7-ге көбейту кестесімен есептер шығару. Математика, 3 сынып, қосымша материал.
Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар
Бөлімі: Көбейту және бөлу кестесі
№ 34 сабақ. Тақырыбы: 7-ге көбейту кестесімен есептер шығару
Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес) 3.1.2.4. – 7 санына көбейту мен бөлу кестесін құру, білу және қолдану;
3.5.1.2 есептерді шығаруда бір заттың массасы, саны, жалпы массасы/ бір затқа жұмсалғаны, заттың саны, жалпы жұмсалғаны/ ұзындық, ені, аудан шамалары арасындағы тәуелділікті пайдалану
3.5.1.5 жанама сұрақтары болатын есептерді («бірнеше бірлік артық/кем», «бірнеше есе есе артық/ кем» қатынастарымен байланысты); тік төртбұрыштың (шаршының) қабырғалары мен ауданын; тік бұрышты параллелепипедтің қырын және көлемін табуға берілген есептерді талдау және шығару.
Сабаққа қажетті ресурстар: интербелсенді тақта, флипчарт, ламинатталған парақ, А4 форматтағы қағаз, белгі карточкалары, маркер.
Сабақта қолданылатын деректі материалдар: Сабақта түрлі есептерді: қосындыны табуға, айырмашылығын салыстыруға, еселік салыстыруға берілген және жанама сұрақтары болатын есептер шешу қарастырылады. Барлық есептер санды 7-ге көбейту кестесін қолдануды бекіту мақсатына сәйкес іріктелген.
Сабақ бойынша ұсыныстар: Сынып оқушыларын "Мейірімді", "Қайырымды"," Инабатты " сөздері жазылған қима қағаздарды таңдау арқылы шағын 3 топқа бөліңіз. (Ұ.Ж) «Иә-жоқ» ойынын ұйымдастырыңыз. Оқушылардың алған білімдерін пысықтау мақсатында ұжымдық түрде жүргізіледі. Оқушыларға тапсырманы оқыңыз, ал олар ламинатталған параққа + таңбасымен дұрыс сөйлемді, - таңбасымен дұрыс емес сөйлемді белгілейді. Тапсырманы орындап болған оқушылар өзін-өзі тексеру жүргізеді.
Жауабы:
- 42 саны 6-ға бөлінеді. (+)
- 35 саны 7-ге де, 5-ке де бөлінеді. (+)
- 24 пен 12 санының қосындысы 4 пен 7 санының көбейтіндісіне тең. (-)
- 70 пен 42 санының айырмасы 38-ге тең. (-)
- 56 саны 7-ге қалдықсыз бөлінеді. (+)
- Бірінші көбейткіш 6, екінші көбейткіш 8, көбейтіндінің мәні 56. (-)
- 5 қоянда 25 аяқ. (-)
- Санды 7 есе кеміту, оны 7-ге бөлуді білдіреді. (+)
- Көбейту мен бөлу – өзара кері амалдар. (+)
- Көбейтудің компоненттері: көбейткіш, көбейгіш, қосынды. (-)
(Т.Ж.) Тапсырманы топпен ұйымдастырыңыз. Оқушылар жұмысқа кіріспес бұрын «бір заттың массасы», «саны», «жалпы масса»; «бір затқа жіберілген шығын», «заттардың саны», «жалпы шығын» шамаларының арасындағы өзара тәуелділік туралы айтып, формуланы еске түсірген жөн. (соңынан оқушылар жұмыстарын сыныптың әр қабырғасына іліп, топ болып, бір-бірінің жұмысын бағалайды)
3 топқа тапсырма беріледі.Есеп құрастырып, шығару
1-топқа
Бір заттың массасы белгілі, саны белгілі, жалпы массаны табуға есеп құрау
2-топқа
Жалпы масса белгілі, саны белгілі, бір заттың массасын табуға есеп құрау
3-топқа
Жалпы масса белгілі, бір заттың массасы белгілі, санын табуға есеп құрау
«Жұлдызшалар» арқылы бағалау
(Ж.Ж) Ойлан, жұптас, бөліс.
Оқушыларға есепті жұппен орындауды ұсыныңыз.Алдымен есепті бүкіл сыныппен талдаңыз. (Есеп не туралы? Есепте не белгілі? Не белгісіз? Нені табу керек? Ол үшін не істейміз?) Есепті мұқият оқып шартын қысқаша жазба түрінде немесе сызба түрінде өрнектеуді тапсырыңыз. Орынап боған соң, тақтада бір оқушы шартын, сұрағын, шешуін, жауабын жазады. Қалған оқушылар дұрыс, бұрыстығын тексереді.
Жауабы:
Ш: 7 · 4 + 6 · 4 = 52 28 – 24 = 4
Барлығы 52 спортшы қатысты.
4-еуі артық.
(Ұ.Ж) «Домино». Бұл тапсырманы сынып ұжымымен ұйымдастырыңыз. Оқушылардың 7-ге көбейту және бөлу кестесін қаншалықты білетінін тексеруге бағытталған. Тапсырмалар жазылған таратпа қағаздарды оқушыларға таратып шығыңыз. Таратпа қағаздар екі бөліктен тұрады: әр таратпа қағаздың оң жақ бөлігінде өрнек, сол жағында – өрнектің мәні. Бірінші оқушы тақтаға шығып, өзінің таратпа қағазын бекітеді және ауызша таратпа қағаздың оң жақ бөлігіндегі өрнектің мәнін табады. Кейін өрнектің мәні жазылған таратпа қағазы бар оқушы өз кезегінде тақтаға шығып, оған өзінің таратпа қағазын бекітеді және таратпа қағаздың оң жақ бөлігіндегі тапсырманы орындайды.
Сөздік бағалау.
(Ө.Ж) Пазлды құрастыр. Бұл тапсырма оқушылардың 7-ге көбейту кестесін пайдаланып мысалдар шығару дағдыларын өз бетінше бекітулеріне бағытталған. Оқушыларға тапсырма жазылған парақтар таратып беріңіз. Жылдам ауызша есептеу арқылы оң жақта берілген мысалдарды ауызша шешеді де, сол жақтағы жауаптармен сәйкестендіреді. Есептеулерді оқушылар ауызша орындау керек.
Смайлик арқылы бағалау.
(Т.Ж) «Жылдам лото» ойыны. Тапсырма топпен жүргізіледі. Оларға лото ойынын ойнауды ұсыныңыз. Ойын ержесі кәдімгі өмірдегі ойынмен бірдей. Теңдеулері бар ойын алаңын және жауаптары бар парақшаларды таратып шығыңыз. Топта бір оқушы жүгізуші, қалғаны ойыншы болып бөлінеді. Ойыншылар өзінің ойын алаңын жүргізуші көрсеткен парақшалармен жабады. Ойын алаңындағы әрбір ұяшыққа осы ұяшықтағы тапсырманың жауабы жазылған парақшаларды қою керек. Өз алаңын бірінші жапқан ойыншы жеңіске жетеді. Әрбір ойыншы өзінің ойын алаңында жазылған теңдеулерді шешеді.
«Смайлик» арқылы бағалау.
Жауабы:
x = 9
y = 9
a = 5
x = 8
a = 4
x = 10
Рефлексия. Бағдаршам көздері арқылы меңгергенін анықтауды ұсыныңыз.
Қызыл түс-нашар жұмыс істедім.
Сары түс –орташа жұмыс істедім.
Жасыл түс-өте жақсы жұмыс істедім.
Бүгінгі сабақта не қиын болды?
–Не қызықты болды?
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру