Дала дауысы. Музыка, 3 сынып, сабақ жоспары. 3 - сабақ.
1-бөлім: Тірі табиғат 3-сабақ | ||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||
Сынып: 3 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақ тақырыбы | Дала дауысы | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 3.1.3.3 - музыкалық шығармаларды талдау барысында негізгі музыкалық ұғымдарды анықтау және ажырату; 3.1.2.2 – әнді негізгі дирижерлық қимылдар көмегімен орындау 3.2.1.1- музыкалық шығармашылық жұмыстар жасау үшін өз идеясын ұсыну музыкалы. | |||||
Сабақ мақсаттары |
| |||||
Бағалау критерийлері | Білім алушылар: музыкалық шығарманы талдайды; әнді көркемдік бейнесін жеткізе орындайды; дала әуендерін шығарады; дала әуендерін орындайды. | |||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: музыканы талқылайды және талдайды,тыңдалған музыкалық шығармалары туралы өз ойын ортаға салады. Пәнге қатысты лексика және терминология әуен, композиция, ноталар: до, ре, ми, фа, соль. Талқылауға арналған сұрақтар:
| |||||
Құндылықтарды дарыту | Қазақтың музыкасын тыңдау және талдау арқылы патриоттық сезімін нығайту; музыка арқылы салт-дәстүр, әдеп-ғұрпымызды құрметтеуді үйрету, түрлі музыкалық іс-әрекеттерге қатыса отырып, эстетикалық талғамын қалыптастыру.Ұлттық құндылықтарымызды сақтау. | |||||
Пәнаралық байланыстар | География, жаратылыстану пәндерімен Қазақстан картасымен жұмыс жасау барысында байланыс қадағаланады. | |||||
АКТ қолдану дағдылары | - | |||||
Бастапқы білім | Алдыңғы сабақта оқушылар табиғат дыбыстарын тыңдап, өздері салып үйренсе, бұл сабақ жалғасын тауып даланың таңғажайып әуендерін түсінуге, салуға көмектеседі. | |||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 5 мин | Музыкалық сәлемдесу Қазақ даласы Қартадан Сарыарқа, Ақжайық, Жетісу, Сырдария өңірлерін көрсетіңіз. Бұл атаулармен аталатын музыкалық шығармаларды естеріңізге түсіріңіз. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіріңіз. | Қазақстан картасы | ||||
Сабақтың ортасы 30 мин | 1-тапсырма. Музыка тыңдау және талдау. Болат Мажағұлов, Секен Тұрысбек & Ренат Гайсин орындауындағы «Ұлы дала» музыкалық композиция тыңдаңыз. Сұрақтарға жауап беріңіз:
Композицияның бейнебаянын тамашалаңыз. Музыкалық шығарманы орындаушылар туралы ақпарат оқыңыз. 2-тапсырма. Ән үйрену және орындау. Музыкасы М.Тналин, сөзі Д.Қалиев «Кең дала» әнін үйреніңіз және әнді дирижердың қимылының көмегімен орындаңыз. 3-тапсырма. Музыка шығару. (Топтық жұмыс) Дауыс, нота, ұрмалы және музыкалық –шулы аспаптарды қолдана отырып дала әуенін шығарыңыз. 4-тапсырма. Орындау және импровизация. Композицияңызды орындаңыз. Орындау кезінде импровизация жасаңыз. Өзіңіздің және өзгелердің жұмысына төмендегі сұрақтарға жауап бере отырып баға беріңіз:
| https://www.youtube.com/watch?v=dwPhYwWIxzg –музыкалық композиция «Ұлы дала» Ақпараттың парақшалар http://votekara.org/id/Аманжан%20Манабаев/ Музыка: М.Тналин, Сөзі:Д.Қалиев «Кең дала» Ұрмалы, шулы және музыкалық аспаптар. | ||||
Сабақтың соңы 5 мин | Рефлексия: -Бүгін не білдім? -Мен үшін не жаңа болды? -Нәтижені қалай жақсартуға болады? | |||||
Саралау | Бағалау | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Әуенді орындау барысында қабілеті жоғары оқушылар әуендімузыкалық аспапта ойнайды, басқа қабілетті оқушылар әуенге ырғақтық сүйемелеу жасайды. | Критерий бойынша бағалау Өзара бағалау. | Сабақта техникалық қауіпсіздікті сақтайды. Музыкалық үзілісті пайдаланады. | ||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. | |||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | ||||||
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.