Күз мезгілі. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.


Пән: қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

3 бөлім. Уақыт

Күні:

Сынып: 3 класс

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтақырыбы

Күз мезгілі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

3.1.​3.​1* тыңдаған материалдың (ұзақтығы 1,5-2 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және сюжеттің даму желісі бойынша иллюстрациялар орналастыру/кестетолтыру/мазмұндау

3.4.1.1. Тақырыпқа сәйкес сөз бен сөз тіркестерін қолданып сөйлем құру.

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың барлығы: Тыңдаған материалдың мазмұнын түсінеді, жаңа сөздерді сөздіктерге сүйеніп дұрыс жазады. Оқушылардың көпшілігі: Тыңдаған материалдың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, мәтін бойынша кестені толтырады.

Оқушылардың кейбірі: Мәтін бойынша сюжеттің даму желісін мазмұндайды, тақырыпқа қатысты өз пікірін білдіреді.

Бағалау критерийлері

- тыңдаған материалдың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;

- мәтінді мәнерлеп оқып,мәтін бойынша берілген тапсырмаларды орындайды ;

- жаңа сөздерді сөздіктерге сүйеніп дұрыс жазады.

Лексикалық минимум

Күз мезгіліне байланысты сөздер

Грамматикалық минимум

Құндылықтарды дарыту

Қоршаған ортаны қорғауға баулу

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Power Point таныстырылымы

Бастапқы білім

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

(5 мин)

Ертеңгілік шеңбер.

Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру: «Мен саған тілеймін» Мақсаты: жылылық, сенімділік деңгейін, сыйластықты дамыту. Оқушылар шеңбер болып тұрады. Бастапқы қатысушы жанындағы көршісіне жүректің моделін беріп, жақсы тілек айтады, солай жалғаса береді: мейірімді бол, ақылды бол, ұқыпты бол, батыл бол, т.б.

Оқушылар суреттер арқылы жаңа тақырыпты болжайды.

Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру

- Тыңдалым материалы бойынша нұсқауларды орындаймын;

- Берілген тақырып бойынша сұрақтар қоямын, сұрақтарға жауап беремін;

- жаңа сөздерді сөздіктерге сүйеніп дұрыс жазамын.

Топқа бөлу

Оқушылар жапырақтардың түстеріне қарай 3 топқа бөлінеді. Жасыл жапырақ, қызыл жапырақ, сары жапырақ

Үй тaпcырмcын тексеру

«Ыстық орындық» ойыны aрқылы тексеріледі.

Әр топтан бір оқушыдан шығады екі топ оқушыға кезекпен үйге берілген тапсырма бойынша сұрақтар қояды.

«Мен саған тілеймін»

Таныстырылым № 2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Таныстырылым № 3

Таныстырылым № 4

Таныстырылым № 5

Сабақтың ортасы

Жаңа сөздерді меңгерту:

Күз мезгіліне байланысты сөздер.

1. Дұрыс айтуға дағдыландыру: - мұғалім сөздерді мәнерлеп оқиды;

- оқушылар мұғалімнен кейін сөздерді қайталайды, дауыстап оқиды, тізбекпен оқиды; 2. Жаңа сөздерден сөз тіркестерін құрастырады. 3. Сөйлемдер құрастыру.

5. Жаңа сөздерді орфографиялық сөздіктерге сүйеніп дұрыс жазады.

Тыңдалым алды тапсырмасы.

Күз туралы сұрақтарға жауап береді.

Топпен жұмыс

( Т)«Үш қадамды сұхбат» стратегиясы. Әр топ тыңдалған мәтін бойынша бір –біріне 3 сұрақтан қойып,жауап алады.

(Оқушылар бір-бірін смайликтер арқылы бағалайды)

Кері байланыс: Не қиын болды?

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма. (Ж) Оқушылар тыңдаған материалды естеріне түсіріп, кестені толтырады.

Сөйлемдер

Дұрыс

Бұрыс

Күзде күн суық болады.

Күз- жыл мезгілдердің бірі.

Күзде күн жылы болады

Күзде жеміс –жидектер піседі.

Дескриптор: Ақпараттың дұрыс/ бұрыс екенін ажырата алады. Өз пікірін дәлелдей алады. Кері байланыс: Не қиын болды?», «Не жеңіл болды?» Сергіту сәті.«Қара жорға»әуеніне би билейді

Оқылым. Оқулықпен жұмыс. 2-тапсырма.Мәтінді мәнерлеп оқып, кластер кұру

Дескриптор

-мәтінді мәнерлеп оқиды

- күз мезгілінің белгісін табады; - тілдік нормаларды сақтайды

Кері байланыс:Бұл тапсырманы орындау барысында қандай қиындықтар болды?

Кері байланыс:

Тапсырманы орындау қиын болды ма? Не қиын болды?

Айтылым. Оқулықпен жұмыс

6-тапсырма. Суреттерге қарап, жаз бен күз айларын салыстырады. Қандай өзгерістер болатынын анықтайды.

Таныстырылым № 6

 

 

Таныстырылым

№ 7

 

 

 

 

 

 

 

Таныстырылым

№ 8

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Таныстырылым

№ 9

 

 

Таныстырылым

№ 0

Таныстырылым № 12

Сабақтың соңы

Рефлексия: «Бес бармақ» тәсілі арқылы әр оқушы өзінің сабақта алған білімін бағалайды.

Үй жұмысы: 93 бет, 6 - тапсырма

Таныстырылым № 13

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс- тәсілдеріңізді жазыңыз.

Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақтақолданылатынқауіпсіздіктехникасыережелерініңтармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу