Күз. Күз – молшылық мезгілі. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 4 сынып, дидактикалық материал.


МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ

4-сынып

5-бөлім. Табиғат құбылыстары

7-cабақ. Күз. Күз – молшылық мезгілі

Бұл сабақта оқу мақсаттарына сәйкес оқушылардың оқылым дағдысы дамытылып, оқылым материалы бойынша жаңа сөздер мен фразалар кездесетін шағын мәтіндегі негізгі ойды түсінуге үйрету көзделеді. Жаңа сөздерді орынды қолдану дағдылары бағаланады. Сондай-ақ оқушылар негізгі лексикалық минимуммен қатар бірнеше пассив сөздердің мағынасын меңгеріп, қолданады.

 Грамматикалық минимум ретінде көптік/ тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану қарастырылады.

Барлығы: жаңа сөздер мен фразалар кездесетін шағын мәтіндегі негізгі ойды түсінеді.

Көпшілігі: күз мезгіліндегі табиғи құбылыстарды сипаттайды.

Кейбірі: күз мезгілінің ерекшеліктерін айтады.

Мұғалімнің сабақалды дайындығы: (дидактикалық материалдарды қараңыз)

Ресурстарды дидактикалық материалдардан оқушылар санына қарай көбейтіп алыңыз.

Мұғалімнің сабақ барысындағы әрекеті:

 Сабақ барысында мәтінді бірлесіп оқу әдісімен оқытылады. Тапсырмаларды орындату барысында оқушылардың мәтін мазмұнын қаншалықты түсінгендіктері анықталады.

ПОПС формуласын қолдану өз септігін тигізеді. Ойды жүйелеу, қорытындылау дағдылары қалыптасады.

Мұғалім сыныпты аралап, оқушылардың жұмыстарын қадағалайды.

 Үйге «Жыл мезгілдері» тақырыбында өлең жаттау тапсырылады.

Сабақ соңында сабаққа рефлексия жасатыңыз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу