XIV Людовик және Ұлы Петр: кімнің билігі айтарлықтай шексіз болды? Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, қосымша материал.
МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ
6 СЫНЫП, САБАҚ 6.18.2
VII бөлім: Абсолютизм: Батыс пен Шығыс
Сабақ тақырыбы: XIV Людовик және Ұлы Петр: кімнің билігі айтарлықтай шексіз болды?
Оқу мақсаттары:
6.3.1.3 - феодалдық мемлекеттің даму кезеңдерін сипаттау;
6.3.1.2 - Батыс пен Шығыстағы монархия формаларын (сословиелік-өкілдік және шексіз билік) ажырату;
6.3.1.6 - «парламент», «Бас штаттар», «сейм», «кортес», «Боярлар Думасы» ұғымдарын түсіндіру
Тарихи концепт: ұқсастық пен айырмашылық
Сабақ компонентінің өзара байланысы:
1. Сабақты ұйымдастыру кезіңінде оқушылармен амандасып, олардың сабаққа дайындығы тексеріледі. Оқушылардың сабаққа деген ынтасын қалыптастыру мақсатында «Эстафета» атты әдісті қолданыңыз. Бірінші оқушы терминді атайды және таяқшаны басқа оқушыға тапсырады, ол осы терминге аған сәкес ассоциация табуы тиіс. Мысалы: «Монархия» - «абсолютизм». Егер екінші оқушы дұрыс айтса, ол таяқшаны алып, өз сөзін айтып, таяқшаны келесі оқушыға береді. Егер ассоциация есіне түсіпесе, онда таяқша оған қайтарылады немесе басқа оқушыға беріледі. Ойын жылдам өту керек. Басқа нұсқасы: келесі қағидатты орнатыңыз: термин - анықтау (сын есімдер келтіру).
Бұл тапсырма оқушылардың зейінін шоғырлануды қалыптастырады және сыныпта қолайлы көңіл күй орнығуына себеп болады.
2. Сабақтың тақырыбын анықтау мақсатында оқушыларға екі еуропалық монархтың XIV Людовик және І Петрдің портреттерін ұсыныңыз. Оқушыларға портреттердегі екі монархтың арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды табуді тапсырыңыз.
Оқушылардың жауабын тыңдап болған соң, бұл екі билеуші ненің символы бола алады деген сұрақты талқылаңдар. Олар Еуропадағы соңғы орта ғасырларда пайда болған мемлекеттік биліктің - абсолютизмнің нысаны болғандығын түсіндіріңіз.
Сабақ тақырыбын анықтап болған соң, оқушыларды сабақтың оқу мақсаттарымен, тарихи концептімен және бағалау критерийлерімен таныстырыңыз. Оқушылар сабақ тақырыбын дәптерге жазып алады.
3. Мәтіндермен жұмыс. Оқушыларға ақпараттық мәтіндермен екі еуропалық монархтардың - XIV Людовик және I Петрдің - резиденцияларының бейнелерін ұсыныңыз: Санкт-Петербург қаласының маңындағы Петергоф, Париж жаңындағы Версаль сарайы. Келесі сұрақтар негізіңде Венн диаграммасын толтыруды ұсыныңыз:
- Кімнің бастамасымен осы сарай кешендері салынған?
- Бұл сарайлар қандай жылдарда салынған?
- Сарайлар қандай мақсатпен салынған?
- Неге бұл сарайлар қаланың сыртында орналасқан?
Бұл сарайлар пайда болғанда қандай көрінеді?
- Бұл сарайлардың ішкі көріністері қандай болды?
- Бұл сарайлар ненің нысандары болып саналады?
(Оқушылар диаграмма шеңберлерінің қиылысу секторындағы ұқсас белгілерді жазады, ал ерекшеліктерді - жеке шеңберлерге жазады).
Қорытынды жасаңыз: Осы екі сарай кешендерінің ұқсастықтыры мен айырмашылықтары қандай?
Тапсырма дескрипторлары:
-Оқушылар Венн диаграммасында екі сарайдың барлық ұқсастықтарын дұрыс анықтайды;
-Оқушылар Венн диаграммасында екі сарайдың барлық айырмашылықтарын дұрыс анықтайды;
-Оқушылар екі монарх резиденцияларының ұқсастықтар мен айырмашылықтары туралы қорытынды жасайды.
Венн диаграммасын толтырылуының үлгісі:
Версаль сарайы | Ұқсастықтар | Петергоф (Петродворец) |
Монархтың бастамасы бойынша | ||
1661-1682 жж. | 1710-1762 жж.Кейінірек құрылды, Версаль моделін үлгі ретінде қолданды | |
Абсолютті монархтың резиденциясы | ||
Монархтың қауыпсіздігін қамтамасыз ету үшін салынды. Оның резиденциясы жан жақты қорғалған болуы керек еді. | ||
Петергофқа қарағанда, көбірек аумақ алды | Сарайлардың көрінісі өте салтаннатты болды, 1 Петр Версаль сарайының көп белгілерін пайдаланды – мысалы, тоғандар мен саябақтар орнатылды | |
Сарайлардың ішкі көрінісі де ұқсас болды. Түрлі мақсаттармен салынған көптеген бөлмелер болды. | ||
Бұл сарай кешендері монархтардың абсолюттік күшінің символы болды, билеушінің күші мен байлығын айқындады. |
4. Топтық жұмыс. Оқушыларға абсолютизм белгілерінің тізімін таратыңыз: Абсолютизм белгілері:1. Король барлық провинцияларды, қалаларды толық өзі бақылады.2. Заң шығарудағы монархтың шексіз билігі.3. Кең көлеміндегі бюрократиялық аппарат.4. Корольдің тұрақты армия мен полицияға сүйенуі.5. Шіркеудің мемлекетке толық тәуелділігі.
Сыныпты 2 топқа бөліңіз. Әр топ монархтардың біріне арналған мәтінмен жұмыс істейді. Тапсырма: XIV Людовик, І Петр - екі еуропалық монархтың қызметтерінде абсолютизмнің барлық бес белгілерінің болғандығын дәлелдейтін көптеген фактілерді келтіру керек:
Тапсырма дескрипторлары:
- Оқушы абсолютизмнің 1-ші белгісіне қатысты дәлелдерді дұрыс анықтайды;
- Оқушы абсолютизмнің 2-ші белгісіне қатысты дәлелдерді дұрыс анықтайды;
- Оқушы абсолютизмнің 3-ші белгісіне қатысты дәлелдерді дұрыс анықтайды;
- Оқушы абсолютизмнің 4-ші белгісіне қатысты дәлелдерді дұрыс анықтайды;
- Оқушы абсолютизмнің 5-ші белгісіне қатысты дәлелдерді дұрыс анықтайды.
- Рефлексия кезеңінде «Үш М» атты жұмыс түрін қолданыңыз. Оқушыларға сабақ барысындағы өздеріне жақсы нәтиже берген, үш сәтті кезендерді атауды және келесі сабақтарда жұмысын жақсартатын бір әрекетті келтіруді ұсыныңыз.
Мұғалім оқушылардың жауаптарына түсініктеме беріп, сыныптағы жұмыс үшін алғыс білдіреді.
6. Үй тапсырмасы ретінде оқушыларға сабақтың тақырыбына байланысты көркем әдебиет туындыларын оқуға кеңес беріңіз, мысалы:
- Иван Медведев «I Петр Ресейдің мейрімді немесе зұлым гениі болды ма?»- Алексей Толстой «Ұлы Петр».
Сабақтың тақырыбына байланысты қосымша теориялық материал
«І Петірдің өмірбаяны» тақырыбындағы мәтін
Балалық шағы.
І Ппетр Мәскеуде 1672 жылы 30 мамырда (9 маусымда) дүниеге келді. І Петрдің өмірбаянынындағы маңызды сәт: ол патша Алексей Михайловичтің Наталья Кирилловна Нарышкина ханшайымы – оның екінші әйелі туған кіші ұлы. Бір жысынан бастап оны бала күтушісі тәрбиеледі. Оның әкесі қайтыс болғаннан кейін, Петр төрт жасында болғанда оның қамқоршысы ағасы және жаңа патша Федор Алексеевич болды.
5 жасынан бастап кішкентай Петрді әліпбиге үйрете бастады. Дьяк Н.М. Зотов оған сабақ берді. Алайда, болашақ патшаның білімділігі төмендей болды және ол жастайынан сауаттылықпен ерекшеленген емес.
Билікке келуі.
1682 жылы Федор Алексеевич қайтыс болғаннан кейін, 10 жасар Петр мен оның ағасы Иван патша болып жарияланды. Бірақ шын мәнінде, олардың үлкен әпкесі, ханшайым София Алексеевна ел басқару істі өз қолына алды.
Осы кезеңде Петр мен оның анасы сарайдан кетіп, Преображенское ауылына кетуге мәжбүр болды. Мұнда І Петр әскери іске қызығушылық танытып, «күлкілі» полктар жасақтады. Кейін осы полк орыс әскерінің негізі болды. Ол қарумен атысуды, кеме жасауды ұнатты. Қала жанындағы Неміс слободасында көп уақыт өткізеді, еуропалық өмірдің қастерлеушісіне айналады, достарын табады.
1689 жылы София тағынан тайдырылды және билік I Петрге ауыстырылды, ал ел басқару ісі оның анасы мен ағасы Л.К. Нарышкинге тапсырылды.
Патшаның билігі.
Петр Қырыммен соғысты жалғастырды, Азов бекінісін жаулап алды. I Петрдің кейінгі әрекеттері қуатты әскери флот құруға бағытталды. Сол уақыттағы I Петрдің сыртқы саясаты Осман империясымен соғыс жүргізу үшін одақтастарды табуға бағытталған. Осы мақсатпен Петр Еуропаға аттанды.
Осы уақытта І Петрдың қызметі - саяси одақтар құруда ғана болды. Кеменің жасауын, құрылысын, басқа елдердің мәдениетін зерттейді. Стрелец көтерілісі туралы хабар түскеннен соң ол Ресейге оралды. Ол сапарының нәтижесінде Ресейді өзгерткісі келді, бірнеше жаңалықтар енгізді. Мысалы, жыл санау үшін юлиан күнтізбесі енгізілді.
Сауда-саттықты дамыту үшін Балтық теңізіне шығу қажет болды. Сондықтан I Петрдің билігінің келесі кезеңі - Швециямен соғыс болды. Түркиямен бейбітшілік келісімшарт орнатып, ол Нотебург, Ниеншанц қалаларының бекіністерін басып алды. 1703 жылдың мамырында Санкт-Петербург қаласының құрылысы басталды. Келесі жылы - Нарва, Дерпт басып алынды.
1709 жылдың маусым айында Полтава шайқасында Швеция жеңіліске ұшырады. XII Карл қайтыс болғаннан кейін, көп ұзамай Ресей мен Швеция арасында бейбітшілік орнады. Ресейге жаңа жерлер қосылып, Балтық теңізіне дейін жетті.
Ресейді реформалау.
1721 жылы қазан айында император атауы Ұлы Петрге тағайындалды.
Оның билік құрған жылдарында Камчатка қосылып, Каспий теңізінің жағалауы басып алынды.
І Петр әскери реформаны бірнеше рет өткізді. Бұл негізінен әскер мен флотты дамыту үшін ақша жинаумен байланысты болды. Бұл реформалар күшпен жүзеге асырылды.
І Петрдің келесі реформалары Ресейдің техникалық және экономикалық дамуын жеделдетті. Ол шіркеу реформасын, қаржы реформасын жүргізді, өнеркәсіп, мәдениет, саудадың дамуына қолдау көрсетті. Білім беру саласында ол бұқаралық білімге бағытталған бірқатар реформалар жүргізді: көптеген балалар үшін мектептер ашылды және Ресейдегі алғашқы гимназия құрылы (1705 жылы).
Өлім мен мұрасы.
Өмірінің соңына дейін І Петр, қатты ауырғанына ұарамастан, мемлекетті басқара берді. Ұлы Петр 1725 жылы 28 қаңтарда (8 ақпан), қуық қабынудан қайтыс болды. Тақ оның әйеліне - императрица І Екатеринаға өтті.
Мемлекетті ғана емес, сонымен бірге адам санасын да өзгертуге ұмтылған I Петр – ұлы тұлға ретінде Ресей тарихында манызды рөл атқарды.
Ұлы императордың есімімен қалалар аталды.
I Петрдің ескерткіштері Ресейде ғана емес, сонымен қатар көптеген еуропалық елдерде тұрғызылды. Ең танымалдардың бірі - Санкт-Петербургтегі Мыс салт атты мүсіні.
(Дерек көз: https://obrazovaka.ru/alpha/p/petr-i-petr-i)
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.