Қоршаған ортаны аяла! (3-сабақ). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары

  • Пән: Қазақ тілі
  • Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6 Қоршаған ортаны қорғау
  • Күні:
  • Сынып: 4 С
  • Мектеп:
  • Мұғалімнің аты-жөні:
  • Қатысқандар саны:
  • Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қоршаған ортаны аяла! (3-сабақ)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.​3.​2.​1 бейтаныс сөздер кездесетін шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну

4.​5.​1.​5* сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жай және құрмалас сөйлем құрастыру

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: мұғалімнің көмегімен бейтаныс сөздер кездесетін шағын мәтіндегі негізгі ойды түсінеді, сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жай сөйлем құрастырады.

Көптеген оқушылар: бейтаныс сөздер кездесетін шағын мәтіндегі негізгі ойды түсінеді, сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жай сөйлем құрастырады.

Кейбір оқушылар: бейтаныс сөздер кездесетін шағын мәтіндегі негізгі ойды толықтай түсінеді, сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жай және құрмалас сөйлемдер құрастырады.

Бағалау критерийлері

Мәтіннің негізгі ойын түсінеді.

Жай және құрмалас сөйлем құрастыруда сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтайды.

Тілдік мақсаттар

Қоршаған орта, қорғау, аялау, шашу, қоқыс, жинау, бағалау, кесу

Құндылықтардыдарыту

Ынтымақтастық

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Бастапқы білім

Орманның пайдасы туралы әңгімелей алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

(Ұ) Қызығушылықты ояту. «Қадамдар» ойыны. Оқушылар «Орман пайдасы» тақырыбында сөйлемдер айтып жарысады. Бір сөйлем – бір қадам.

Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.

Сабақтың ортасы

7 мин

10 мин

3 мин

10 мин

(Ө, Т) «Ойлан. Жауап бер». Оқушылар берілген сұрақтардың бірін таңдап, іштей жауабын дайындайды. Таңдаған сұрақтарына байланысты шағын топтарға бірігіп, сұрақтың жауаптарын ортаға салады. Оқушыларға жауап беру үшін тіре ксөздер ұсынылады.

  • Табиғатты қорғайтын маман болсаң не істер едің?
  • Болашақта біздің табиғатты қалай елестетесің?
  • Қоршаған ортаны қорғау үшін өзің қандай үлес қосасың?

Тірек сөздер:

  • Жинау
  • Қоқыс
  • Шашу
  • Қорғау
  • Кесу
  • Аялау
  • Бағалау

Дескриптор:

  • сұрақтарға жауап берді;
  • сөйлемдерді дұрыс құрастырды.

(Т) «Оқы. Жалғастыр». Оқушылар мәтінді оқиды, топта талдайды, 4-5 сөйлеммен жалғастырады. Тапсырманы орындамас бұрын бірлесе бағалау критерийлері құрастырылады. Бағалау критерийлер бойынша топтар бір-бірін бағалап отырады.

Тапсырманың мақсаты – мәтін мазмұнын жалғастыра алуға үйрету.

____________________

Біздің ауылдың табиғаты керемет. Мен ауылымды өте жақсы көремін. Ауылға жақын жерде орман бар. Орманда құстар көп. Олар ән салады. Маған орман ішінде серуендеу өте ұнайды. Орманның қасында бұлақ бар. Ауыл адамдары бұлақтан су ішеді.

Бір күні достарыммен бұлақ басына бардық. Бұлаққа баратын жол маған қатты ұнады. Айнала жап-жасыл шөп, хош иісті гүлдер. Бір кезде бұлақтың қасына жеттік.

Қандай сұмдық!?

Мен қатты ренжідім. Бұлақ басында сусынның ыдыстары, кәмпиттің қағаздары, сағыздар шашылып жатыр...

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Дескриптор:

  • мәтінді жалғастырады;
  • жүйелілікті сақтайды;
  • сөйлем құрылысын сақтайды.

Кері байланыс. «Кубик» арқылы тапсырма бойынша кері байланыс жасайды.

Жасыл түс – жеңіл болды

Сары түс – сұрақтарым бар

Қызыл түс – қиын болды.

(Ж) «Ойлан, жаз». Оқушылар берілген сұраққа жауап ретінде нұсқаулық жазады.

Сұрақ: «Табиғатты қорғау үшін не істеу керек?»

Дескриптор:

  • нұсқаулықты дұрыс жазады;
  • сөйлемдерді дұрыс құрастырады.

Сабақтың соңы

5 мин

«Жетістік баспалдағы» арқылы сабақтағы жұмысын қорытындылайды.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау – оқушылардыңматериалдымеңгерудеңгейінқалайтексерудіжоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақбойынша рефлексия

Жалпыбаға

Сабақтың жақсыөткенекіаспектісі (оқытутуралы да, оқутуралыдаойланыңыз)?

1:

2:

Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақбарысындасыныптуралынемесежекелегеноқушылардыңжетістік/қиындықтарытуралыненібілдім, келесісабақтарда неге көңілбөлуқажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.