Терме - нақыл сөз. Музыка, 3 сынып, сабақ жоспары. 3 - сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Сабақ: 3

2 бөлім: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Магавина Г. Г.

Сынып: 3

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Тақырыбы:

Терменақыл сөз

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1.3.4 - музыкалық жанрлар мен стильдерді анықтау және ажырату

3.2.1.1- музыкалық шығармашылық жұмыстар жасау үшін өз идеясын ұсыну музыкалы

3.3.1.1 - өз шығармашылық жұмысын көрсету, өзінің және өзгелердің жұмыстарын бағалай білу

  Сабақ мақсаты

Оқушылар:

- «терме» жанрымен танысады;

- термені тыңдайды, талдайды;

- «Жақсы және жаман» тақырыбына өз термесін шығарады;

- соқпалы музыкалық аспаптармен сүймелдеп , терме орындайды

Бағалау критерийлері

  • Әуені мен интонациясы бойынша халық әнін және музыкалық аспапты анықтайды.
  • Терменің орындауы мен жазуында өз ойларын ұсынады.
  • Шығармашылық жұмыс жасап, оны бағалайды.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар :

  • Тыңдалған және орындаған шығармалардың қарама-қарсы музыкалық көркемдеуші құралдарды салыстырады, сипаттайды, анықтайды ;

Пәндік лексикасы мен терминологиясы

  • жанр
  • терме
  • термеші
  • даналық

-Талқылау сұрақтары:

  • Не жақсы шықты?
  • Қандай қызықты тақырыптар қолданылды?
  • Қай жерлерін толықтыру қажет?

 Құндылықтарды

 дарыту

 

Термені тыңдау және үйрену арқылы қазақ халқының ұлттық мәдениетін құрметтеуге баулу.

Топтық шығармашылық жұмыстар арқылы еңбек және шығармашылық құндылықтарын дамыту. Ынтымақтастық, ұйымшылдық сезімдерін қалыптастыру.

 Пәнаралық

 байланыстар

Қазақ тілі пәнімен байланыс – «терме», «термеші» терминдеріне анықтама беріледі

 АКТ қолдану

 дағдылары

Интерактив тақта арқылы оқушылар бейнефильмдің үзіндісін, презентацияны көреді.

Бастапқы білім

Оқушылар музыкалық терминдердермен танысты, музыкалық ладты анықтауды үйренді. «Елім-ай» әнін нотаға салып, «си» нотасымен танысты.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтың басы

Сабақтың ортасы

Сабақтың соңы

Сәлемдесу

Сыныпта талқылау.

  • «Жанр» сөзін қалай түсінесіңдер?
  • Қандай музыкалық жанрларды білесіңдер ?

Ең қарапайым және кең тараған жанрлар- ән, би және марш.

Жанр - (от фр. genre –түр,тек) — өнердің барлық түрлерінде тарихи қалыптасқан іштей жіктелім жүйесі. Орындалу тәсілі бойынша ажыратылады

Сабақ мақсаты:

- Бүгін сабақта «терме» жанрымен танысамыз;

-Термені тыңдаймыз және талдаймыз;

- «Жақсы және жаман» тақырыбына өз термесін шығарып, соқпалы музыкалық аспаптармен сүймелдеп , терме орындаймыз

1 тапсырма. Музыканы тыңдау және талдау.

  • «Жақсы мен жаман» термесін тыңдаңыздар.

Музыканы талдауға арналған сұрақтар

- Термеде қандай ақыл айтылған?

  • Терменің ән жанрынан айырмашылығы неде?

Теория: Терме — қазақ поэзиясының сонымен қатар вокалды музыка жанры.

Бұл музыкалық-поэзиялық түрдегі өсиет. Терме – ән мен өлеңнін түрі, «теру , тер» сөздері «толтыру, жинау, жиын» мағыналарын береді. Термеде өмір мен өлім, жастық пен кәрілік, жақсылық пен жамандық мәселелері жайлы баяндалады.Терменің қызықтылығы оның маңызды сұрақтарды қозғайтындығында.Асан Қайғы, Қазтуған, Бұқар жырау, Махамбет шығармаларында терме мысалдары жиі кездеседі. Эмоционалды әсерін көтеру үшін термеде музыкалық дыбыстардың ритмикалық түрлері мен қайталаулар жиі кездеседі.

  • Е Құдайбергеновтың орындауында Махамбет Өтемісұлы «Мен мен едім» термесін заманауи оңдауда тыңдау.

- Бұл термені орындауда речетатив стилі қолданылады.

Речитатив – музыкалық- вокалды шығармадағы әуенді сөйлеу.

Тыңдалған шығарманы талдауға арналған сұрақтар :

- Бұл терменің бірінші термеден айырмашылығы неде?

- Бұл орындаудың ырғақ, динамика мен сипаты қандай?

- Термеші деген кім? Анықтамасын беріңдер

Нота атауларымен топқа бөлу

2 тапсырма. Музыка шығару және импровизация

«Жақсы және жаман» тақырыбына әннің сөзін терме жанрында жазыңдар.

Тапсырманы орындау кезеңдері

  • Терменің тақырыбын анықтаңдар.
  • Негізгі сөздерді жазып алыңдар
  • Негізгі сөздерге ұйқасын (рифма) табыңдар
  • Әр негізгі сөзге сөйлем құрастырыңдар.
  • Ритмді соқпалы музыкалық аспаптармен сүймелдей отыра өз орындауларыңды дайындаңдар.

3 тапсырма. Презентация және бағалау.

Өз термелеріңді речетатив орындау стилінде орындап беріңдер

Басқа топтарға баға беріңдер:

  • Не жақсы шықты?
  • Қандай қызықты тақырыптар қолданылды?
  • Қай жерлерін толықтыру қажет?

Рефлексия:

Оқушылар мұғалімнің сұрағына ауызша жауап береді

  • Мен бүгін не білдім?
  • Сабақта не қызықты болды?
  • Қай тапсырма мен үшін қиын болды?

Жанр

https://ru.wikipedia.org/wiki

Терме

http://5ballov.qip.ru/referats/preview/81748/2/

«Жақсы мен жаман» Мейрамбек Беспаевтың

http://mp3.cc/m/30756-mejrambek-bespaev/43936378-terme-zha-sy-men-zhaman-adam/

https://www.youtube.com/watch?v=lH4LG3kMkfw «Мен мен едім» М. Өтемісұлы Е.Кудайбергеновтың орындауында

Әр топқа тапсырманы орындау бойынша нұсқаулар үлестіру.

қағаз

соқпалы музыкалық аспаптар

: тоқылдақ, тұяқтас,

ағаш таяқшалар, дауылпаз, үшбұрыш.

Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Кейбір оқушыларға шығармашылық тапсырмаларды орындауға көмек көрсету

Бақылау ,

Бірін бірі бағалау

Дескриптор бойынша

Бағалау критерийлері бойынша

Сабақ алдында кабинет тексеру

Аспатарды ойнау кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу