырылған бағалау критерийлеріне сәйкес жұмысты бағалаңыз. Бастаған жобаңды аяқта. Жұбыңмен бірге өз шығармашылық жұмысыңды қорғауға дайындал. Өз шығармашылық жұмысыңды сыныпқа таныстыр. Өзге оқушылардың жасаған жұмысын бағала:
| Ноутбуктер Audacity/ MovieMaker компьютерлік бағдарламалары | |||||||||||
Сабақтың соңы | 6. Рефлексия «Жетістік баспалдағы» | ||||||||||||
Саралау | Бағалау | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||
Сөйлейтін қабырғалардан ақпарат іздеу кезінде оқушылардың өз білімдерін білу, сонан соң қажет болған жағдайда қосымша көмек беру. | Дескрипторлар арқылы Өзара бағалау арқылы Мұғалім бақылауы | Сабақ барысында қауіпсіздік ережелерді сақтайды. | |||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру