АҚШ-тың батыс бағыттағы аумағы қалай кеңейді? Дүние жүзі тарихы, 7 сынып, дидактикалық материал.
Қосымша 1.
Тапсырма 1. АҚШ-на сипаттама беріңіз.
Карточкалар.
1819 жылы мемлекеттік хатшы Джон Куинси Адамс «АҚШ Солтүстік Американың географиялық ортаның бір бөлігі ретінде еуропалықтардың санасында қалыптаспағанша, шынайы пиғылдарымызды әлемді сендірудегі біздің әрбір ісіміз, күш-жігеріміз бізді екіжүзді етіп көрсетеді » деп ашық айтты. Американдықтардың Батысқа қозғалысы геосаяси және экономикалық себептерге негізделді. Миллиондаған көшіп келгендер елде үлкен мүмкіндіктер көрмеді. Жер сатылды, билік бөлінді, қарапайым адамға қалғаны тек жалдамалы жұмысқа тұру болды. Америкалық көшбасшылар бұл ел бастапқыда барлық азаматтардың экономикалық өркендеу идеясына негізделгенін жақсы білді. Америка Құрама Штаттарының конгресі өзінің тарихының басында Миссисипидің батысындағы жерде қоныстануға тыйым салатын заң актісін талқылағанда сәтсіздікке ұшырады. Оның орнына, 1790 жылы аңызға айналған «солтүстік-батыс әмірлері» қабылданды, соның ішінде Аппалачи таулары мен Миссисипи өзені арасында 500 мың шаршы шақырым жер мемлекеттік қоныс аударушыларға мүлдем тегін берілді. Осы аумақта 10 жылдан аз уақыт ішінде 5 тығыз елді мекендер құрылды: Индиана, Иллинойс, Мичиган, Висконсин және Огайо.
Біртұтас ішкі нарықтың болуы | Капиталдың өсуі |
Ағылшындардың жетістіктерін қолдану | Брыңғай ақша жүйесінің енгізілуі |
Банк жүйесін құру | Президенттік республика |
Көлік жолдарын құру | Еркін бәсекелестік |
Қосымша 2.
Кескін карта.
Тапсырма 2. XIX ғ. АҚШ-на қосылған аймақтарды кескін картаға белгілеңіз.
Қосымша 3.
Тапсырма 3. Колонистер қолданған күрес әдістерін анықтаңыз.
Үнділіктер алғашқы қоныстанушыларды құшақ жая қарсы алды. Вампаноаг тайпасының көшбасшысы Массасоит, қоныстанушыларды жүгеріні өсіруге үйретті. Джеймстаундағы колониядағы ішкі күйзелістің салдарынан үнділіктер қоныстанушыларға азық-түлікпен қамтамасыз етті. У. З. Фостер атап өткендей, үндістердің көмегінсіз, Плимут пен Джеймстаун колониялары алғашқы жылдарда қырылып қалуы мүмкін еді. Бірақ көп ұзамай колонистіердің өсіп келе жатқан агрессивтілігі, үндістерді өз жерінен шығару, оларды құлдыққа алу, тонау және зорлық-зомбылық үндістердің көзін ашты; олар саудагерлер мен колонистерге қарсы күрес жүргізе бастады. Үш ғасыр бойы үндістерге қарсы соғыстар жалғасты. XIX ғасырдың аяғында ғана үндістерге қарсы қарулы күрес аяқталды, үндістер арнайы бөлінген аймақтарда (резервацияда) өмір сүруге міндетті болды. Үндістер еуропалықтарға қарсы шыға алмады. Көптеген жылдар бойы еуропалық-колонистер үндістерге қарсы күресте барлық құралдарды қолданған (мықты қару-жарақ, экономикалық артықшылық, жақсы ұйымдастыру, опасыз саясат, дипломатия қолданылды).
Еуропалықтардың келгеніне дейін үндістер алкогольдік сусындарды білмеді. Испандықтар, француздар, британдықтар үнділік «пұтқа табынушылар» арасында христиан дінімен қатар, виски мен ромды үнемі таратқан. Голландиялық Ост-Үнді кампаниясының қызметінде болған ағылшын Генри Гудзон 1609 жылы Манхэттен аралына қоныс аударған кезде, ол ең алдымен үнді билеушілерді шарап ішкізген. Манхэттен аралын еуропалықтар үндістерден пышақтар мен моншақтарға сатып алды (шамамен 24 доллар).
http://www.biografia.ru/arhiv/amerika06.html
Тапсырма 4 . АҚШ-ның қарқынды дамуының негізгі және жанама себептерін анықтаңыз.
- Біртұтас ішкі нарық;
- Құлдықтың жойылуы, сословиелердің болмауы.
- Геосаяси жағдайы, әскери шығындардың болмауы.
- Климат және ресурстар.
- Халық санының өсуі.
- Халықтың сауаттылығы.
- Жеке кәсіппен айналысу еркіндігі.
- Еңбекке құрмет.
- Соғыстардың болмауы.
- Республикалық жүйе.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.