Мартин Лютер Кингтің ұлы арманы. Дүние жүзі тарихы, 11 сынып, сабақ жоспары.


бөлім: 3.1-бөлім тармағы: ХХ ғасырдағы еркіндік пен әділдік үшін күрескерлер

Мектеп: Орал қ.ФМБ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Букаева Б. С.

Сынып: 11 сынып

Қатысқан оқушы саны:

Қатыспағаны:

Сабақтың тақырыбы: Мартин Лютер Кингтің ұлы арманы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.3.2.3 тұлғаның қоғамдық-саяси өмірдегі рөлі туралы қорытынды жасау;

11.3.2.4 АҚШ-тағы тарихи оқиғаларды түсіндіру үшін "нәсілдік кемсітушілік", "сегрегация" ұғымын пайдалану;

11.3.2.5 азаматтық құқық үшін күресте тұлғаның белсенді азаматтық ұстанымының маңызын бағалау;

 Сабақтың мақсаттары

Мартин Лютер Кингтің қара нәсілді халықтың азаматтық құқықтар үшін күрестегі рөлін анықтау және бағалау

 Бағалау критерийлері

мәтінді талдай отырып, қоғамның қоғамдық-саяси өміріндегі тұлғаның рөлі туралы қорытынды жасайды;

АҚШ-тағы тарихи оқиғаларды түсіндіру үшін "нәсілдік кемсітушілік", "сегрегация" ұғымын пайдаланады;

азаматтық құқық үшін күресте тұлғаның белсенді азаматтық ұстанымының маңызын бағалайды

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар мақсаттарды анықтау мақсатында жұптарда жұмыс істей алады

Пәндік лексика және терминология:

Сегрегация, нәсілшілдік, ку-клукс-клан, нәсілдік кемсіту,

Диалог /жазу үшін пайдалы сөз тіркестерінің сериясы:

20 ғасырдың 60-шы жылдарында АҚШ-та негр халқы күресінің басты мақсаты ………… болды

Өз құқықтары үшін күрес құралы ретінде Американың қара нәсілді тұрғындары ………… таңдады

Менің ........... арманым бар

 Құндылықтарды дәріптеу

Адам құқықтары мен қадір-қасиетін құрметтеуге, толеранттылық пен өзара түсіністікке тәрбиелеу

 Пәнаралық байланыстар

Әдебиет сабағымен

 Сабақ тұжырымы

маңыздылығы

 АКТ пайдалану

  дағдылары

Ақпаратты іздестірумен, оны іріктеумен байланысты өзіндік жұмыс дағдыларын дамыту; фактілер мен құбылыстар арасындағы байланыстар мен айырмашылықтарды салыстыру және белгілеу

 Бастапқы

  білім

Сабақ барысы 1 сабақ

Сабақтың жоспарланған кезендері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

(5 мин)

(ПСМ) "Мен бір күні бұрынғы құлдардың ұлдары мен бұрынғы құл иелерінің ұлдары Джорджияның қызыл жотасында бауырластар ретінде бір үстел басында отыратын күнді армандаймын".

Сіз бұл сөздерді кім айтты деп ойлайсыз? Неліктен сіз олай ойлайсыз?

Сабақ тақырыбын, оқыту мақсатын және бағалау критерийлерін бірлесіп анықтау.

1, 2, 3 слайдтар

Сабақтың ортасы

(5 мин)

(10 мин)

(15 мин)

(K) ми шабуылы: Сегрегация дегеніміз не?

Оқушылар алдымен жұптасып, содан кейін топтарға бірігіп, "сегрегация" терминінің анықтамасын тұжырымдайды. Сыныпта өз жауаптарымен алмасады.

Оқушылардың жауаптарын тыңдап, талқылап шығып, мұғалім тақтада терминнің дұрыс анықтамасын көрсетеді және 20 ғасырдың 60-шы жылдарында АҚШ-тың қоғамдық-саяси өмірінде нәсілдік сегрегация саясаты қалай болғанын түсіндіреді. Нәсілдік сегрегация мектептерде қара түсті және ақ түсті халықты бөлек оқыту саясатына негізделді, оларды тек ақ адамдарға арналған көпшілік орындарға жібермеу және т.б.тыйымдар орын алды. Қоғамдық және саяси өмірдің түрлі салаларында (тұрғын үй, білім беру, жұмысқа жалдау және т.б.) қаралтым түсті халықты кемсітудің сақталуынан туындаған негрлер қозғалысының толқыны елеулі құбылыс болды. Осы толқулардың барысында жас негр дін қызметшісі Мартин Лютер Кинг үлкен танымалдыққа ие болды.

(К) Мартин Лютер Кинг туралы "Адамдарға қызмет еткен жүрек" бейне материалын қарау

Бейнематериалға тапсырма:

Бейнематериалды мұқият қарап, сұрақтарды таңдап, оларға жауап беріңіз:

  • Бейнеақпаратты пайдалана отырып, "сегрегация" және "нәсілдік кемсітушілік"терминдерін түсіндіріңіз. Олар қандай салаларда көрініс тапты?
  • Мартин Лютер Кингтің идеялармен шабыттандырушы ұстазы кім болды? Неліктен олай деп ойлайсың?

Дескрипторлар:

  • "Сегрегация" және "нәсілдік кемсітушілік" қолданылған кем дегенде 3 саланы келтіреді
  • Мартин Лютер Кингтің таңдаған күрес тактикасын түсіндіреді.

4-слайд

https://www.youtube.com/watch?v=A6fD1CDc2w8

Адамдарға қызмет еткен жүрек. Мартин Лютер Кинг

Сабақтың  соңы

(5 мин)

Рефлексия

Сөйлемдерді толықтырып жазыңыз:

20 ғасырдың 60-шы жылдарында АҚШ-та негр халқы күресінің басты мақсаты ………… болды

Өз құқықтары үшін күрес құралы ретінде Американың қара нәсілді тұрғындары ………… таңдады

Сабақтың басы

(5 мин)

2-сабақ

Бейнематериалды қарап шығу Мартин Лютер Кингтің "Менің арманым бар» тақырыбындағы танымал сөзі

Тапсырма: Лютер Кинг өзінің құқықтары үшін бас көтерген негр халқының күресінде қандай рөл атқарды? Өз жауабыңызды дәйектеңіз.

Дескрипторлар:

  • Қоғамның қоғамдық-саяси өміріндегі тұлғаның рөлі туралы қорытынды жасайды.

https://www.youtube.com/watch?v=tHbaEToWa78

Мартин Лютер Кингтің әйгілі болған сөйлеген сөзі

Сабақтың ортасы

(10 мин.)

(15 мин)

Жұптағы жұмыс:

Терминдерді анықтамалармен салыстырыңыз: нәсілшілдік, нәсілдік кемсітушілік, сегрегация, ку-клукс-клан және терминдердің бірімен Синквейн құрастырыңыз

Ақпараттық парақтармен жұмыс (Мартин Лютер Кингтің "Менің арманым бар!» қысқаша сөзі)

Жұптағы жұмыс.

Тапсырма: ақпараттық парақтарды оқып шығып, "Менің арманым бар" тақырыбы бойынша ментальды карта құрыңыз.

Дескрипторлар:

  • Тарихтағы тұлғаның рөлін талдайды
  • Азаматтық құқық үшін күресте тұлғаның белсенді азаматтық ұстанымының маңызын бағалайды

2-қосымша

1-қосымша

Сабақтың  соңы

(10 мин)

Сөйлемдерді толықтырып жазыңыз:

Менің ........... арманым бар

Менің ........... арманым бар

Менің ........... арманым бар

Саралау – Көбірек қолдау көрсетуді Сіз қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушылардың алдына қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау -Сіз оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеруді қалай жоспарладыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Саралау ақпараттық парақтармен және бейнематериалмен тапсырмаларды орындау кезінде қолданылды.

Ең қабілетті оқушылар тапсырмаларды өз бетінше орындайды, ал кейбір оқушыларға қажет болған жағдайда қолдау көрсетіледі.

Саралау сонымен қатар оқушыларға берілген тапсырмаларда және сабақтың әртүрлі кезеңдерінде уақытты тиімді пайдалануды ескере отырып қолданылды.

Сабақта қызмет нәтижелері бойынша жұптардың өзара бір-бірін бағалауы және өзін-өзі бағалауы жоспарланды.

Сабақта денсаулық сақтау технологиялары, оқытудың белсенді әдістері қолданылды.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақтың мақсаттары /оқыту мақсаты шынайы қойылды ма?

Барлық оқушылар оқыту мақсаттарына жетті ме?

Жетпеген болса, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс өткізілді ме?

Сабақтың уақыт кезеңдері сақталды ма?

Сабақтың жоспарынан қандай ауытқулар болды және неге?

Сабақтың мақсаты шынайы қойылды, орындалды және бағаланды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.