Екі нүкте арқылы өтетін түзудің теңдеуі. Есептер шығару. Геометрия, 10 сынып, сабақ жоспары.


Бөлім 10.4B:

Векторлар және түрлендірулер

Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Жоргабаев Габит Ергалиевич

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

10.4В(L)

Екі нүкте арқылы өтетін түзудің теңдеуі. Есептер шығару.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына

сілтеме)

10.4.22 Екі нүкте арқылы өтетін түзудің теңдеуін құрастыра алады.

 Сабақ мақсаттары

Екі нүкте арқылы өтетін түзудің теңдеуін құрастыру және есептеуде қолдану .

 Жетістік критерийлері

Білу және түсіну: Екі нүкте арқылы өтетін түзудің теңдеуін құрастыра біледі.

Қолдану: Екі нүкте арқылы өтетін түзудің теңдеуін есептеуде қолдана алады.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Тілдік мақсат: Координаталарымен берілген есептерді шешуде «арақашықтық, кесіндінің ұзындығы, кесінді ортасы» сөздерін қолданып анықтама бере алады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Координата......

Арақашықтық......

Кесінді ортасы.......

Берілген қатынаста бөлу......

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

Декарттық координаталар жүйесінде берілген нүктелердің арақашықтығын табу.

Координаталарымен берілген кесіндінің ортасын табу. Кесіндіні берілген қатынаста бөлу.

 Құндылықтарды дарыту

Есеп шығару барысында уақытты үнемдеуге тәрбиелеймін. Басты қағидат: «Уақытты қадірлей білмеген - қадірсіз болады».

Пәнаралық байланыстар

Аспан денелерінің арақашықтығын есептеуде екі ара нүкте арқылы өтетін түзудің теңдеуіннің формуласын қолдану арқылы астраномия пәнімен байланыс орнатамын.

 АКТ қолдану

  дағдылар

Үй тапсырмасын тексеруде ноутбуктерді қолданып оқушылардың geogebra программасымен жұмыс істеу дағдысын дамытуға мүмкіндік беремін және жаңа сабаққа қатысты материалдарды көрсету мақсатында интерактивті тақтаны қолданамын.

Бастапқы білім

Декарт координаттар жүйесі ұғымын түсіну. Түзудің теңдеуін, олардың қайдан алынатынын білу.

Сабақ барысы

Сабақтың

жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

7 минут

I Ұйымдастыру кезеңі (2мин):Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу. Сабаққа қажетті құрал жабдықтарын даярлауды сұрау.

II жұпқа бөлу(2 мин)

«Досыңа тілек» ойыны. Оқушылар жұптасып, таңдап алған суреттер бойынша бір-біріне тілек айтады (Қосымша 1).

Ой қозғау. Фотосурет бойынша тақырыпты ашады (слайд 1).

Оқу мақсатымен танысу және оны талқылау.

Оқушылар бұрыннан білетін ақпараттарымен бөліседі және алда не білгісі келетіндігін айтып өтеді (слайд 2).

III Үй тапсырмасын тексеру(3мин): үй тапсырмасын тексеру.

Ноутбук

Сабақтың ортасы

30 минут

Деңгейлік тапсырмалар (15 минут):

Сабақты Блум таксономиясының алты қадамы бойынша жоспарлау.

І.Білу. Бұл категория мәлiметтердi қайталау немесе тану арқылы есте қалай сақталғанын тексеруге бағытталады, мағлұмат пен деректердi еске түсiредi.

Берілген екі нүкте арқылы өтетін түзулердің теңдеулерін жазыңыз. (A, B деңгейлері )

ІІ. Түсіну. Сөзбен келтірілген материалды, схемалар, графиктер, диаграммаларды түрлендіреді, Сөзбен келтірілген материалды математикалық ұғымдарға өзгертеді..

1.Сабақтың тақырыбын, оқу мақсатын жариялаймын.

Анықтама:

1. Кеңістіктегі кез келген , нүктелері арқылы тек қана бір түзу жүргізуге болады. Бұл түзудің теңдеуі

түрінде жазылады да екі нүкте арқылы өтетін түзудің теңдеуі деп аталады.

2. Түзудің параметрлік теңдеулерін түзудің канондық теңдеулерінен алады.

түзудің параметрлік теңдеуі.

ІІІ. Қолдану. Ұғымдар мен қағидаларды жаңа жағдайларда қолданады; Заңдар мен теорияларды практикалық тұрғыдан нақты ситуацияларда қолданады; Әдіс немесе жұмыс ретін дұрыс қолданатындығын көрсетеді.

Зерттеу есебі : ( C деңгейі )

Зерттеуші үшбұрыш тәрізді формадағы үш қаланың арақашықтарын анықтау керек. Ол

есептеуді жеңілдету үшін картадан жаңа өлшеу нүктесін белгілеп алды. Зерттеушіге әрбір

екі қаланың арақашықтығын табуға көмектесе аласыз ба?

Арақашықтықтарды қалай тапқандығыңызды түсіндіріңіз.

A 4, 6 ,2, B6, 5,0 , C 3, 7 ,0

1. Қалалардың арақашықтарын табыңыздар.

2. А және С қалаларының тура ортасына дүкен салынған. Дүкеннің орналасқан жерін анықтаңыз.

3. В қаласынан дүкенге дейінгі қашықтық қандай?

4. В қаласынан АС жолына дейінгі ең қысқа қашықтықты табыңыз?

5. А және В қалалары арқылы өтетін түзудің теңдеуін жазыңыз.

6. А және С қалалары арқылы өтетін түзудің теңдеуін жазыңыз.

7. Дүкенмен және С қаласы арқылы өтетін түзудің теңдеуін жазыңыз. 6 пункпен салыстырыңыз.

Тексеруді АКТ бойынша орнықтырамын. Әр топқа нотбуктер беріп шығарған есептер бағдарламаға салып тексереді.

http://www.ambrsoft.com/TrigoCalc/Line3D/Line3D_.htm

Оқушылар: Өздерінің зерттеу жұмыстарын салыстырып өздерін өздері бағалайды.

Берілген тапсырмаларға дискрептор құрып қатемен жұмыс жүргізеді

V. Талдау. Оқу материалының құрылымы анық көрінуі үшін оны құрамдас бөліктерге бөлінген тапсырмалар беру. Оқушылар тапсырмалардан жасырын (көзге көрінбейтін) жәйттерді ашады

Өзбетінше жұмыс: (15 минут):

1. АВС үшбұрышының төбелерінің координаталары берілген:

A(2;3;0), B(-2;0;1), C(-0,5;-2;1,5). СМ медианасы жататын түзу теңдеуін жазыңдар.

2. M(4;10;0) нүктесі арқылы өтетін, координаталар осьтеріне параллель түзулердің теңдеулерін жазыңдар.

3. М1 және М2 нүктелері арқылы өтетін түзу теңдеуін жазыңдар:

  • (-4;12;-4) және (8;0;-2)
  • (6;0;-24) және (-6;-4;0)

4. М0 нүктесі мен n нормаль векторы бойынша берілген түзу теңдеуін жазыңдар:

  • М0(6;4;0) , n (-10;0;14)

http://www.ambrsoft.com/TrigoCalc/Line3D/Line3D_.htm

Оқушылардың оқу мақсатына қаншалықты жеткендігін анықтау мақсатында қалыптастырушы бағалау жұмысын беремін.

Бағалау:

Берілген 5 есептің шығарылу жолымен, жауаптарын көрсетемін. Оқушыларға қай есепке қанша балл және қалай қойылатын критерийлермен таныстырып бағалауға ұсынамын.

Оқушылар: өз балдарын есептеп айтады.

Слайд 1-2 https://studfiles.net/preview/6755918/page:7/

Қосымша-1

http://www.ambrsoft.com/TrigoCalc/Line3D/Line3D_.htm

Слайд 3-6

Қосымша-2

Слайд 7-9

Сабақтың соңы

3 минут

Үй тапсырмасы: Қосымша-3 Геометрия 10 №6-10 есептер

Кері байланыс: бүгінгі сабақтың мақсатына сәйкес оқушылар алған әсерлерімен бөліседі және нені түсінбегендерін, түсінуге не кедергі болғанын стикерлерге жазып тақтаға іледі.

 Оқушылар сабақтың қорытындысын шығарады.

 Маған ұнады...

 Бүгін сабақта білдім...

 Ұсыныс жасаймын....

 Мен сабақта үйрендім...

 Мен бүгін сабақта қайталадым....

Мен бүгін сабақта бекіттім..

Қосымша-3

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

Қабілеті жоғары оқушыларды топтық жұмыста өзінің ой пікірлерін айтқызамын және оның басқа оқушыларға үлгі болуына басқа оқушылардың үлгілі оқушыға қарап сап түзуіне немесе өзіндік үлгі болуларына жағдаяттар туғызамын.

Оқушыларды жұмыс тексеру барысында өзара бағалауды және өзін өзі бағалауды, сабақ барысында ерекше қабілет көрсеткендерге мадақтауды, мотивациялау мақсатында жеке дара жетістіктерімен ынталарын ескеріп ауызша бағалауды қолданамын.

Оқу процесінің барлық күйзеліс түзуші факторларын алып тастау мақсатында әр оқушы өзін еркін ұстауына, көңіл күйінің көтеріңкі болуларына жағдай туындатамын. Ол қызықты математикалық сұрақтардан, мадақтаудан тұрады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақта оқу мақсаттары дұрыс қойылды. Оқушылар оқу мақсатына жету үшін белсенді жұмыс жасады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.