Қазақ халқының қолданбалы өнері. Көркем еңбек, 3 сынып, дидактикалық материал.


 Сабақты ұйымдатыруға арналған әдістемелік нұсқаулық

 

 «Қазақ халқының қолданбалы өнері» тақырыбына арналған сабақта 3.1.2.2 Қазақ халқының және әлем халықтарының қолданбалы өнерінің ұлттық ерекшеліктерін анықтау және суреттеу оқу мақсаты қаралады. Аталған оқу мақсаты оқушылардың көркемдік құралдармен жұмыс жасаудағы практикалық дағдыларын дамытуға бағытталған. Сонымен қатар, аталған оқу мақсаты аясында оқушылар ұлттық ерекшелікті көрсететін шығармашылық жұмыстарды, суретшілердің туындыларын талдайды, бағалайды және пәндік терминологияны қолдана отырып өз ойларын (пікірлерін) айтады. Сол себепті осы сабақ аясында академиялық тілге және коммуникативті дағдыларды дамытуға аса назар аудару қажет.

 Қажетті материалдар

 А4 форматтағы тонды қатты қағаз. Тушь, қарандаш, қылқалам, тіс тазалайтын таяқша, құлақ тазалайтың таяқша және т.б.

 

 Сабаққа қажетті қосымша ақпарат

 Сән және қолданбалы өнер - сән өнерінің бір саласы, тұрмыска кажетті көркем, жиһаздық заттарды жасайтын шығармашылық түрі. Негізінен, түрлі үй жиһаздарын (жиһаз, зергерлік ою-өрнекпен әшекейленген заттар, тіршілікке қажетті сәндік құрал-жабдықтар, сувенирлер, құмыра, сый кеселер, т.б.) жасайды. Сән және қолданбалы өнерінің материалдары - металл, керамика, ағаш, қыш, шыны, асыл тастар, сүйек, былғары, т.б. Негізгі техникалық әдістері көркем оймыш, шекіме, көркем жазба, кесте, құйма, т.б. Ол сүйек, ағаш, тері өңдеу, бедерлеу, зергерлік, инкрустация, фарфор, фаянс, кілем тоқу, көркем мата жасау секілді салаларға бөлінеді. Сән және қолданбалы өнер келелі өндірістік, технологиялық міндеттерді атқарғанымен, өз дәуіріндегі өнер мен мүліктік мөдениеттің даму дөрежесіне тәуелді болып, дәстүрлі, жергілікті этникалық ұлттық ерекшеліктің негізінде дамиды.

 Материал https://kk.wikipedia.org/wiki/ сайтынан алынды (Толығырақ: https://kk.wikipedia.org/wiki/Графика)

 Сабақ барысы

 Берілген тапсырманы іске асыру үшін әр түрлі жанрдағы, стилдегі сонымен қатар қазақ суретшілері мен фотографтарының жұмыстары болғаны ұсынылады.

 Сұрақтар оқушыларға суретшілердің өз жұмыстарында тонды қалай қолданғанын түсінуге көмектеседі.

 Рембрандтың " Шығыс бас киімін киген жігіттің басы" және Е.М. Сидоркиннің киімі мен беті жылтыр жарық бликтермен көрсетілген "Абай" атты жұымыстарын мысал ретінде келтіруге болады.

 Оқушыларға неміс тілінен аударғанда тушьтың мағынасы "күйеден жасалған бояу" екендігін түсіндіріңіз. Тушь сұйық, шоғырланған және кепкен (таяқша немесе плитка ретінде) болады.

 Берілген тапсырманы алдын ала өзіңіз жасап көрсетіңіз. Жұмысты көрсету үдерісінде жасап жатқан іс-әрекеттеріңізге түсніктеме беріп отырыңыз. Оқушылардың назарларын тушьпен жұмысты өте жылдам орындау керектігіне аударыңыз.

 Мұғалім түсіндірген соң оқушылар бұл тапсырманы өздігінен орындай алады.

Сыныпқа арналған сұрақтар:

  • Қандай қолөнер бұйымдарын білесіздер?
  • Олар қандай ою – өрнектермен безендірілген?
  • Олар қандай материалдан жасалады деп ойлайсыздар?

Оқушылардың қаралатың тақырып аясындағы білімін тексеріп алыныз.

Қолөнер бұйымдарын талдау

Оқушылармен бірге ұлттық қолөнер бұйымдарын (мысалы, теріден жасалған торсықты, күмістен жасалған зергерлік бұйымдарды, киізден жасалған текеметті және т.б.).қарастырыңыз, олардың ерекшеліктерін талдаңыздар.

Оқушыларды топқа бөліңіз, тапсырманы түсіндіріңіз. Оқушылар өз топтарында белгілі бір ұлттық қолөнер бұйымын жан-жақты қарастырады, оларды жасауда қолданылған материалдарды, безендіруде қолданылған ою-өрнектерді талқылайды, бұйымның ерекшеліктерімен танысады. Оқушылар жинаған ақпараттарын постер ретінде визуациялап сынып алдында таныстырады.

Топтарда берілген сұрақтарды талқылаңыз:

1.Сіздер қандай бұйым қарастырып отырсыздар?

2.Көрсетілген бұйым қалай безендірілген?

3.Қандай материалдан және қалай жасалған? Сипаттап беріңіз?

 

 Тәжірибелік жұмыс

 Оқушылар өздеріне ұнайтын ұлттық қолөнер бұйымын және оны безендіру стилін таңдайды. Оларды безендіру үшін қолданатың ою-өрнектерді анықтайды.

 Оқушылар А4 форматы көлеміндегі қағазға ұлттық қолөнер бұйымының суретің салады (мысалы, торсық, тостаған, зергерлік бұйым, музыкалық аспап және т.б.). Дайын суретті оқушылар ұлттық ою-өрнектермен безендіреді.

 Тәжірибелік жұмысты орындау алдында оқушыларға техникалық қауіпсіздік ережесін сақтауды ескертіңіз.

 Сабақтағы қауіпсіздік ережелері

 Тәжірибе жұмысын орындамас бұрын оқушыларға құрал саймандармен жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау жайлы ескертіңіз.

 Бағалау

 Оқушылардың аяқталған жұмыстарын бір жерге жинаңыз.

 Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір дескрипторлар бойынша бағалайды. Бағалау кезінде жұмысты жақсарту үшін қажетті ұсыныстарды айтыныз, жасалған жұмыстардың жақсы шыққан тұстарына көбірек тоқталыныз, бұл әрекет оқушылардын шығармашылыққа деген талпынысын күшейте түседі.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу