Мартин Лютер Кингтің ұлы арманы. Дүние жүзі тарихы, 11 сынып, дидактикалық материал.
"Мен бір күні бұрынғы құлдардың ұлдары мен бұрынғы құл иелерінің ұлдары Джорджияның қызыл жотасында бауырластар ретінде бір үстел басында отыратын күнді армандаймын".
Сіз бұл сөздерді кім айтты деп ойлайсыз? Неліктен сіз олай ойлайсыз?Мартин Лютер Кинг
(1929-1968жж.)Сабақтың тақырыбы: Мартин Лютер Кингтің ұлы арманы
Оқыту мақсаттары:
11.3.2.3 тұлғаның қоғамдық-саяси өмірдегі рөлі туралы қорытынды жасау;
11.3.2.4 АҚШ-тағы тарихи оқиғаларды түсіндіру үшін "нәсілдік кемсітушілік", "сегрегация" ұғымын пайдалану;
11.3.2.5 азаматтық құқық үшін күресте тұлғаның белсенді азаматтық ұстанымының маңызын бағалау;
Бағалау критерийлері:
мәтінді талдай отырып, қоғамның қоғамдық-саяси өміріндегі тұлғаның рөлі туралы қорытынды жасайды;
АҚШ-тағы тарихи оқиғаларды түсіндіру үшін "нәсілдік кемсітушілік", "сегрегация" ұғымын пайдаланады;
азаматтық құқық үшін күресте тұлғаның белсенді азаматтық ұстанымының маңызын бағалайды
Сегрегация дегеніміз не?
Мартин Лютер Кинг туралы "Адамдарға қызмет еткен жүрек" бейне материалын қарау
Бейнематериалға тапсырма:
Бейнематериалды мұқият қарап, сұрақтарды жауап беріңіз:
Бейнеақпаратты пайдалана отырып, "сегрегация" және "нәсілдік кемсітушілік"терминдерін түсіндіріңіз. Олар қандай салаларда көрініс тапты?
Мартин Лютер Кингтің идеялармен шабыттандырушы ұстазы кім болды? Неліктен олай деп ойлайсың?
Дескрипторлар:
"Сегрегация" және "нәсілдік кемсітушілік" қолданылған кем дегенде 3 саланы келтіреді
Мартин Лютер Кингтің таңдаған күрес тактикасын түсіндіреді.
Рефлексия
Сөйлемдерді толықтырып жазыңыз:
20 ғасырдың 60-шы жылдарында АҚШ-та негр халқы күресінің басты мақсаты ………… болды
Өз құқықтары үшін күрес құралы ретінде Американың қара нәсілді тұрғындары ………… таңдады
Бейнематериалды қарап шығу Мартин Лютер Кингтің "Менің арманым бар» тақырыбындағы танымал сөзі
Тапсырма:
Лютер Кинг өзінің құқықтары үшін бас көтерген негр халқының күресінде қандай рөл атқарды? Өз жауабыңызды дәйектеңіз.
Бағалау критерийлері:
Азаматтық құқық үшін күресте тұлғаның белсенді азаматтық ұстанымының маңызын бағалайды
Дескрипторлар:
Қоғамның қоғамдық-саяси өміріндегі тұлғаның рөлі туралы кем дегенде 3 дәйек келтіреді.
Жұптағы жұмыс.
Ақпараттық парақтармен жұмыс (Мартин Лютер Кингтің "Менің арманым бар!» қысқаша сөзі)
Тапсырма: ақпараттық парақтарды оқып шығып, келесі тақырыпқа ментальды карта құрыңыз:
"Менің арманым бар".
Дескрипторлар:
Тарихтағы тұлғаның рөлін талдайды
Азаматтық құқық үшін күресте тұлғаның белсенді азаматтық ұстанымының маңызын бағалайды
Рефлексия
Сөйлемдерді толықтырып жазыңыз:
Менің ........... арманым бар
Менің ........... арманым бар
Менің ........... арманым бар
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.