Қазақ халқының қолданбалы өнері. Көркем еңбек, 3 сынып, дидактикалық материал.


Дидактикалық материал

Ұлттық қолөнер бұйымдары

Торсық – Орталық Азиядағы түркі халықтарының қымыз, шұбат, іркіт құюға арналған ежелгі ыдысы. Әсіресе, қазақ, қырғыз халықтары пайдаланған. Торсықтың түрлері: шимайторсық, өркешторсық, жанторсық, мүйізторсық, т.б. Торсықтың бүйірі дөңгелек, мойны жіңішке әрі ұзын болып келеді. Аузына ағаштан тығын тығылады. Кейбір торсықтарға арнаулы мүйізшапқымен (ысқышпен) әр түрлі өрнек салынады.

Дидактикалық материал

Ұлттық қолөнер бұйымдары

Текемет – сәндік-қолданбалы өнер туындысы, бетіне түрлі түсті ою-өрнек басылған киіз үй жиһазы.

Текеметтің туу тарихы мен оны жасау технологиясы қазақтың ерте дәуірдегі өмір-тұрмысынан тамыр тартады. Әсіресе, көшпенділер өмірінде текеметтің алатын орны өзгеше болған: ол қазақтың дәстүрлі баспанасы – киіз үй ішіне жылылықпен қатар әсемдік те әкеліп әрі киіз үйдегі адамдарды астынан өтетін сыздан қорғап, аурудың алдын алу рөлін де атқарып отырған.

Дидактикалық материал

Ұлттық қолөнер бұйымдары

Қамшы — атқа мiнген адам ұстайтын, бiрнеше таспа қайыстармен көмкерiлiп, өрiлген, сабы тобылғыдан, ырғайдан, аңдардың тұяғы, мүйiздерiнен жасалған атты айдап жүргiзетiн құрал.

Қамшының өрiмi сабынан бiр жарым еседей ұзын болады. Қамшы құрал болумен қатар қару ретiнде қолданылған. Өрiмшi қамшының таспасын жiңiшке не жуандатып, кейде өрiмге талшық сымтемiр салып өрген.

Дидактикалық материал

Ұлттық қолөнер бұйымдары

Кебеже - тамақ сақтауға арналған сандық сияқты ағаш бұйым. Кебеженің түбі қалың тақтайдан жасалады. Оның қақпағы кәдімгі сандықтың қақпағы сияқты, кейде жармалы да болып келеді. Жармалар не көлденең кергіш ағашпен, не таспамен жалғастырылады. Кебеженің беті де асадал сияқты кейде сырмен, кейде сүйекпен ою салып өрнектеледі.

Дидактикалық материал

Ұлттық қолөнер бұйымдары

Шашбау– қыз-келіншектер шашына тағатын сәндік әшекей- бұйым . Мұндай әйел шашының әр-ажарын аша түсетін, өрілген бұрымның ұшын бекіту үшін тағылатын алтын, күміс тиындар, кейде маржан қадалған, ызылған бауы бар шашбауды түркі халықтары ежелден қолданып келеді. Жасалу, әшекейлеу әдістеріне қарап оларды үзбелі шашбау, шашақты шашбау деп топтастыруға болады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу