XIV Людовик және Ұлы Петр: кімнің билігі айтарлықтай шексіз болды? Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, қосымша материал.


 МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

 6 СЫНЫП, САБАҚ 6.18.3

 

VII бөлім: Абсолютизм: Батыс пен Шығыс

Сабақ тақырыбы: XIV Людовик және Ұлы Петр: кімнің билігі айтарлықтай шексіз болды?

Оқу мақсаттары:

6.3.1.3 - феодалдық мемлекеттің даму кезеңдерін сипаттау;

6.3.1.2 - Батыс пен Шығыстағы монархия формаларын (сословиелік-өкілдік және шексіз билік) ажырату;

6.3.1.6 - «парламент», «Бас штаттар», «сейм», «кортес», «Боярлар Думасы» ұғымдарын түсіндіру

Тарихи концепт: ұқсастықтар мен айырмашылықтар.

 I Петрдің дәуіріне қатысты қосымша теориялық материалдар

 

 XVIII ғасырдың бірінші ширегінде Ресей өзінің тарихындағы күрделі кезеңін бастан кешірді: ол басқа еуропалық елдердің дамуынан артта қалды. Ресейде инженерлер мен ғалымдар жоқ еді. Әскер де өте нашар қаруланған және дайындықтан өтпеген, әскері флоты мүлдем болмады. Жас патша Ресейді бұл жағдайдан алып шығу керек екенін түсінді. Ол үшін білімді адамдар қажет болды. І Петр үнемі өзі білімін жетілдіріп, басқаларды да оқуға мәжбүрледі. Ол өте еңбекқор адам болды, көп қолөнерлерді игерді.

 I Петрдің тұсында Ресей ғылыми және мәдени дамуында алға қарай үлкен қадам жасады. Ол Ресейдің шын мәнінде патриоты болды, елінің мүмкіндіктеріне сенді, оны ешқандай сол кезде болып жатқан елдегі сәтсіздіктер тоқтата алмады.

 I Петрдің реформалары:

 1. 1700 жылғы 1 қаңтардан бастап Христостың туылған жылынан басталатын жаңа жыл есебін қабылдады.

 2. 1703 жыддан бастап «Ведомости» деп аталатын Ресейдің алғашқы газеті шығарыла басталды.

 3. 1719 ж. Реседегі алғашқы мұражай Кунсткамера ашылды. Бұл сөз неміс тілінен сирек кездесетін жәдігерлер кабинетті, мұражай және ертерек уақыттырда - түрлі тарихи, көркем, басқа сирек кездесетін коллекциялардың атауы және оларды сақтау орны дегенді білдіреді.

4. Ғылым академиясын құрды (1724 ж.)

5. Бірінші қоғамдық кітапхана ашылды.

6. Ресей флотын құруы.

7. Жаңа зауыттар ашылды.

8. Жаңа қалалар пайда болды.

9. Жаңа мектептер ашылды.

10. Жаңа сән (мода) қалыптасты.

11. Жаңа (азаматтық) әліпби енгізілді (1710 ж.).

12. Цехтар мен гильдиялар құрылды (1722 ж.).

13. Ресей империясын болып жарияланды (1721 ж.).

14. Тақ мұрагерлігінің жүйе өзгерді енді монарх өзі мұрагерді тағайындайтын болды (1722 ж.).

Саралап оқыту мүмкіндіктері

 1 тапсырма. Оқу қабілеттері жоғары оқушыларға арналған «I Петрдің дәуірі» тақырыбы бойынша викторина сұрақтары:

1. І Петр қандай есіммен Ұлы Елшілікпен шет елдерге барды? (Преображенский полкінің уряднигі Петр Михайлов деген есіммен)

2. Петр Санкт-Петербургті қалай атады? (парадиз, француз тілінен жұмақ)3. І Петр Санкт-Петербургті кімнің атымен атады? (Аулие Апостол Петрдің атымен)

  • Петр алғашқы орыс әскері деп кімді атады? (Сергей Леонтьевич Бухвостов, 1683 жылы 30 қарашада «өзінің қалауы бойынша» Сергей Бухвостов 11 жасар Петрдын алдынан шықты. Жас патшаның «күлкілі» Преображенский полктің біріншісі әскері болды, сондықтан оны патша бірінші ресейлік солдат деп атады. Бухвостов барлық патша басқарған әскери науқандар мен шайқастарға қатысты. «Бірінші ресейлік солдат» деген атағына ие болды.
  • Скавронская Марта Самуиловна деген кім? (I Екатерина Алексеевна - I Петрдің жұбайы, 1725 жылдан бастап 1727 жылға дейінгі бүкілресейлік патшайымы болды).6. Иван III кезінде қандай өнертабысты қорқыту үшін қолданды, ал I Петр оны безендіру мен ойын-сауық құралы ретінде пайдаланды? (дәрі).
  • I Петр 1710 жылы өз естелігінде жазғаны бар: «Девичьи тауларында мемлекеттік сағыз зауыты жұмыс істей бастады». Қазіргі кезде бұл таулар қалай аталады және сағыз зауыты қайда орналасады? (Жигули таулары деп аталады, сағыз зауыты Самар облысының Серноводск қаласында орналасады).
  • Александр Меньшиков бұрын немен айналысқан (бәліш сатқан).9. А.С. Пушкин: «Біресе - академик, біресе батыр, біресе теңіз саяхатшысы, содан кейін ағаш ұстасы» – деп кім туралы айтты? (I Петр туралы, ол қолөнердің 14 түрін білетін).

10. Петр I Голландиядан Мәскеуге Архангельск қаласы арқылы толған қап жібереді. Бұл қапта не болды? (картоп).

11.Теңіз академиясының студенттері қалай аталды? (Гардемариндер. 1716 жылдан бері сақталған атау. I Петр бұл атауды Теңіз гвардиясы академиясының бітірушілері мен гардемарин ротасына қабылдандарға ұсынған).

12. Петрдің сүйікті сайқымазағы Балакирев қандай оқиға туралы айтқан: «Бір жағынан, теңізде, екінші жағынан - қайғыда, үшіншіде – мүқ, төртіншіде - ох!»? (Санкт-Петербургтің құрылысы жөнінде).

13. Бірде Петр діни қызметкер Семеннан: «Менің құным қанша?» - деп сұрады. Поп Семен: «29 көне күміс теңге» деп жауап берді. «Аз емес пе?» - деп Петр қайран қалды. Поп Семен бұл туралы не деп жауап берді? («Сіз бұдан артық тұрмайсыз, Мәртебелі, Құтқарушымыз, Көктің Патшасы 30 көне күміс теңгеге сатылды, ал сіз, Жердің Патшасы, бір күміс теңгеге аз боласыз, деген).

14. I Петрдің мына жарлығында қандай оқиға айтылды: «... Және бір-бірін құттықтауға, жақсы көңіл-күй мен қуаныштың белгісі ретінде ... салауаттылық пен отбасылық мәселелерге сәттілік тілеп отырып ... Шыршалары безендіріп, таудан сынғанатып балаларға көніл сылау үшін. Ересектер ішімдік пен қырғынға ұшырамайтын – бұл үшін басқа ба күндер көп». (1700 жылғы 1 қаңтарыдан бастап Жаңа жылды тойлау мерекесі туралы)

  • Бұл жолдар қандай шығармадан алынған: «... тік отырыңыз және алғашқы болып ас алмаңыз, шошқа сияқты жеуге болмайды және құлаққа соқпаңыз, барлық жерге шашыратып ... «? («Жастықтың адал айнасы»).

(дерек көз: https://videouroki.net)

 2-тапсырма. Көпшілік оқушылар үшін.Даталар мен оқиғаларды сәйкестендіріңіз:

Даталар

Оқиғалар

1. 1720-1721 жж.

А. Лесная ауылы маңындағы шайқас

2. 1708 ж.

Б. Солтүстік соғыс

3. 1720 ж.

В. Кунсткамераның ашылуы

4. 1714 ж.

Г. Гренгам аралындағы шайқас

5. 1708-1710 жж.

Д. С-Петербург қаласының құрылысы

6. 1703 ж. 16 мамыр

Е. Ғылым Академиясының ашылуы

7. 1697-1698 жж.

Ж. Дәрежелер Кестесін (Табель о рангах) енгізу

8. 1724 ж.

З. Таққа мұрагерлік туралы жарлығы

9. 1717-1721 жж.

И. Ұлы Елшілігі

10. 1722 ж.

К. Коллегияларды енгізу

Сіздін жауабыңыз:

____________________________________________________________________________________________________________________________________

Терминдер мен анықтамаларды сәйкестендіріңіз:

Терминдер

Анықтамалар

1. Ассамблея

А. Қағазға басып тұрып салған суретті баспа - таңба

2. Гравюра

Б. Мемлекеттің экономикалық саясатты, тауар импортын шектеу және кәсіпкерлерге экономикалық көмек көрсету мақсатына бағытталған отандық өндірісті қолдауы

3. Қолдампаздық (протекционизм)

В. Жасына қарамастан, салық төлейтін сословияларының ер азаматтарынан алынған негізгі тікелей салық

4. Подушная подать

Г. - Әйелдердің қатысуымен өтетің кездесу - бал

 Сіздін жауабыңыз:

1

2

3

4

3 тапсырма. Оқу қабілеттері жоғары оқушылар үшін.

 Мәдениет қайраткерлері мен олардың қызметінің қысқаша сипаттамасы арасындағы сәйкестілікті орнатыңыз: бірінші бағандағы әрбір ұстаным үшін екінші бағаннан тиісті позицияны таңдаңыз:

Мәдениет қайраткерлері

Сипаттамалар

1. И.Н.Никитин

А. Әлемдегі тұңғыш жонғыш білдегін ойлап тапты.

2. Доменико Трезини

Б. «Напольный гетман» атты портреттің авторы

3. А.К.Нартов

В. Көмір кеніштерін тауып, ашты

4. Григорий Капустин

Г. Петропавловск соборы 

Сіздін жауабыңыз:

1

2

3

4

(дерек көз: https://kopilkaurokov.ru/istoriya/testi)

4-тапсырма. Көпшілік оқушылар үшін.

 Төменде терминдердің тізімі берілген. Олардың барлығы, біреуін қоспағанда, І Петрдің реформаларына қатысы бар:

 

1) Подушный салығы; 2) Сенат; 3) Коллегия; 4) рекрут; 5) мировой соттары, 6) Синод.

 Басқа тарихи кезеңге жататын терминнің реттік санын табыңыз

 

 Жауап: _____________________.

5-тапсырма. Көпшілік оқушылар үшін.

Төменде тізім берілген. Қай термин туралы айтылғанын жазыңыз.

 Тауарларды импорттаудан көрі экспорттың басым болуына негізделіп, экономикалық өмірге мемлекеттің белсенді араласу саясаты.

 Жауап: ___________________________.

6-тапсырма. Көпшілік оқушылар үшін.

 Процесстер (құбылыстар, оқиғалар) мен осы үдерістерге (құбылыстарға, оқиғаларға) қатысты фактілер арасындағы сәйкестікті орнатыңыз: бірінші бағанның әрбір позициясы үшін екінші бағандан сәйкес позицияны таңдаңыз.

Процесстер

(құбылыстар, оқиғалар)

Фактілер (деректер)

А) Басқару аппаратын жетілдіру

1) Жоғары импорттық баж

Б) Мәдени саладағы реформалар

2) I Петрді император деп жариялау

В) Қолдампаздық саясатын жүргізу

3) Басқарушы Сенат

Г) Патшаның билігін нығайту

4) «Ведомости» атты алғашқы ресейлік газеті

Д) Ұлы Елшілік

5) «Қызықты полктар»

 Жауап: ____________________________________________________



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.