Түзудің параметрлік теңдеуі. Есептер шығару. Геометрия, 10 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Кеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесі және векторлар | Мектеп: | |
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |
Сынып: 10 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспаған оқушылар саны: |
Сабақ тақырыбы | Түзудің параметрлік теңдеуі. Есептер шығару | |
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 10.4.21 түзудің қарапайым теңдеуін параметрлік теңдеуіне келтіреді. | |
Сабақ мақсаттары | Оқушылар
| |
Жетістік критерийлері | Білу және түсіну: бағыттаушы, нормаль веторларды біледі және түзудің жалпы теңдеуі арқылы параметрлік теңдеуін құрады; Қолдану және талдау: берілген шарттар бойынша түзу теңдеуін құра алады және есептер шығаруда параллельдік, перпендикулярлық шарттарды қолданады | |
Тілдік мақсат: | Оқушыларды математика тілінде сөйлей білу дағдысын дамыту: графиктерді салу кезіндегі жасаған қадамдарын түсіндіре алу. Пәнге қатысты терминалогия: Бағыттаушы вектор, нормаль вектор, бұрыштық коэффициент, параллельдік, перпендикулярлық, т.б. Диалогқа қажетті тіркестер: Түзудің канондық теңдеуі, жалпы теңдеуі, ... берілген түзу теңдеуі, түзудің ОХ осінің оң бағытымен жасайтын бұрышы, т.б. | |
Құндылықтарды дарыту | Топтық, жұптық жұмыста сыйластық, адамгершілік қасиеттерін дарыту; жеке жұмыс арқылы терең ойлануды дамыту; бағалау арқылы шыншылдыққа тәрбиелеу | |
Пәнаралық байланыстар | Алгебра, Физика | |
Алдыңғы меңгерілген білім | Сызықтық функция, бұрыштың тангенсі ұғымдарын біледі. Векторлардың коллинеарлық, перпендикулярлық шарттарын біледі | |
Сабақ барысы
Сабақтың кезеңдері | Сабақта орындалатын іс- әрекеттер | Оқыту ресурстары | ||||
Сабақтың басы 3 минут 5 минут | І. Ұйымдастыру Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа психологиялық дайындығын тексеру. Үй тапсырмасын тексеру үшін kahoot.it сайты бойынша тапсырмалар орындау. Тапсырмаларды орындап болған соң, оқушылардың жұмысына анализ жасай отырып, олардың «Түзулердің теңдеуі» тақырыбын қалай меңгергендігін анықтау. ІІ. Қайталау: (сыныппен жұмыс) Жаңа тақырыпты меңгеруге қажетті материалды қайталау үшін сұрақтар қойыңыз және сыныппен талқылаңыз Мысалы: берілген теңдеуді қалай параметрлік түрге келтіруге болады? | https://create.kahoot.it/details/4e5ddcc4-2006-47db-b2e0-3f7382eaa99c слайдтар | ||||
Сабақтың ортасы 7 минут 10 минут 15 минут | III. Жеке жұмыс: оқушылар өтілген тақырыптар бойынша есептер шығарады, тапсырмаларды орындау барысында қиындық туындаған жағдайда «бағдар шамды» пайдалана отырып мұғалімнен көмек сұрайды. Тапсырмаларды орындап болған соң «бағалау сызбасы» таратылып оқушылар өздерінің жұмыстарын бағалайды, қате кеткен тұстарын, түсінбеген жерлерін сыныпта талқылайды. IV. Топтық жұмыс: сынып оқушылары үш топқа бөлініп (өз қалауыңызша бөліңіз), түзудің келесі теңдеулерін қорытады және бір мысал құрастырып, оны шығарады: 1–топ: Бағыттаушы векторы мен нүкте берілген түзу теңдеуі (коллинеарлық шартты қолдану) 2–топ: Нормаль векторы мен нүкте берілген түзу теңдеуі (скаляр көбейтіндіні қолдану) 3–топ: бұрыштық коэффициенті мен нүкте берілген түзу теңдеуі (бұрыштың тангенсін қолдану) Егер қажет болса, мұғалім тарапынан топтарға көмек көрсетіледі. Мысал ретінде оқушыларға ұсынылатын есеп: екі жазықтықтың қиылсуы арқылы түзудің теңдеуі берілген: осы түзудің канондық және параметрлік теңдеулерін жазыңыздар. Топтар жұмыстарын бір – біріне таныстыру үшін «Карусель» стратегиясын қолдануға болады. V. Жұптық жұмыс оқушылар топтық жұмыстағы білімдерін пайдалана отырып, есептер шығарады. Шығарылған есептердің жауабын бір-бірімен жұпта отырып талқылайды, тексереді. | Қосымша1 Қосымша2 Қосымша3 Слайдтар | ||||
Сабақтың соңы 5 минут | ІХ. Рефлексия: Стикерлерге келесі сөйлемдерді аяқтауды ұсыныңыз. Кері байланыс нәтижесін келесі сабағыңызды жоспарлауда қолданыңыз
_________________________________________________
_________________________________________________ Х. Үй тапсырмасы
| Стикер Слайдтар Қосымша 4 | ||||
Қосымша ақпарат | ||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – Оқушының білімін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-ны қолдану Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі) | ||||
- жетелеуші сұрақтарға жауап беруде қабілетті оқушылардың белсенділігі жоғары болады және жауаптарын математикалық жолмен негіздей алады деп күтілуде; |
| АКТ қолданғанда уақытқа қатысты ережені сақтау. Көзге жаттығулар жасалады. | ||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылғанба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||
Қорытынды бағалау Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты) 1. Жетелеуші сұрақтар оқушыларды ойландырды 2. Оқушыларға мысалдар құрастырту тиімді болды Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты) 1: Кейбір оқушылар өткен материалдарды ұмытып қалғандықтан, оларға қайталап түсіндіру уақыт алды. 2: Жекелеген оқушылардың жауаптарын математикалық негіздеп жеткізе алмайтындығы байқалды | ||||||
Қосымша 1
№1 Қарапайым түрде берілген түзулердің теңдеуін параметрлік түзудің теңдеуіне келтіріңіз (жеке жұмыс):
А) | F) |
В) | G) |
С) | H) |
D) | I) |
Е) | J) |
№2 а) түрінде берілген теңдеудің бағыттауыш векторын табыңыз.
b) векторына параллель және А (0;-1;-7) нүктесі арқылы өтетін түзудің параметрлік теңдеуін жазыңыз.
с) А (4;3;-2) және В (-2;3;-1) нүктелері параметрлік теңдеуімен берілген түзудің бойында жататындығын немесе жатпайтындығын көрсетіңіз.
d) OY осіне параллель және А (2;5;-6) нүктесі арқылы өтетін түзудің параметрлік теңдеуін жазыңыз
Қосымша 2
Топтық жұмыс үшін:
Екі жазықтықтың қиылсуы арқылы түзудің теңдеуі берілген:
осы түзудің канондық және параметрлік теңдеулерін жазыңыздар.
Қосымша 3
Жұптық жұмыс:
№1 Кеңістікте А (-2;4;7) және В (-1;3;8) нүктелері берілген.
А) АВ векторының координатасын анықтаңыз
В) А және В нүктелері арқылы өтетін түзудің параметрлік теңдеуін жазыңыз.
Р (0;2;3) нүктесі берілген, РВА бұрышы -ға тең болса,
С) болатындығын көрсетіңіздер.
түзуі Р нүктесі арқылы өтеді және -ге параллель болса,
D) түзуінің параметрлік теңдеуін жазыңыз.
Егер АВ=PC=DP және С нүктесінің абсицасы оң сан болса,
Е) С және D нүктелерінің координаталарын анықтаңыз.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.