6-ға көбейту кестесімен есептер шығару. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Бөлімі: Көбейту және бөлу №32-сабақ. Тақырыбы: 6-ға көбейту кестесімен есептер шығару | Мектеп: 7 | ||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Какимбаева Арайлым Каскырбаевна | ||||||||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: | Қатыспаған оқушылар: | |||||||||||
Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес) | 3.1.2.4. – 6 санына көбейту мен бөлу кестесін құру, білу және қолдану | ||||||||||||
Сабақтың мақсаты: |
| ||||||||||||
Ғылыми тіл |
| ||||||||||||
Құндылықтар | Жауапкершілік,өмір бойына білім алу | ||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Дүниетану, көркем еңбек. | ||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта | ||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Көбейту кестесі, бөлудің сәйкес жағдайлары, шамаларды көбейту және бөлу. | ||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||
Жоспарланған уақыт | Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті | Ресурстар | |||||||||||
Сабақтың басы 5мин | Кіріспе тапсырма. (Ұ.Ж.) « Көңілді санамақ» ойыны. Оқушыларға амал таңбалары (+ - : • ) жазылған белгі карточкалар таратылып беріледі. Мұғалім есеп шартын оқиды, оқушылар есепті шешу үшін қолданылатын амал таңбасын көрсетеді. - Әжемнің ауласында 5 тауық және 7 қаз жүр. Аулада барлығы қанша құс жүр? (+) - тауықтың 9 балапаны, ал қаздың 3 балапаны бар. Қаздың балапандары тауықтың балапандарынан неше есе кем? ( : ) | Слайд № 1 Белгі карточкалар | |||||||||||
Сабақтың басы 5мин | - Әжем ауласынан 9 жұмыртқа әкелді, оның үшеуін тоқаштың қамырына қосты, ал қалғанын асты. Әжем неше жұмыртқаны асты? ( - ) - Ағаштың басында 4 құстың ұясы бар. Әр ұяда 3 балапаннан отыр. Ағашта барлығы қанша балапан бар? ( • ) Математикалық диктант. Бұл кезде де + - таңбасы бар карточка таратылып беріледі. Айтылған сөйлеммен келіссе + , келіспесе – таңбасын көтереді. Бұл тапсырмада оқушылардың шапшаң ойлау қабілеті тексеріледі.
«Смайликтер» арқылы бағалау | Слайд № 2 Белгі карточкалар | |||||||||||
Сабақтың ортасы 30мин | (Т.Ж.) «Карусель» ойыны. Әр топқа үстіңгі бөлігінде есептің шарты жазылған флипчарт (А3 парағы) және түрлі түсті маркерлер беріледі. Әр парақта әр түрлі сұрақтар болады. Тапсырманы орындауға уақыт беріледі. Оқушылар алдымен әрбір есепті топпен бірге талқылап, содан кейін флипчартқа шығарып, жауаптарын жазады. Бұл уақыт өткеннен кейін топтар парақтармен алмасады. Оқушылар алдыңғы топтың жауабын оқып, олармен келісетіндіктерін талқылайды. Егер олар келісетін болса, + белгі қояды. Егер келіспесе, өздерінің ойларын түсіндіріп жазады.
«Екі жұлдыз, бір ұсыныс» арқылы бағалау
(Ұ.Ж.) Ойлан. Оқушылар Пифагор кестесіндегі заңдылықты зерттейді. Кестедегі сандар диагоналына қарағанда симметриялы орналасқан. Оқушыларға кестеде тігінен және көлденеңнен есептеу нәтижелері бірдей болатынын хабарлау: 6 ∙ 3 = 18; 3 ∙ 6 = 18. Сонымен қатар, «3-ке» сәйкес келетін бағанда сандар жоғарыдан төмен қарай үнемі 3-ке артып отырады: 3 + 3 = 6, 6 + 3 = 9. Ал «6-ға» сәйкес бағанда 6-ға артады: 6 + 6 = 12, 12 + 6 = 18; т.с.с. 6 • 6 = 36 болатын теңдікті көлденең 6, тігінен 6 сызық сызып, қиылысқан нүктелерін санату арқылы да түсіндіру. Оқушылар бұл заңдылықтың көбейту кестесінің қатарларында да орындалатынына назар аударады. «Жұлдызшалар» арқылы бағалау Сен білесің бе? Атақты грек философы, математигі Пифагор 6 санының ерекше қасиетін тапқан. 6 саны үш цифрдың қосындысы да, көбейтіндісі де бола алады. Бұл қасиет басқа сандарда жоқ екен. Ол сандар 1, 2, 3. Яғни, 1+2+3=6; 1• 2 • 3 = 6 (Ж.Ж.) Есепті шығар. Оқушылар есептің шартын оқып, шығару жолын талдайды да, әркім дәптеріне жазып шығарады. Есептің шарты жанама түрде берілгендігін анықтауы керек. Есеп екі амал арқылы шығады (6-ға көбейту кестесін қолдану). Сатушы бірінші күні 54 дана қарбыз сатты. Ал екінші күні бірінші күнге қарағанда 6 есе кем қарбыз сатты. Сатушы екі күнде неше қарбыз сатты? «Жұлдызшалар» арқылы бағалау (Т.Ж.) Есепті шығар. Топтарға есептің шарты жазылған А4 форматтағы қағаздар таратылады. Оқушылар жанама сұрағы бар есепті, яғни «бірнеше есе кем» қатынасындағы есепті шығарады. Топта бірлесіп есептің шартына талдау жасап, есептің сұрағына жауап беретін өрнекті табады, жауабын жазады. Топта орындап болған соң, топ өкілі басқа топқа барып, олармен жауаптарын салыстырады және шешу жолын түсіндіреді. Есептің шешу жолын түсіндіруде қиындық туындаған оқушыға көрнекі жерге есепті талдау үлгісін іліп қоюға болады. Есепті талдау: Есепті оқы;
Пошташының сөмкесінде балаларға арналған 48 журнал және одан 8 есе кем үлкендерге арналған журнал мен 25 газет бар. Пошташының сөмкесіндегі газеттер барлық журналдардан қаншасы кем? Бас бармақ арқылы бағалау (Ө.Ж) Жұбын тап. Оқушылар тапсырманы орындау үшін өрнектегі амалдардың орындалу ретін анықтап, мәнін табады және нәтижесіне тең болатын қолғапты тауып, бірдей түске бояйды. Қолғаптардағы мәні тең болатын өрнектерді тап. Оларды сызықпен қос. Алынған жұптарды бірдей түспен боя. Смайлик арқылы бағалау. | Слайд №4,5,6 Флипчарт, маркер Слайд № 7,8,9 Слайд № 10 Слайд № 11 А4 форматағы қағаз, маркер Слайд №12 | |||||||||||
Сабақтың соңы 5 мин | Бекіту. «Кубизм» ойыны. Оқушылардың алдына сандар жазылған текше тасталынады, қай сан шықса, сол санды 6-ға көбейтіп, жауабын жылдам айту. Оқушылардың алдыңғы сабақта алған білімдерін пысықтау. Рефлексия. «Бағалау терезесі» арқылы кері байланыс алу сабақ барысындағы кездескен қиындықтар мен оқушылардың оқу материалын қаншалықты түсінгенін бақылау. Оқушыларға стикер таратылады "Түсінбедім" деген терезеге сабақты түсінбеген оқушылар апарып стикерін іледі "Сұрақтар пайда болды " деген терезеге сабақта кейбір мәселелерге түсінбей қалған оқушылар стикерін іледі. "Мен есте сақтадым "деген терезеге сабақты жақсы түсінген оқушылар стикерін іледі. | Слайд №13 Ойын сүйегі Слайд № 14 стикерлер | |||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||
Жұптардың өзара сөйлесулерін бақылап, тыңдап жүру барысында тапсырманы орындауға қиналатын оқушыларға қолдау көрсету. | «Бағалау терезесі» арқылы бағалау. «Смайликтер» арқылы бағалау «Басбармақ» арқылы бағалау «Жұлдызша» арқылы бағалау | Өмір қауіпсіздігінің ережелері. |
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру