Қазақ халқының қолданбалы өнері. Көркем еңбек, 3 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5 Бөлім: Өнер | Мектеп: | |||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||
Сынып: 3 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||
Сабақ тақырыбы | Қазақ халқының қолданбалы өнері | |||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 3.1.2.2 Қазақ халқының және әлем халықтарының қолданбалы өнерінің ұлттық ерекшеліктерін анықтау және суреттеу | |||||||||
Сабақ мақсаттары |
| |||||||||
Жетістік критерийлері |
| |||||||||
Тілдік мақсаттар
| Әртүрлі ұлттық қолөнер бұйымдарының өздеріне тән ерекшеліктерін сипаттайды. Оқушылар келесі сұраққа жауап береді:
| |||||||||
Құндылықтарды дарыту | Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік | |||||||||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану | |||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Бұл сабақ аясында АКТ дағдылары қарастырылмайды | |||||||||
Бастапқы білім | Өнер түрлерімен танысуды жалғастырады, көркем материалдармен жұмыс жасаудағы практикалық дағдыларың жетілдіреді. | |||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||
Сабақтың басы | Ұлттық қолөнер бұйымдарын (жиһаз, ертоқым, ыдыстар және т.б.) көрсетіңіз (бейне ролик, презентация және т.б.).
Алдынғы сабақтарда музыка өнерімен таныстыңыздар, музыкалық аспаптарды талдадыңыздар, бүгінгі сабақта ұлттық қолданбалы өнерімен танысасыздар. Оқушыларды бүгінгі сабақ тақырыбымен, оқу мақсаттары және сабақ мақсаттарымен таныстырыңыз. Сабақ соңында күтілетін нәтижеге назар аудару қажет. | |||||||||
Сабақтың ортасы
| Сыныпқа арналған сұрақтар:
Оқушылардың қаралатың тақырып аясындағы білімін тексеріп алыныз. Қолөнер, қолданбалы өнер – дәстүрлі тұтыну және сәндік бұйымдарын жасайтын ұсақ өндіріс. Қолөнершілер негізінен табиғи шикізаттарды пайдаланып, қарапайым еңбек құралдарының көмегімен көркем композицияның шешімімен тұрмысқа қажетті мүліктер, музыкалық аспаптар, қару-жарақ, құрал-саймандар жасайды. Қолөнер бұйымдарын талдау Оқушылармен бірге ұлттық қолөнер бұйымдарын (мысалы, теріден жасалған торсықты, күмістен жасалған зергерлік бұйымдарды, киізден жасалған текеметті және т.б.).қарастырыңыз, олардың ерекшеліктерін талдаңыздар. Оқушыларды топқа бөліңіз, тапсырманы түсіндіріңіз. Оқушылар өз топтарында белгілі бір ұлттық қолөнер бұйымын жан-жақты қарастырады, оларды жасауда қолданылған материалдарды, безендіруде қолданылған ою-өрнектерді талқылайды, бұйымның ерекшеліктерімен танысады. Оқушылар жинаған ақпараттарын постер ретінде визуациялап сынып алдында таныстырады. Топтарда берілген сұрақтарды талқылаңыз: 1.Сіздер қандай бұйым қарастырып отырсыздар? 2.Көрсетілген бұйым қалай безендірілген? 3.Қандай материалдан және қалай жасалған? Сипаттап беріңіз? Оқушылар жасаған постерлерімен басқа топтарды таныстырады, өз ойларын ортаға салады, бірге талқылайды, әр ұлттың ою-өрнектерінің ерекшеліктерімен танысып, оларға сипаттама береді. Тәжірибелік жұмыс Оқушылар өздеріне ұнайтын ұлттық қолөнер бұйымын және оны безендіру стилін таңдайды. Оларды безендіру үшін қолданатың ою-өрнектерді анықтайды. Оқушылар А4 форматы көлеміндегі қағазға ұлттық қолөнер бұйымының суретің салады (мысалы, торсық, тостаған, зергерлік бұйым, музыкалық аспап және т.б.). Дайын суретті оқушылар ұлттық ою-өрнектермен безендіреді. Тәжірибелік жұмысты орындау алдында оқушыларға техникалық қауіпсіздік ережесін сақтауды ескертіңіз. Оқушыларды орындалатын жұмысқа қойылатын талаптармен және бағалау дескрипторларымен алдын ала таныстырыңыз. Оқушылармен барлық орындалған жұмыстарды жинап алыңыздар. Ортақ фонға жабыстыра отырып, сәндік композиция құрастырыңыздар. | Ұлттық ою өрнектің сыры неде https://www.youtube.com/watch?v=8mdhsR_u69Q https://www.youtube.com/watch?v=WJZyFuUgMYE Әр түрлі пішінді және әр түрлі безендірілген ежелгі немесе заманауи ыдыс-аяқтар көрсетлген фотосуреттер немесе жұмыстар. | ||||||||
Сабақтың соңы | Бағалау Оқушылардың аяқталған жұмыстарын бір жерге жинаңыз. Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір дескрипторлар бойынша бағалайды Рефлексия: Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: - нені білдім, нені үйрендім? - нені толық түсінбедім? - немен жұмысты жалғастыру қажет? | |||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады | Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары | ||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру