XIV Людовик және Ұлы Петр: кімнің билігі айтарлықтай шексіз болды? Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, дидактикалық материал.
Қосымша 1
№1 тапсырма Кестеде ұғымдар анықтамасын жаз және оны түсіндір
Ұғымдар | Анықтамасы | Анықтамаға түсініктеме |
Парламент | ||
Бас штаттар | ||
Сейм | ||
Кортес | ||
Боярлар Думасы |
Қосымша 2
Абсолюттік монархияның белгілері
1. Билеушінің шексіз билігі: мемлекетте монархтың билігін шектейтін заңдық органдар болмауы.
2.Сословиелік-өкілдік органдар қызметі тоқтайды немесе өзінің бастапқы маңыздылығын жоғалтуы.
3. Мемлекеттің жоғары дәрежеде орталықтануы және король билігі үстемдігі.
4. Монархтың өзі бақылап отыратын мемлекеттік басқару аппаратының құрылуы.
5. Корольдік ерекше әулеттің және сарай өмірінің әдебінің қалыптасуы.
6. Бірыңғай мемлекеттік заң шығару.
7. Мемлекеттік салық жүйесінің қалыптасуы.
8. Меркантилизм (саудагер, көпестік) және протекционизм (қамқорлық) бойынша біртұтас экономикалық саясаттың жүргізілуі.
9. Мемлекеттік шіркеудің қалыптасуы.
10. Кәсіби тұрақты әскердің қалыптасуы.
№2 тапсырма. Абсолюттік монархияның белгілерін негізге ала отырып, кестеде берілген сұрақтарға жауап жаз.
Абсолютизм дегеніміз не? | Абсолютизмнің негізгі ерекшеліктері қандай? | XIV Людовик пен Ұлы Петр өздерін шексіз монарх ретінде көрсету үшін Франция және Ресей мемлекеттерін қалай өзгертті? |
Қосымша 3
№3 тапсырма. XIV Людовик пен Ұлы Петрдің қызметі тұсындағы мемлекетте орын алған өзгерістерді Венн диаграммасында төмендегі критерийлер бойынша салыстыр. Екі билеушінің басқару жүйесіндегі ұқсастық пен айырмашылықты анықтап, екі сөйлеммен қорытындыла.
Салыстыру критерийлері:
1.Саясаттағы өзгерістер
2. Экономикадағы өзгерістер
3. Мәдениеттегі өзгерістер
Қосымша 4
XIV Людовиктің күн тәртібі.
8.00 –Король қызметкері жатын бөлмесінің есіктерін ашып, патшаның ояту рәсімі үшін жатын бөлмені дайындайды.
8.20 - Бас қызметкер корольді оятып, төсек алдында тізе бүгіп, «Мәртебелім, оятуды қалайсыз ба?»,-деп сұрайды.
8.25 - Хирург патшаны қарап, жүрек қағысын тексереді , Лейб Медик корольдің түнгі көйлегін өзгертеді
8.40 - Kaмергер король төсегінің пердесін ашады және патшаға қасиетті су мен Библия кітабын береді
9.00 - Kaмергер жатын бөлмесінің есігін ашады және көйлек кию рәсіміне қатысқандарға құрметпен қарайтын адамдарды шақырады. Патша үшін жеңіл тағамдар әкелінеді.
9.15 – Патшаның қандас туыстарына патшаның қырынуы мен шашты кию рәсіміне қатысуына рұқсат етіледі
9.40 - Патшаның таңғы сиыну рәсімі. Барлық қатысушылары тізе бүге бастайды.
10.00 – Корольді киіндіру рәсімі. Камергер король аяқ киімі мен туфлиін әкелгендердің ғана кіруіне рұқсат береді. Гардероб қызметкерлері корольдің бүгін қандай киім киетінің таңдауы үшін түрлі киім түрлерін әкеледі.
10.30 - Король, күзетшілермен бірге, министрлер күтіп тұрған кабинетке барады. Есептерді тыңдау, елшілерді қабылдау, басқа тапсырыстарды қарау үшін.
11.30 – Сарайдағы корольдің таңертеңгілік асы , қандас князьдері, құрдастарының қатысуымен.
12.00 - Корольдің шығуы. Барлық қызметкерлер салтанатты шығар сатыдан күтіп, патшаға сәлем жолдайды. Осы кезде, егер Патша қатысушылардың барлығына назар аударғанды ұнататын болса, онда шағым беруге болады. Корольдің жанында қандас туыстары, балалары және өте жақын адамдары сүйемелдейді.
12.15 - 12.50 - Ұлы Кеңестің отырысы
12.30 - Корольдік асханаға қызмет көрсету рәсімі. Ішкі ауланың бас жауаптысы асхананың қызметіне және мәзіріне жауапты.
13.00 – Түскі асты беру рәсімі. Корольдің тамақтану бөлмесіне шығуы. Кесте бір адамға жасалады. Ешбір қатысушының отыруға құқығы жоқ. Орлеанның князі Корольге майлықты береді. Қалғандары, атағы мен дәрежесіне сәйкес, шарапшылар, наубайханашылар т.б. міндеттерін атқарушылар патшаға қызмет етеді. Корольдің түскі асына бару артықшылығы жоқ адамдар, оның айналы галереядан шығуын күтуде. Сондай-ақ онда серуендегі Ұлы Корольді ертіп жүру құрметіне ие болған адамдардың тізімі жарияланады.
14.00 - Патшаны серуендеуге арналған рәсімі. Версальдің мәрмәр ауласында Корольді каретаға отырғызу қызметі көрсетіледі.
15.00-19.00 – Корльдің серуендеуі.Саябақтың барлық фонтандары жұмыс жасап тұрды.Король сүйікті ханымдарымен қыдырады.
15.00-16.00 - Әдеп бойынша, еріп жүрген адамдардан басқа, ешкімнің патшаға жақындауға және сөйлесуді талап етуге құқығы жоқ. Жылыжайдағы доп ойыны.
16.00 - Версаль саябағында бұғыларды азаптау . Шақыруды алғандардың барлығы қатысады.
17.00 - Марлидегі немесе Трианондағы тағамдар.Сүйікті ханымдар түскі астың қожасы. Бұл жерде корольға еркін түрде провинциялардың кез-келген шенеуніктері немесе беделділері жақындап қарым-қатынас жасай алатын уақыт.
19.00 - Патша, Мистесс пен Свитаның сүйемелдеуімен, Версальға оралады. Кеңседе киіну рәсімі. Мұнда министрлер жасаған жұмыстар туралы баяндайды.
20.00 - Ханымның пәтерлеріндегі карта ойыны. Үлкен ставкалар бойынша ойнау.
22.00 – Кешкі ас беруді даярлау. Арнайы дворян қызметкер барлық тағамның дәмін көреді, нан, тұздың шанышқы, қасық, пышақ, тіс тазалағыштарды тексеріп шығады.
22.30 – Корольдің кешкі асы. Күзет басшысы «Корольға кешкі ас берілді!» деп хабарлайды. Король қасындағы үлкен майшам ұстаған қызметкерлерімен асханаға кіреді. Корльмен бірге бүкіл отбасы отырады.Корольдің оң және сол жақ жағында 6 қызметкері таза тарелкелерді алып беру үшін тұрады.
Сиыр еті үлкен салтанатпен корольдің 1681 ж 7 қаңтардағы бұйрығы жапсырылған , оққағармен қызметкерлер жеткізеді. Етке ешкім жақындамайды.Жаймен музыка ойнап тұрады. Қызметшілердің бәрі король отбасының тамақтануына қарап тұрады. Ер адамдар тұрып тұрса, әйелдер табуреткаға отыруға құқылары болды.
23.30 – Ұйқыға кетер алдында кабинетке король балалары, ханымдары,қандас туыстары кіре алады. Министрлер соңғы баяндама, проект,жазбаларымен кіре алады. Сол кезде корольдің сүйікті иті кіргізіліп, король өз қолымен тамақтандыра алады.Осы кезде король өзі киімін шешер кезде май шамды кім ұстау керек екенін хабарлайды. Барлығы сол кезде кабинетті босатады.
00.00 – Корольдің шешіну рәсімі.Тек қана туғаннан корольға қатысы бар жақындары ғана бұл рәсімде қасында болады.
00.30 – Лейб дәрігер қарайды, егер король түнде тамақ ішкісі келсе сумен тамақ әкелінеді., Камергер түнгі шамды қосып, керуеттің жапқышын жабады,сонан соң кезекші күзетшіесікті жауып өз керуетіне жатады. Ертесінде корольде дәл осындай күн қайтадан қайталанады.
XIV Людовиктің корольдік күн тәртібі http://dnevniki.ykt.ru/louis/308735
№4 тапсырма
Версаль сарайындағы корольдің күнделікті өмірі жайлы мәлімет бойынша диаграмма жасап, боя. Диаграммада корольдің күнделікті іс-әрекетін, оларға бөлінген уақыттарын бірнеше санат бойынша бөліп (мысалы тамақтану, балға қатысу т.б), мемлекеттік істерге қанша уақыт бөлгенін есепте.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.