Музыка әлемі. Музыка, 4 сынып, сабақ жоспары. 1-2 – сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8 бөлім: Болашаққа саяхат

Мектеп: Көкшетау қаласы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Магавин А.Б.

Сынып: 4

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Музыка әлемі 1-2 сабақ

Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.1.1.1-музыкалық терминдерді пайдаланып, әуеннің жанры мен музыкалық көркемдеуші құралдарын анықтау және салыстыру;

4.1.2.1 - ән айту ережесін сақтай отырып, түрлі сипаттағы екі дауысты қарапайым элементтері бар әндерді орындау;

4.1.2.2 - ырғақтық және динамикалық ансамбльдерді сақтай отырып, аспаптарда ойнау дағдыларын көрсету;

4.2.1.2 – музыкалық көркемдеуші құралдарды қолданып, қарапайым музыкалық-шығармашылық

жұмыстарды шығару және импровизациялау;

Сабақ мақсаттары

Оқушылар

Музыкалық стилдермен танысады

Музыкалық стилдер туралы постер жасайды

Жаңа ән үйренеді

Бағалау критерийлері

Оқушылар:

  • Берілген ресурстарды қолдана отырып шығармашылық жұмыс /постер/ жасайды

Тыңдалған әуеннің жанры мен стилін музыкалық терминдерді пайдалана отырып анықтайды.

Әнді музыканың көркемдуші құралдарын сақтай отырып орындайды.

Әнге аспаппен сүйемелдеу жасайды.

Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

  • тиісті пәндік терминологияны пайдалана отырып, музыканы талқылау және таладай;
  • өз жұмысына түсініктемелер енгізу және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау.

Пәндік лексикасы мен терминологиясы

музыкант - musician

композитор - composer

әнші - singer – певец

  • музыка;
  • музыканың стилі;
  • музыканың бағыттары;

Талқылау сұрақтары:

  • Музыка дегеніміз не?
  • Музыканың стилі, бағыты, жанры дегеніміз не?
  • Музыканың стильдері, бағыттары, жанрлары адамзат тарихы бойы неліктен ауысып отырады?
  • Болашақта музыка стильдері қандай болады? Неліктен?

Құндылықтарды

дарыту

Отанды сүюге, ұлттық музыкамызды құрметтеуге дарыту.

Ынтымақтастық және ақпаратпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру

«Қазақтай ел қайда» әнін үйрету арқылы оқушыларға Қазақстандық патриотизм құндылығын дарыту

Пәнаралық

байланыстар

Информатика – ноутбуктермен жұмыс жасау, қажет ақпарат пен суреттерді табуға үйрету

АКТ дағдылары

ноутбуктермен жұмыс жасау, қажет ақпарат пен суреттерді табуға үйрету

Бастапқы білім

Ғарыш туралы жаңа қазақстандық композиторлар мен ақындардың әндерін жаттап, сондай-ақ режисері В.Селиванов «Большое космическое путешествие» балалар кинофильмінде орындалатын әндерді үйренді.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Күйді

Оқушылармен түрлі музыкалық стилдерді қолдана отырып амандасу

1-тапсырма. Талқылау

Бейнеролик көріңіз. Сұрақтарға жауап беріңіз:

  • Музыка дегеніміз не?
  • Музыканың стилі, бағыты, жанры дегеніміз не?
  • Музыканың стильдері, бағыттары, жанрлары адамзат тарихы бойы неліктен ауысып отырады?
  • Болашақта музыка стильдері қандай болады? Неліктен?

Заманауи музыканың стилі мен бағыты https://www.rutvet.ru/in-stili-i-napravleniya-sovremennoy-muzyki-8266.html

Сабақтың ортасы

Музыка тыңдау.

Музыкалық үзінділерді тыңдаңыздар

  • Шопен Вальс
  • Халық әні «Гүлдариға»
  • Поп музыка Музарт тобының орындауындағы «Қазақтай ел қайда әні»
  • Бұл музыка қандай стильге жатады?
  • Сізге қай стиль жақынырақ?

Оқушылары 3 топқа бөлу

2-тапсырма. Ақпарат іздеу

Музыканың стильдері, бағыттары, жанрларының заманауи бағыттары туралы ақпарат табыңыз.

Постер дайындап, оны берілген тақырып бойынша қорғаңыз:

  • Халық музыкасының стильдері мен бағыттары, ерекшеліктері, музыкалық аспаптары;
  • Классикалық музыканың стильдері мен бағыттары, ерекшеліктері, музыкалық аспаптары;
  • Поп-музыканың стильдері мен бағыттары, ерекшеліктері, музыкалық аспаптары;

Төменде көрсетілген кестеге, музыканың стилін сипаттайтын сөздерді жаз.

Ұлттық музыка

Классикалық музыка

Поп музыка

Топтық жұмыс.

  • топ - ұлттық музыка
  • топ- классикалық музыка
  • топ- поп музыка

Өз тобыңмен бірге тақырыпқа байланысты ырғақтар ойлап тап. Орындалатын ырғақ музыканың стилін сипаттайтын сөздерге сәйкес болуы қажет.

Өз стиліңдегі ырғақты сыныпқа орындап көрсет.

Топтық жұмыс

3- тапсырма. Шығармашылық тапсырма

Музыкалық стиль туралы постер жаса.

4-тапсырма Әр үйрену және орындау

«Қазақтай ел қайда»

1. Көңілі көлдей шалқыған,Қазақтай ел қайда.Даласы жусан аңқыған,Өзіңдей жер қайда.Киелім!Таусылмас саған айтарым, Ардақтап өтейін, Бабадан қалған байтағым,Садағаң кетейін,Киелім!

ҚайырмасыКүлімдеп жатқан көлден,Көкорай шалғын белден,Құбыла соққан желден, Айналайын!Тілегін Тәңір берген,Қасиет қонған Елден,Елі үшін туған Ерден,Айналайын!2. Болмасаң өзің, айбарым,Мұратқа жетер ме ем?!Түспесін төмен байрағың,Төбеңе көтерген, Киелім!Ғасырлап күткен, армандап, Теңдігім асқақ ән, Ұлыңа Алла жар болғай, Елімді бастаған,

Талдау үшін қойылатын сұрақтар.

  • Өлеңде не туралы айтылып жатыр?
  • Әуеннің сипаты қандай?
  • Әннің жанры қандай? Неліктен?

Әнді жаттаңыз. Ән айту ережелерін сақтаңыз.

5-тапсырма. Әнге импровизация жасау

Оқушыларға әннің шумақтары бөлініп беріледі. Оқушылар әнге аспаптармен сүйемелдеу жасайды. Шулы/қол астындағы/виртуалды музыкалық аспаптарды қолданып, әннің әуенін ырғақты сүйемелдеңіз.

Ақпарат іздеу үшін топтарға интернетке қосылған ноутбуктер беріледі.

Сабақтың соңы

6. Рефлексия

  • Бүгінгі сабақта қандай ақпарат қызықты болды?
  • Қай тапсырманы орындау қиынға соқты?

- Сабақтан алған әсеріңмен бөлісе аласың ба?

Саралау

Бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сөйлейтін қабырғалардан ақпарат іздеу кезінде оқушылардың өз білімдерін білу, сонан соң қажет болған жағдайда қосымша көмек беру.

Дескрипторлар арқылы

Өзара бағалау арқылы

Мұғалім бақылауы

Сабақ барысында қауіпсіздік ережелерді сақтайды.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу