АҚШ-тың батыс бағыттағы аумағы қалай кеңейді? Дүние жүзі тарихы, 7 сынып, қосымша материал.
МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ
8 СЫНЫП, САБАҚ 8.19.2
X бөлім. Америка Құрама Штаттарының күшеюі
Сабақ тақырыбы: АҚШ-тың батыс бағыттағы аумағы қалай кеңейді?
Оқу мақсаты:
7.3.1.2 - XIX ғасырдағы Америка Құрама Штаттары территориясының кеңею үдерісін сипаттау
Тарихи концепт: дәлел
Сабақ тақырыбына байланысты қосымша теориялық материалдар
«Жабайы Батысты игеру» атты мәтін.
Бастапқыда Солтүстік Американың еуропалық көшіп келушілер Атлантиканың шығыс жағалауларын игерді. Тек ең батыл саяхатшылар - алғашқы ізашарлар (пионерлер) құрлыққа терең енген. Қиындықтарға толы саяхат көп уақыт пен күш алды, сондықтан қолайлы орын тауып, адамдар тоқтап, тұрғын үй салуға кірісетін. Олар осы аумақтарда ешкім өмір сүрмейді деп ойлады.
Шын мәнінде, бұл аймақ бұрыннан американдық байырғы тұрғындары – үнділіктердің жері болды. Үнділіктер жаңа қоныстанушыларды достықпен қарсы алды, қарсыластық білдірмеді, бірақ қоныстанушылардың кейбірі агрессия көрсетті. Сол себепті байырғы тұрғындар мен жер аударушылар арасында қарулы қақтығыстар басталды. Нәтижесінде көптеген байырғы тұрғындар зардап шекті, осы күресте қоныстанушылар жеңіске жетті.
Барлық оқушыларға арналған тапсырма:
Мәтінді қолданып, Американың Солтүстік және Оңтүстік штаттарының дамуын салыстыратын Венн диаграммасын толтырыңдар.
Америка Құрама Штаттарының солтүстігінде 1820-1840 жылдары өнеркәсіптік төңкеріс басталды. Сол кезде американдықтар еуропалық тәжірибеге, сондай-ақ Ескі Әлемнің техникалық жетістіктеріне және оның капиталына сүйенуілері мүмкін еді. Зауыт өндірісінің қарқынды дамуы, негізінен, мақта саласына әсер етті.
1790 жылы американдық өнертапқыш Слейтер ағылшын моделіне сәйкес бірнеше ондаған ұршық қондарылған шеберхана ашты. Ширек ғасырда осындай өндірістердің саны жүз мыңнан астам болды. 1814 жылы Лоулде су қуатымен іске қосылатын механикалық станок пайда болды. Ол мақтаны жіпке айналдырып, одан маталар жасалған. Пенсильванияда темір кендері табылып, мұнда темір өндейтін пештер мен арнаый диірмендердің құрылысы басталды. Бірыңғай нарық құру үшін дамыған көлік желісі қажет болды. Бастапқыда өзен көлігі көбінесе дамыды, бірақ кейін олар автожолдар мен теміржолдармен ауыстырылды.
Ауыл шаруашылығында фермерлік шаруашылықтар басым болды. Мұнда бос жерлер жеткілікті болғандықтан, жеке отбасылар жер сатып алып, жұмыс істей бастады. Уақыт өте келе фермерлер жалданбалы жұмысшыларды пайдалана бастады.
АҚШ-тың оңтүстігінде және оңтүстік-батыс штаттарында индустриалды даму байқалмады. Мұнда өмірдің негізі - құлиеленушілік жүйесі болды, ал табыстың негізгі көзі - плантациялар мен мақтаның сатылуы болды. 1793 жылы американдық инженер Эли Уитни мақта тазалау машинасын ойлап тапты. Бұл жаңашылдық плантациялардың алаңын арттыруға мүмкіндік берді. Оңтүстіктегі мақта өндірісі 1830 жылдан бастап 1850 жылға дейін үш есе өсті. Қара құлдардың еңбегінің арқасында плантаторлар мол табысқа қол жеткізді.
Осылайша, оңтүстік штаттар өздерінің өнеркәсіпшілеріне емес, өз кәсіпорындарына мақта сатып алған британдықтарға бағыт алды. Британдықтар өздерінің арзан әрі жоғары сапалы тауарлар әкеліп, оны мақтаға айырбастады.
Осылайша, АҚШ-тың оңтүстігі еуропалық мақта өнеркәсібінің шикізат көзі болып қалыптасты, осымен американдық индустрияның дамуына кедергі келтірді. Мақта АҚШ-тың негізгі экспорттық тауарыа айналды.
Америкалық өнімдер британдықтармен бәсекеге түсе алмады, және ұлттық индустрия өз елінің экономикалық ресурстарын толығымен пайдалана алмады.
Американдық индустрияны табысты дамуына екі фактор кедергі жасады: жұмысшылардың батыс жерлеріне ауысуы және британдық тауарлардың қатал бәсекелестігі.
Тоқыма станоктарында жұмыс жасау физикалық күшті немесе арнайы дағдыларды талап етпеді, сондықтан көбінесе тоқыма зауыттарында әйелдер жұмыс істеді. Мұндай инновациялар тауарлардың құнын төмендетті. Англияға экспортталған мақтаның құнына Англиядан әкелінген арзан әрі жоғары сапалы тауарлар сатылды.
Ағылшын өнімдерінің негізгі тұтынушылары - қарапайым құралдар мен үй киімдерін ағылшын тауарларына ауыстырған фермерлер болды. ХІХ ғасырдың ортасында металлургия өнеркәсібі іс жүзінде механикаланды, бірақ оның барлық жабдықтары Англиядан әкелді, өйткені американдық жабдықтар қымбатқа түсіп, сапасы төмен болды.
Оңтүстіктегі плантаторлар құл саудасын сақтауға мүдделі болды, өйткені плантацияларда құлдар жұмыс істеді. «Тірі тауармен» саудаға тыйым салынғанына қарамастан, XVIII ғасырдың соңында оңтүстікте құл саудасы өркендеді.
Өнеркәсіптің қарқынды дамуына қарамастан XIX ғасырдың басында американдықтардың басым бөлігі ауыл шаруашылығымен айналысты. АҚШ-ры аграрлық ел болды. Қара нәсілді құлдар қатыгездікке қарсы тұрды. Олар құлдық таралмаған солтүстік штаттарға қашып, құл иелеріне қарсы көтерілістер көтерді. Оңтүстікте Линч соттары таралды.
1830 жылдың басында американдық қоғамда құлдыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс басталды. Бұл қозғалысқа қатысушылары аболиционистер деп аталды.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.