Қоршаған ортаны аяла! (3-сабақ). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары

  • Пән: Қазақ тілі
  • Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6 Қоршаған ортаны қорғау
  • Күні:
  • Сынып: 4
  • Мектеп:
  • Мұғалімнің аты-жөні:
  • Қатысқандар саны:
  • Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қоршаған ортаны аяла!

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.3.5.1 түрлі дереккөздерден (инфографикалар, энциклопедиялар, ғаламтор) қажетті ақпаратты табу/сызба түрінде беру/сөйлемді толықтыру

4.4.4.1 каллиграфиялық нормаларға сәкес әріптердің өзара байланысын сақтап, бір сызықта көркем жазу

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: мұғалімнің көмегімен түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты табады, каллиграфиялық нормаларға сәйкес әріптердің өзара байланысын сақтап, бір сызықта көркем жазады.

Көптеген оқушылар: түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты табады, каллиграфиялық нормаларға сәйкес әріптердің өзара байланысын сақтап, бір сызықта көркем жазады.

Кейбір оқушылар: түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты табады, қолданады, каллиграфиялық нормаларға сәйкес әріптердің өзара байланысын сақтап, бір сызықта көркем жазады.

Бағалау критерийлері

Дереккөздерден қажетті ақпаратты табады.

Жазу барысында каллиграфиялық нормаларға сәйкес әріптердің өзара байланысын сақтайды.

Тілдік мақсаттар

Қоршаған орта, қорғау, аялау, түтін

Құндылықтардыдарыту

Ынтымақтастық

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Бастапқы білім

Тақырыпқа қатысты сөздерді біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

(Ұ) Қызығушылықты ояту. «Қадамдар» ойыны. Оқушылар «Адам – табиғаттың бір бөлігі» тақырыбында сөйлемдер айтып жарысады. Бір сөйлем – бір қадам.

Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.

Сабақтың ортасы

7 мин

8 мин

3 мин

7 мин

5 мин

(Ұ) «Суреттер сөйлейді». Оқушылар суреттерді салыстырады. Сабақтың эпиграфының мағынасын талдап, таныс емес сөздердің мағынасын анықтайды.

«Бір тал кессең, он тал ек».

(Ө) «Оқы, біл». Оқушылар орманның пайдасы туралы жазылған шағын мәтіндерді оқып, қажетті ақпаратты қысқаша жазып алады.

Тапсырманың мақсаты: оқушылардың оқылым дағдысын қалыптастыру.

Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар ұсынылған ақпараттың мазмұнын өз сөзімен жазады. Қабылдау деңгейі орташа оқушылар дайын ақпаратты жазады.

Ағаш шебері: Үстел, орындық, ағаш шкафтар, кітап сөрелері, есік - мұның бәрі де ағаштан жасалады.

Құрылысшы: Біз салатын әдемі үйлердің бәрі де ағаштан жасалады. Ол ағаштарды біз орманнан аламыз.

Жұмысшы: Кітапты, дәптерді, газет, журналдарды да ағаштан жасайды. Дәрі жасаушы: Дәрілердің қайдан алынатынын сендер білесіңдер ме? Дәрілердің бәрі де өсімдіктерден алынады. Орманда әр түрлі өсімдіктер өседі. Орман ағаштарынан да көптеген дәрілер жасалады.Дәрігер: Таза ауа адам денсаулығы үшін маңызды. Ал ормандар ауаны тазалайды.

Орманшы: Орман – көптеген жануарлардың үйі. Орман болмаса, жануарлар да азаяды, жойылады.

Орман пайдасы:

Кері байланыс. Оқушылар «Полюстер» арқылы тапсырма бойынша кері байланыс жасайды.

  • мен мәтіндерді түсіндім.

(Ж) «5 минуттық жазу». Оқушылар тақырып бойынша сөйлемді аяқтап жазады. Қорытынды шығарады. Жұмыстарын шағын топтарда бөлісіп, бір-бірін бағалайды.

Тапсырманың мақсаты – болымсыз формалы етістіктерді қолдану дағдысын дамыту, жазылым дағдысын қалыптастыру. Жұпта жұмыс жасау арқылы оқушылардың бір-біріне деген құрмет, ынтымақтастық сезімдері қалыптасады.

Егер орман жойылса, ...........................

Сондықтан ............................

Дескриптор:

  • тақырыпты ашады;
  • сөйлем құрылысын сақтайды;
  • лексика-грамматикалық норманы сақтайды;
  • каллиграфиялық нормаларға сай жазады.

Сабақтың соңы

5 мин

«Жетістік баспалдағы» арқылы сабақтағы жұмысын қорытындылайды.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау – оқушылардыңматериалдымеңгерудеңгейінқалайтексерудіжоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақбойынша рефлексия

Жалпыбаға

Сабақтың жақсыөткенекіаспектісі (оқытутуралы да, оқутуралыдаойланыңыз)?

1:

2:

Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақбарысындасыныптуралынемесежекелегеноқушылардыңжетістік/қиындықтарытуралыненібілдім, келесісабақтарда неге көңілбөлуқажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.