АҚШ-тың батыс бағыттағы аумағы қалай кеңейді? Дүние жүзі тарихы, 7 сынып, сабақ жоспары.
Дүниежүзі тарихы, 8 сынып.
Қысқа мерзімді жоспар № 8.19.2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Америка Құрама Штаттарының күшеюі | Мектеп: | ||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||
Сынып: 8 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||
Сабақ тақырыбы | АҚШ-тың батыс бағыттағы аумағы қалай кеңейді? | ||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 7.3.1.2 - XIX ғасырдағы Америка Құрама Штаттары территориясының кеңею үдерісін сипаттау | ||
Сабақ мақсаттары | АҚШ-ты батысқа қарай кеңейту жолдарын анықтау. | ||
Бағалау критерийлері
| - XIX ғасырда батыс бағытта АҚШ аумағын кеңейту үдерісінің ерекшеліктерін түсіндіреді. | ||
Тарихи концепт (фокус)
| Дәлел | ||
Тілдік мақсаттар
| Тілдік құзіретті дамыту: Тыңдалым: ауызша пікірлерді тыңдау. Оқылым: мәтіндік мәліметпен жұмыс. Жазылым: жазба жұмыстарын орындау. Айтылым: барлық сыныппен жұпта/топта ұжымдық талқылау, сондай-ақ сұрақтарға жауап беру кезінде. Пәнге тән лексика мен терминология: экспансионизм жабық арбалардың тізбегі, алтын дүрлікпесі, шериф, темір жол, ковбой, бизон, үндіс. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Американдық көшбасшылар мұның олар үшін «Тағдырдың анық жазғаны» болғанына сенді … Солтүстік Американың байырғы тұрғындарына әділетсіз қарады, себебі … Американдық экспансионизм мынаған алып келді: … Америка Құрама Штаттар саясатының Солтүстік Американың ежелгі тұрғындарына негізгі ықпалы … болып саналды. Темір жолдар салына басталғаннан соң, американдықтар мыналарды жүзеге асырды: … Батысқа қарай жылжу американдық ұлттық сана-сезімі үшін маңызды болды, себебі … | ||
Құндылықтарды дарыту
| жұптық/топтық жұмыстарды және бағалауды ұйымдастыру арқылы ынтымақтастық, сыйластық пен академиялық шындықты дамыту | ||
Пәнаралық байланыстар | География (АҚШ аймағы) | ||
АКТ қолдану дағдылары | Осы сабақта интербелсенді тақта және сабақ тақырыбы бойынша презентация пайдаланылады. | ||
Бастапқы білім | Оқушыларда 7 сыныпта өткен Ұлы географиялық ашулар жайлы қысқаша ақпартты біледі. | ||
Сабақ барысы
Сабақ элементтері, уақыт | Жоспарланған іс-әрекет (мұғалімнің және оқушылардың іс әрекеті) | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы Ұйымдастыру кезеңі 0-2 | 1. Сәлемдесу 2. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. | Оқу құралдары | |||||
Сабақ тақырыбын, мақсаттар және бағалау критерийлерін анықтау 2-8 | БЫМ/Б Оқушылар назарына АҚШ-тың тәуелсіздік кезінде және қазіргі кездегі тудың суреттерін көрсетіңіз. Сұрақтарды талқылаңыз: - неліктен жұлдыздардың саны әртүрлі? - неліктен сызықтардың саны өзгермеді? Оқушылардың кез келген жауаптары қабылданады. Оқушыларға АҚШ-тың батыс қарай аумағының кенеюі жайлы сабақ өтетінін айтыңыз. Жұмыс дәптеріне сабақ тақырыбын жазып, зерттеу жұмысының қадамдарымен, сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерімен, тарихи концептімен танысу. | Презентация | |||||
Сабақтың ортасы Сыныппен талқылау 8-13 Топтық жұмыс түрі Зерттеу жұмысы 13-20 | Б оқушылар назарына екі карта ұсынылады: алғашқы 13 штаты бар карта және XIX ғ. Екінші жартысындағы АҚШ-тың саяси картасы (Қосымша1). Карталарды салыстырып, айырмашылықтарды анықтап, аумақты кеңейтудегі себептері мен әдістерін анықтауы қажет. Дескриптор: - кем дегенде бес ерекшеліктерін анықтайды. - кем дегенде екі әдісті анықтайды. Б жұмыс нәтижесін талқылаңыз, әр топ жұмысын қорғайды, басқа топтпр жауаптарды толықтырады. Талқылауға арналған сұрақтар: -байырғы халықтың өмірі қалайша өзгерді? - үндістер өз жерлерін қорғай алды ма? Еуропалық колонистерге қалайша тойтарыс бере алды? Суретші Джордж Кэтлиннің американдық жазықтың суреттерін, бұл жазықтарды мекен еткен байырғы тұрғындары мен«Тағдырдың анық жазғаны» көрсетіңіз. Колонистердің өз тағдырына сенетінін және 19-шы ғасырда кең аумақтарының тұрғындарына деген көзқарасына әсер еткенін оқушыларға түсіндіріңіз. Сондай-ақ, бұл идея Америка Құрама Штаттарының кейде зорлық-зомбылықты кеңейтуді, мысалы, Мексикамен соғыс кезінде немесе британдық келіссөздерде ақтау үшін қолданылғанын түсіндіріңіз. Ж жұптарға үндістермен соғысты сипаттайтын суреттерді ұсыныңыз (Қосымша 2). Колонистердің үндістермен соғыста қолданған әдістерді анықтауы қажет. Өзін-өзі бағалау үшін дұрыс жауаптар парағын таратыңыз (Қосымша 3). Дескриптор: - үндістермен күресте кем дегенде екі әдісті анықтайды. Б анықталған әдістері туралы оқушылардың пікірін тыңдап, талқылаңыз: - Неліктен колонистер діни адамдар бола тұра, мұндай әдістерді қолданды? Ж XIX ғ. АҚШ-ты сипаттаңыз. 1. күшті жақтары (саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени); 2. әлсіз жақтары (саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени). Б жұмыстың нәтижесін талқылаңыз. Өзара бағалау түрі пайдаланылады. | Қосымша 1 Қосымша 2 Қосымша 3 | |||||
Сабақтың соңы Рефлексия және үй тапсырмасы 40-45 | Рефлексия (Ж) Оқушылардың оқу мақсаттарына және бағалау критерийлеріне, сабақ мақсаттарына назар аудартыңыз. Оқушыларға оқу мақсаттары мен сабақ мақсаттарына жету деңгейін бағалауға шақырыңыз. | Презентация | |||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
Сабақта ақпаратты қабылдаудың әртүрлі түрлері ескеріледі. Бекіту кезеңінде қабілеті төмен оқушыларға түрлі тіректер ұсынылады. | Келесі оқу мақсаттары үшін қалыптастырушы бағалау: 7.3.1.2 - XIX ғасырдағы Америка Құрама Штаттары территориясының кеңею үдерісін сипаттау Жақын арадағы даму аймағын (ЖАДА) анықтайтын ой қозғау кезеңінде диагностикалық бағалау ұйымдастыру. Мағынаны тану кезеңінде оқушылар критерийлерге сәйкес бағаланады, олар себептерін аталған сипаттамаларға сәйкес жіктеуге мүмкіндік алады. | Оқушылар топтық жұмыс кезінде сыныпта жүрген кезде қауіпсіздік шараларын сақтау. Интербелсенді тақта 10 минут шамасында жұмыс жасайды. | |||||
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.