Мартин Лютер Кингтің ұлы арманы. Дүние жүзі тарихы, 11 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ конспектісі
Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||
Пәні: Дүниежүзілік тарих | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||
Күні: | Сынып: 10 A,B,C,D | Оқушылар саны: | |||
Кәсіби біліктілікті арттыру мақсаты | Дифференциалды оқытуды қолдану арқылы оқушылардың ынтымақтастық дағдыларын дамыту. | ||||
Ұзақ мерзімді жоспар тарауы | 3.1-бөлім: ХХ ғасырдағы бостандық пен әділеттілік үшін күресушілер | ||||
Сабақ тақырыбы | Мартин Лютер Кингтің ұлы арманы | ||||
Алдыңғы білім | Бұл бөлім Дүниежүзілік тарих курстарында (8-9 сыныптар) алынған білімге, атап айтқанда, Бірінші және Екінші Дүниежүзілік соғыстардың фактілері, ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы жаңа саяси режимдердің қалыптасуының негізгі оқиғалары мен ерекшеліктері туралы білімге негізделген. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі деколонизация процесін жеделдеткен ұлт-азаттық қозғалыстардың өрлеуі. Америка, Африка және Азия елдерінде нәсілдік дискриминациямен күрестің күшеюі. | ||||
Сабақтың мақсаты: | жеке тұлғаның қоғамдық-саяси өмірдегі рөлі туралы қорытынды жасау. | ||||
Оқыту мақсаты: | 11.3.2.3 - жеке тұлғаның қоғамдық-саяси өмірдегі рөлі туралы қорытынды жасау; 11.3.2.5 - азаматтық құқықтар үшін күресте жеке тұлғаның белсенді азаматтық позициясының маңыздылығын бағалау. | ||||
Жетістік критерийлері | - Мартин Лютер Кинг тұлғасының қалыптасуына әсер еткен маңызды оқиғаларды анықтайды; - Мартин Лютер Кингтің негізгі идеялары мен армандарын анықтайды; - болашаққа деген өз ойлары мен армандарын анықтайды. | ||||
Тілдік мақсаттар |
| ||||
Құндылықтарға баулу | Құрмет көрсету, жауапкершілік, адалдық | ||||
Пәнаралық байланыстар | Социология, психология, құқықтану. | ||||
Дифференци ация | - тапсырмаларды таңдауда: оқушылар карточкаларды құрастыруға және тапсырмаларды орындауға арналған ақпаратты өздіктерінен таңдайды; - үй тапсырмасын, оқу материалдары мен ресурстарды таңдауда, оқушылардың жеке қабілеттері ескеріледі. | ||||
Сабақ барысы | |||||
Жоспарланған кезеңдер | Жоспарланған кезеңдер | Жоспарланған кезеңдер | |||
Сабаққа кіріспе 5 мин | 1. Ұйымдастыру сәті. 2. Жоқ балаларды белгілеу. Шақыру (қатыстыру) кезеңі: Жергілікті және жаһандық контекстінде қара нәсілді адамдардың азаматтық құқықтары үшін қозғалыстың үдеуіне әсер еткен негізгі факторлар туралы идеялармен алмасу (үй тапсырмасы) Талқылаудан кейін Мартин Лютер Кингтің тұлға ретіндегі рөліне назар аударыңыз. Оқушылардан осы тарихи тұлға туралы не білетіндерін сұраңыз және бос ұяшықтарға Мартин Кингке байланысты сөздер мен сөз тіркестерін жазыңыз. | Презентация | |||
Сабақтың негізгі бөлімі 10 мин 5 мин 7 мин 7 мин | 1. «Мартин Лютер Кингтің өмір кестесін» құру. Оқушыларға бүгін олардың барлығы бірге «Мартин Лютер Кинг өмірінің кестесін» құратынын түсіндіріңіз (бұл үшін қалың картоннан жасалған карточкаларды, жіпті және қыстырғыштарды қолдануға болады) А) Оқушыларға кейіпкердің өмірбаянынан фотосуреттер мен мәтіндер жазылған карточкаларды беріңіз (1-қосымша, Мартин Лютер Кингтің өмірбаяны), оларға Мартин Лютер Кингтің өмірін зерттейтінін айтыңыз. Оқушыларға зерттеу барысында олар бос карталарға Кинг өміріндегі маңызды күндер мен оқиғаларды белгілеу керектігін түсіндіріңіз. Оқушылар мәтіндерін оқып, содан кейін Мартин Лютер Кингтің өмірінен маңызды күндер мен оқиғаларды (қысқаша сипаттамамен) бос карталарға (қалың картоннан жасалған карталар) енгізеді. В) Топтық жұмыс. Оқушыларды шағын топтарға ұйымдастырыңыз және оларды карточкаларындағы ақпараттарымен топ мүшелерімен бөлісуге шақырыңыз. Содан кейін әр топтың мүшелерінен өздерінің карталарын бірге жинап, уақыты бойынша ретке келтірулерін сұраңыз. С) Сыныппен жұмыс. Кингтің туған күнін - 15 қаңтар 1929 жыл - тақтаға жазыңыз. Әр топтан 1929 жылы болған оқиғаны жазғанын сұраңыз. Егер солай болса, бір оқушыдан осы оқиға туралы ақпаратты жинақтауды сұраңыз (картаға енгізе отырып). Барлық карталар ретімен дұрыс қойылғанға дейін осылай жалғастырыңыз. Сізге екі-бес жыл аралықтарындағы, әсіресе, кейіпкер өмірінің алғашқы жылдарындағы, аз мәліметтер болған кездегі, оқиғалар туралы сұрауға болады. Оқушылармен бірге карточкаларды хронологиялық тәртіппен уақыт кестесіне бекітіңіз. Қажет болса, журналдардан және басқа дерек көздерінен алынған Мартин Лютердің суреттерін қосыңыз. 2. Оқушыларға олардың Мартин Лютер Кингтің болашақ арманы туралы оқығалы жатқандарын түсіндіріп, оқушылардан олардың өз армандары туралы ойлауын сұраңыз. А) Мартин Лютер Кингтің «Менің арманым бар» атты сөзінің жазылған нұсқасын қосыңыз, оқушылар Кингтің өз сөзін және осы айтылған сөзден туындаған толқуды сезіну үшін. В) Оқушылармен батырдың елі туралы арманын талқылаңыз және неге адамдар бұл сөзді керемет деп санайтынын сұраңыз | Презентация, Толтыруға арналған бос карточкалар, «Мартин Лютер Кингтің өмірбаяны» мәтіні, 1-қосымша, киімдік жіп (капрон жіп), киім ілгіштері немесе қағаз қыстырғыштар. | |||
Сабақты қорытындылау 6 мин. | Рефлексия Оқушылардан болашақ туралы өз армандары туралы ойлауын сұраңыз. Ұсынылған парақтарға әр оқушы (2-қосымша) «Менің де арманым бар» жұмыс парағы) өз арманын/армандарын жазады. Оқушылар өз сөздерін сыныптастарына ұсынады. Үй тапсырмасы: - POPS формуласын қолдана отырып, «Тұлғаның қоғамдық-саяси өмірдегі рөлі туралы» эссе жазыңыз: Р - позиция. «Менің ойымша ...» О - дәлелдеу, өз ұстанымын түсіндіру. «Себебі…» Р - мысалдар. - «Мысалы ...», «Мен бұны ... мысалымен дәлелдей аламын». C - салдар (шешім немесе тұжырым). «Осылай ...», «Қорытындылай келе...», «Сондықтан ...», «Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, мен мынандай қорытындыға келемін ...». | Қосымша 2. Жұмыс парағы «Менде де арман бар» | |||
Сабақты рефлексиялау Сабақ/оқу мақсаттары шындыққа негізделген болды ма? Барлық оқушылар ОМ-на қол жеткізді ме? Егер жоқ болса, неліктен? Саралау сабақта дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды және неліктен? | Сабақ туралы ойлану үшін осы бөлімді қолданыңыз. Сол жақ бағандағы сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. | ||||
Жалпы бағалау Сабақтың қай екі аспектісі жақсы өтті (оқыту да, үйрету туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не көмектесе алар еді (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: | |||||
1-ден 5-ке дейін ұпай қою керек: Жеке - Жұптық жұмыс - Карталармен жұмыс - Өзіндік жұмыс - Топтық жұмыс - Ұжымдық жұмыс – | 1-ден 5-ке дейін ұпай қою керек: Жеке - Жұптық жұмыс - Карталармен жұмыс - Өзіндік жұмыс - Топтық жұмыс - Ұжымдық жұмыс – |

Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.