6-ға көбейту кестесімен есептер шығару. Математика, 3 сынып, қосымша материал.


Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар

Бөлімі: Кестелік көбейту және бөлу

№ 32 сабақ. Тақырыбы: 6-ға көбейту кестесімен есептер шығару

Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес) 3.1.2.4. – 6 санына көбейту мен бөлу кестесін құру, білу және

қолдану

Сабаққа қажетті ресурстар: интербелсенді тақта, флипчарт, А4 форматтағы қағаз, белгі карточкалары, маркер.

Сабақта қолданылатын деректі материалдар: 6-ға көбейту кестесі, Пифагор бойынша көбейту кестесі, Пифагор – ежелгі грек философы, математик, 570-490 жж. б.з.д өмір сүрген. 6 санының басқа сандарда жоқ құпиясын ойлап тапқан. 6 саны үш цифрдың қосындысы да, көбейтіндісі де бола алады.

1+2+3=6 1• 2 • 3 = 6

Сабақ бойынша ұсыныстар:

(Ұ.Ж) Сынып ұжымымен «Көңілді санамақ» ойынын ұйымдастырыңыз. Алдымен әр оқушыға амал таңбалары (+ - : • ) жазылған белгі карточкаларын таратып беріңіз. Сонан соң есеп шартын оқыңыз, ал оқушылар есепті шешу үшін қолданылатын амал таңбасын көрсетуі керек.

Жауабы:

- Әжемнің ауласында 5 тауық және 7 қаз жүр. Аулада барлығы қанша құс жүр? (+)

- тауықтың 9 балапаны, ал қаздың 3 балапаны бар. Қаздың балапандары тауықтың балапандарынан неше есе кем? ( : )

- Әжем ауласынан 9 жұмыртқа әкелді, оның үшеуін тоқаштың қамырына қосты, ал қалғанын асты. Әжем неше жұмыртқаны асты? ( - )

- Ағаштың басында 4 құстың ұясы бар. Әр ұяда 3 балапаннан отыр. Ағашта барлығы қанша балапан бар? ( • )

Бұл тапсырманы орындап болған соң, белгі карточкаларының + - таңбалары барын алып қалуды сұраңыз. Сонан соң оқушылардың шапшаң ойлау қабілетін тексеру мақсатында математикалық диктант жүргізіңіз. Бағалауды көңіл-күйді білдіретін смайликтер арқылы жүргізіңіз.

Жауабы:

  • 6 мен 4-тің көбейтіндісі 24-ке тең (+)
  • 6 саны 2-ден 12 есе артық (-)
  • 35-ке 18-ді қоссақ 43 шығады (-)
  • 26 жұп сан (+)
  • 6-ның көбейту кестесінде 0 санына аяқталатын сан бар (+)
  • 36 мен 6 санының бөліндісі 7-ге тең (-)
  • 17 саны 2-ге қалдықсыз бөлінеді (-)

(Т.Ж.) «Карусель» ойыны. Бұл тапсырманы топпен ұйымдастырыңыз. Әр топқа үстіңгі бөлігінде есептің шарты жазылған флипчарт (А3 форматты парағы) және түрлі түсті маркерлер беріледі. Әр топқа әр түрлі тапсырма беріңіз. Тапсырманы орындауға уақыт берілетінін ескертіңіз. Оқушылар алдымен әрбір есептің шартын оқып, содан кейін шығару жолын талдайды да, жауаптарын жазады. Тапсырманы орындап болған кезде парақтармен алмасады. Оқушылар алдыңғы топтың жауабын оқып, олармен келісетіндіктерін не келіспейтіндіктерін талқылайды. Егер олар келісетін болса, + белгі қояды. Егер келіспесе, өздерінің ойларын түсіндіріп айтады. Екі жұлдыз, бір ұсыныс арқылы бағалау жүргізіңіз.

Жауабы:

1-топ.

24 метр мата қалды.

2-топ.

8 жәшік қажет болды.

3-топ.

Балығы 54 килограмм жеміс жиналды.

(Ұ.Ж) Ойлан. Сыныппен жалпы жұмыс ұйымдастырыңыз. Оқушылар Пифагор кестесіндегі заңдылықты зерттейді. Кестедегі сандар диагоналына қарағанда симметриялы орналасқан. Оқушыларға кестеде тігінен және көлденеңнен есептеу нәтижелері бірдей болатынын хабарлаңыз: 6 ∙ 3 = 18; 3 ∙ 6 = 18. Сонымен қатар, «3-ке» сәйкес келетін бағанда сандар жоғарыдан төмен қарай үнемі 3-ке артып отырады: 3 + 3 = 6, 6 + 3 = 9. Ал «6-ға» сәйкес бағанда 6-ға артады: 6 + 6 = 12, 12 + 6 = 18; т.с.с. Оқушылар бұл заңдылықтың көбейту кестесінің қатарларында да орындалатынына назар аударады.

6 • 6 = 36 болатын теңдікті көлденең 6, тігінен 6 сызық сызып, қиылысқан нүктелерін санату арқылы да түсіндіру.

Сен білесің бе? айдары негізінде атақты грек философы, математигі Пифагор туралы қызықты деректермен бөлісіңіз. Оның 6 санының ерекше қасиетін тапқанын, 6 саны үш цифрдың қосындысы да, көбейтіндісі де бола алатынын, бұл қасиет басқа сандарда жоқ екенін айтып өтіңіз. Ол сандар 1, 2, 3. Яғни, 1+2+3=6; 1• 2 • 3 = 6

(Ж.Ж.) Есепті шығар.

Тапсырманы орындау үшін жұптық жұмыс ұйымдастырыңыз. Оқушылар есептің шартын оқып, шығару жолын талдауды ұсыныңыз. Талдап болған соң әр оқушы дәптеріне жазып шығарады. Оқушылар есептің шарты жанама түрде берілгендігін анықтауы керек. Есеп екі амал арқылы шығады (6-ға көбейту кестесін қолдану).

Жауабы:

Екі күнде сатушы 63 қарбыз сатты.

.Ж.) Есепті шығар.

Бұл тапсырманы топпен жүгізіңіз. Топтарға есептің шарты жазылған А4 форматтағы қағаздар таратып беріңіз. Оқушылар жанама сұрағы бар есепті, яғни «бірнеше есе кем» қатынасындағы есепті шығарады. Топта бірлесіп есептің шартына талдау жасауды сұрағыз. Сонан соң есептің сұрағына жауап беретін өрнекті табады, жауабын жазады. Топта орындап болған соң, топ өкілі басқа топқа барып, олармен жауаптарын салыстырады және шешу жолын түсіндіреді. Есептің шешу жолын түсіндіруде қиындық туындаған оқушыға көрнекі жерге есепті талдау үлгісін іліп қоюға болады.

Есепті талдау:

Есепті оқы;

  •  Есепте кім немесе не туралы айтылғанын анықта
  •  Есептегі тірек сөздерді тап
  •  Есептің сұрағын қайталап, оны қысқаша жазбаға жаз;
  •  Есепте не туралы айтылғанын мәлімде;
  •  Есептің жауабында пайда болатын сан туралы есеп шартындағы сандардан артық немесе кем екендігін дәлелде;

Жауабы:

  • 48 : 8 = 6 2) 48 + 6 = 54 3) 54 – 25 = 29

Газеттердің барлық журналдан 29-ы кем.

(Ө.Ж) Жұбын тап.

Оқушылардан қолғап жұбын сызықпен жалғастырып және бірдей түспен бояуды талап етіңіз. Оқушылар тапсырманы орындау үшін өрнектегі амалдардың орындалу ретін анықтап, мәнін табуы тиіс. Барлығы 4 жұп қолғап болады.

Бекіту. «Кубизм» ойыны.

Оқушылардың алдыңғы сабақта алған білімдерін пысықтау мақсатында «Кубизм» ойынын жұпта ойнатыңыз. Оқушыларға сандар жазылған ойын сүйегін беріңіз. Бірінші оқушы ойын сүйегін лақтырады, қай сан шықса, сол санды 6-ға көбейтіп, жауабын жылдам айтуы керек. Жауабының дұрыс, бұрыстыңын екінші оқушыға айтуды ұсыныңыз. Сонан соң оқушылар алмасады.

Кері байланыс.

«Бағалау терезесі» арқылы кері байланыс алу сабақ барысындағы кездескен қиындықтар мен оқушылардың оқу материалын қаншалықты түсінгенін бақылау.

Оқушыларға стикер таратылады

"Түсінбедім" деген терезеге сабақты түсінбеген оқушылар апарып стикерін іледі

"Сұрақтар пайда болды " деген терезеге сабақта кейбір мәселелерге түсінбей қалған оқушылар стикерін іледі.

"Мен есте сақтадым "деген терезеге сабақты жақсы түсінген оқушылар стикерін іледі



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу