Күз. Күз – молшылық мезгілі. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 4 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
САБАҚ: ҚАЗАҚ ТІЛІ (L2) Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5-бөлімі. Табиғат құбылыстары | Мектеп: | |||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||||||
Сынып: 45 минут | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Күз. Күз – молшылық мезгілі | |||||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 3.2 Мәтіннің мазмұнын түсіну. 4.3.2.1 жаңа сөздер мен фразалар кездесетін шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну. | |||||||||||||||
Сабақтың мақсаттары | Барлығы: жаңа сөздер мен фразалар кездесетін шағын мәтіндегі негізгі ойды түсінеді. Көпшілігі: күз мезгіліндегі табиғи құбылыстарды сипаттайды. Кейбірі: күз мезгілінің ерекшеліктерін айтады. | |||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Тақырыпқа байланысты сөздер мен терминдер: теріп жүр асығады нағыз мұрын жарады үзіп алып қалта Сұрақ құрастыруда: Неге? Қандай? Қалай ойлайсың? Сіздің пікіріңізше .... | |||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту |
| |||||||||||||||
Мектеп миссиясын, пайымдауын және ӘА жүзеге асыру | Әрбір азамат қоршаған ортаға жауапты. Әсемдікке баулу. | |||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану, өнер | |||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Ғаламтор ресурстарын пайдалану | |||||||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Жыл мезгілдері | |||||||||||||||
Жоспар | ||||||||||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз) | Дереккөздер | ||||||||||||||
Сабақтың басы 3 минут |
Стартер «Қатені тап» стратегиясы Күз сарғая бастады, ағаштардың жапырақтары ұшып кетті, құстар жылы жаққа келді.
Сабақтың мақсаты:
|
| ||||||||||||||
Сабақтың ортасы 10 минут
20 минут 10 минут | Оқылымалды тапсырма Сөздікпен жұмыс теріп жүр асығады нағыз мұрын жарады үзіп алып қалта Сөздерді меңгерту Сурет бойынша сөйлем құрастыру, сұрақ қою арқылы айтылым тапсырмасына дайындық жұмысы ұйымдастырылады. Сергіту сәті. Оқылым Алтын күз келді. Бұрынғыдай күн де жарқырап тұрмайды, құстар да көрінбейді. Тек торғайлар мен қарғалар ғана шиқылдап жем теріп жүр. Күз басталса, сабақ оқу, мектепке бару да басталады. Балалар мектепке асығады. Айнала сап-сары. Төбеден алтын жауып тұрғандай. Ағаштар қурап, жапырақтары сарғыш түске боялды. Қыс түскенше егінді де жиып алу қажет. Күз – жеміс-жидектің нағыз піскен уақыты. Әсіресе, алма күзде ерекше дәмді болады. Алма бағына барсаң, алма иісі мұрын жарады. Ондағы қызыл алмаларды қалай үзіп алып, қалтаңа салғаныңды байқамай қаласың. Сен алманың иісіне-ақ тойып қаласың. «Қыстың қамын жазда ойла» дегендей, қысқа азықты тіпті жануарлар да жинай бастады. Жан-жануарлар қысқы ұйқыға да кірісіп жатыр. Күз осындай әсем келбетімен, қыңыр мінезімен маған ұнайды. Бағалау критерийлері:
1-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.
2-тапсырма. Мәтінді абзацтарға бөліп, мәнерлеп оқыңыз. Бөліктерге ат қойыңыз. 3-тапсырма. Мәтіннен 3 негізгі және 3 жанама ақпаратты тауып, кестені толтырыңыз.
Оқылымнан кейінгі тапсырма. ПОПС формуласын қолданып қорытынды ой жазыңыз. «ПОПС» формуласы: Бірінші сөйлем «Менің ойымша, ... » Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … » Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … » Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім ... » Кері байланыс. Оқушылар жазған қорытындыларын оқиды. Баспармақ арқылы бағаланады. | |||||||||||||||
Сабақтың соңы 2 минут | Рефлексия Мен үшін ең қызықты ..... Мен үшін ең мағызды ..... Үйге тапсырма: өз таңдауы бойынша жыл мезгілдері туралы өлең жаттау. | |||||||||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | ||||||||||||||
Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. | Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз. | Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе? Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме? Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма? Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар? | ||||||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| |||||||||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру