Әріпті өрнектерді салыстыру. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Бөлімі: Кестеден тыс көбейту және бөлу № 105 сабақ. Тақырыбы: Әріпті өрнектерді салыстыру | Мектеп: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Айдаболова Қаракөз Батырхановна | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: | Қатыспаған оқушылар: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Оқу мақсаты: | 3.2.1.5 үш амалдан артық әріпті, санды өрнектерді салыстыру 3.5.1.5 жанама сұрақтары болатын есептерді («бірнеше бірлік артық/кем», «бірнеше есе есе артық/ кем» қатынастарымен байланысты) талдау және шығару 3.5.1.8 барлық арифметикалық амалдарға берілген жай есептердің шешуін айнымалысы бар өрнектер мен теңдеулер түрінде модельдеу. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты: |
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Айнымалысы бар өрнектің мәнін таба алады. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Ғылыми тіл |
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтар | Оқушыларға әріпті санды өрнек туралы түсінік бере отырып, есеп шығару дағдысын жетілдіру, талдау, белсенділікке тәрбиелеу. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Көркем еңбек | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Тапсырмалар бойынша нұсқаулар АКТ арқылы көрсетіледі. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Санды өрнектерді салыстыру | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспарланған уақыт | Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті | Ресурстар | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы | Психологиялық дайындық «Ішкі-сыртқы шеңбер» Сағат тілімен жүре отырып алдымен сыртқы, сонан соң ішкі шеңбердегілер орындарын ауыстырып бір-біріне жақсы сөздер айтады. - Қандай сезімде болдыңдар? Кіріспе тапсырма Жасырынған сөзді тап (Т.Ж) Оқушыларға жасырынған сөзді табу үшін мысалдарды шығарады. Жасырынған сөзді табу арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтау. Тапсырма: Жасырынған сөзді тап. 354+326=680 у 438+122=560 ы 627-214=413 л 810-215=595 а 516+324=840 с 743+124=867 к 985-433=552 е 856-525=331 н 234+625=859 ө 214+429=643 т 459+386=845 п 844-459=385 і 247+563= 810 р 810-247=563 ә 751+248=999 д
- Әріпті өрнек дегеніміз не? -Оның мәнін қалай табады? -Әріпті өрнектерді қалай салыстырамыз? - Әріпті өрнектерді салыстыру үшін алдымен оны қарапайым түрге келтіру керек, яғни барлық мүмкін амалдарды шығару керек. Мысалы, а· 4 + (84 : 2 – 15) = а· 4 + 27 Өрнекті қарапайым түрге келтірген соң, теңсіздіктің оң және сол жақтарын салыстырамыз. Сөздік бағалау жүргізу «Жарайсың», «Өте жақсы» т.с.с | Слайд №2 Слайд №3 Слайд №4,5 Слайд №6 | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы | Салыстыр (Ж.Ж) Оқушыларға жұптық жұмысқа тапсырма беру. Оқушылар тапсырманы орындап болған соң, жұбымен дәптерін алмастырып, тексереді. Тапсырма: Әріптің орнына кез келген санды қойып, салыстыр.
«Смайлик» арқылы бағалау жүргізу Өрнектің мәнін тап (Ж.Ж) Оқушыларға жұптық жұмысқа арналған тапсырма таратып беру. Оқушылар алдымен жеке орындайды. Тапсырманы орындап болған соң, жұптасып, бір –бірінің тапсырмасын тексереді. Бұл тапсырма арқылы бір әріпті өрнектегі айнымалыны ауыстыру арқылы бірнеше шешім шығаруға болатындығына назар аударту. Тапсырма: а∙ 9 + (357 + 203) : 7, егер а = 7, 8, 9 (22 + 80 : 10) ∙ х, егер х= 4, 5, 6 «Бағдаршам» түстері арқылы бағалау жүргізу Кестені толтыр (Ж.Ж) Оқушыларға жұптық жұмысқа арналған тапсырма таратып беру. Тапсырманы орындамас бұрын оқушы-лармен өрнектерді шығарудағы амалдардың орындалу ретін, белгісіз компонентті табу ережесін қайталау. Тапсырма:
«Басбармақ» арқылы бағалау жүргізу Ойлан, тап! (Ө.Ж) Оқушыларға өзіндік жұмысқа арналған тапсырма таратып беру. Көп нүктенің орнына теңсіздік тура болатындай сандарды қой: 508 > …8 828< …29 625>6…5 11>… 71…<715 ….<100 40…<401 700>…9… «Бағдаршам» түстері арқылы бағалау жүргізу Блиц-тапсырмалар Блиц – турнир (Ұ.Ж.) Есептің өрнегін жаз. Оқушыларға есептің шартын оқып беру.Бұл тапсырма арқылы оқушылар есептің шартына қарап, өрнек құрады. Жауабын сыныппен түсіндіре отырып тексеру. Тпасырма: а) Автобуста а жолаушы бара жатты. Аялдамадан 5 адам түсті, ал 7 адам мінді. Автобуста неше адам бар? ә) Жейде х теңге тұрады, ал көйлек 3 есе артық тұрады. Жейде көйлектен қанша теңге арзан тұрады? б) Жылқы 3 шелек су ішті. Бұл түйе ішкен судан х шелек аз. Түйе неше есе артық шелек су ішті? в) Асанда а өрік, ал Олжаста в өрік бар. Олар өріктерін қосып, екіге бөлді. Әрқайсысында қанша өрік болды? Сөздік бағалау жүргізу «Жақсы», «Жарайсың» т.с.с | Слайд№7,8 Слайд №9,10 Слайд №11,12 Слайд №13,14 Слайд № 15,16 | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы | Рефлексия Не үйрендік? «Табиғат» әдісі арқылы жүргізу Күн - мен бәрiн түcіндім Бұлтты күн - түcіндім, бiрақ ... Жaңбыр - мағaн әлi де көмeк қажет. | Слайд №17 |
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру