XIV Людовик және Ұлы Петр: кімнің билігі айтарлықтай шексіз болды? Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, қосымша материал.


 МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ

  6 СЫНЫП, САБАҚ 6.18.1

 

VII бөлім: Абсолютизм: Батыс пен Шығыс

Сабақ тақырыбы: XIV Людовик және Ұлы Петр: кімнің билігі айтарлықтай шексіз болды?

Оқу мақсаттары:

6.3.1.3 - феодалдық мемлекеттің даму кезеңдерін сипаттау;

6.3.1.2 - Батыс пен Шығыстағы монархия формаларын (сословиелік-өкілдік және шексіз билік) ажырату;

6.3.1.6 - «парламент», «Бас штаттар», «сейм», «кортес», «Боярлар Думасы» ұғымдарын түсіндіру

Тарихи концепт: ұқсастықтар мен айырмашылықтар.

 

 Сабақ компонентінің өзара байланысы:

 

 1. Сабақты ұйымдастыру кезіңінде оқушылармен амандасып, олардың сабаққа дайындығы тексеріледі. Оқушылардың сабаққа деген ынтасын жақсарту мақсатында «Түрлі түсті ағаш» әдісін қолданыңыз. Тақтада жапырақтары жоқ ағаш салынған плакат ілінеді. Әр оқушының партасында түрлі түсті жапырақтар жатады. Мұғалім оқушыларға олардың біреуін (кез-келген түстен) таңдап алып оны ағашқа бекітуді ұсынады. Оқушылар жапырақтарды ағашқа бекітіп болған соң хабарлаңыз:

- Жасыл жапырақты таңдағандарды бүгінгі сабақта сәттілік күтеді.

- Қызыл жапырақты таңдағандар - топта жұмыс істеуді ұнатады.

- Сары жапырақты таңдағандар - сыныпта белсенді болғысы келетін оқушылар, - Көк жапырақты таңдаған оқушылар – қайсар тұлғалар болып қалыптасады.

 Сонымен, оқушылар сіздердің әрекеттеріңіз арқылы ағаш түрлі түсті жапырақтармен безендірілді. Ағаштың сұлулығы сіздердің жақсылыққа ұмтылғандарыңызбен және белсенділіктеріңізбен байланысты болды. Осы сабақта тек белсенділік танытуларыңызды сұраймын.

 Бұл тапсырма оқушылардың зейінін шоғырлануды қалыптастыру мен өзара қарым-қатынаста сыпайылықты дамыту үшін өте тиімді.

 

 2. Сабақтың тақырыбын анықтау мақсатында Санкт-Петербург қаласының маңындағы Петергофты, Париж жанындағы Версаль сарайының бейнелерін көрсетіңіз. Оқушылардан екі сарай кешендерінің арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды табуын сұраңыз.

 Оқушылар жауабын тыңдап болған соң, бұл сарайлардың Еуропадағы соңғы орта ғасырларда пайда болған мемлекеттік биліктің - абсолютизмнің нысаны болғандығын түсіндіріңіз.

 Сабақ тақырыбын анықтап болған соң, оқушыларды бүгінгі сабақтың оқу мақсаттарымен, тарихи концептімен және бағалау критерийлерімен таныстырыңыз. Оқушылар сабақ тақырыбын дәптерге жазып алады.

 

 3. Мәтіндермен жұмыс. Оқушыларға екі еуропалық монархтың өмірі мен қызметін сипаттайтын ақпараттық мәтіндерді ұсыныңыз: XIV Людовик және І Петр туралы. Төмендегі сұрақтарды негізге ала отырып, Венн диаграммасын толтыруды ұсыныңыз:

 - Мемелекетті басқарған жылдары

 - Билік ету кезеңі (ұзақтығы)

 - Мемлекеттік мәселелерді шешу барысында үкіметтің қандай органына сүйенді?

 - Монархтың сыртқы саясаты сәтті болды ма?

 - Монархтардың әрқайсысының кез-келген үш реформасын сипаттаңыз.

 - Монархқа қарсы халықтық көтерілісі болды ба?

 - Осы монархтардың билігі кезінде қарапайым халық қалай өмір сүрді?

 - Бұл монархтардың өмірі қалай аяқталды?

 - Бұл монархтардың билігінің негізгі нәтижесі қандай?

 (оқушылар диаграмма шеңберлерінің қиылысу секторындағы ұқсас белгілерді жазады, ал ерекшеліктерді - жеке шеңберлерге жазады).

 Қорытынды жасаңыз: Осы екі еуропалық монархтың билігінің ұқсастықтары мен ерекшеліктері қандай?

Тапсырма дескрипторлары:

 -Оқушылар Венн диаграммасында екі монархтың барлық ұқсастықтарын атап өтеді;

 -Оқушылар Венн диаграммасында екі монархтың барлық айырмашылық сипаттарын атап көрсетеді;

 -Оқушылар осы екі монархтың саясатында ұқсастықтар мен айырмашылықтары туралы қорытынды жасайды.

 

 Венн диаграммасын толтырылуының үлгісі:

 

XIV Людовик

Ұқсастықтыры

I Петр

1643 - 1715 жж.

XVII-XVIII ғасырлар аралығында өмір сүрді

1689 – 1725 жж.

72 жыл билік етті

XIV Людовик елдіекі есе көп басқарды

36 жыл

Мемлекеттік Кеңес

Олардың тұсында ақылдасатын консультативті орган

болды

Сенат - жоғары мемлекеттік орган

Көрші елдермен сәтсіз соғыстар жүргізді

Корольдің тұрақты әскері болды

1700-1721 жж. Швециямен болған Солтүстік соғыста жеңіске жетті

Реформалар:1) Абсолютизмді нығайту2) Қоғамның барлық салаларын басқаруға юағытталған

6 ордонанс қабылданды (корольдің жарлықтары)3) Францияның отарларды жаулап алу саясатының басталуы

Жеке-дарамонархтың билігін нығайту

Реформалар:1) Синод құрылды2) Әскери флот жасақталды

3) Ғылым академиясы құрылды

Шаруалар көтерілістері болған емес

Қарапайым халық өте ауыр күйде өмір сүрді

Қартайған шағында

77 жасында қайтыс болды

53 жасында ауырудан қайтыс болды

Версаль сарайын құрды

Өз елінің халықаралық беделін көтерді

Ресей империясының жаңа астанасы Санкт-Петербург қаласының

құрылуы

 4. Топтық жұмыс. Оқушыларға абсолютизм белгілерінің тізімін таратыңыз: Абсолютизм белгілері:1. Король барлық провинцияларды, қалаларды толық өзі бақылады.2. Заң шығарудағы монархтың шексіз билігі.3. Кең көлеміндегі бюрократиялық аппарат.4. Корольдің тұрақты армия мен полицияға сүйенуі.5. Шіркеудің мемлекетке толық тәуелділігі.

 Сыныпты 5 топқа бөліңіз. Әр топ абсолютизм белгілерінің бірімен жұмыс істейтін болады. Тапсырма: XIV Людовик және І Петр туралы мәтіндерді пайдаланып, берілген абсолютизмнің белгісі бойынша көбірек деректерді анықтау.

 Тапсырма дескрипторлары:

  - Оқушы абсолютизмнің 1-ші белгісіне қатысты дәлелдерді дұрыс анықтайды;

 - Оқушы абсолютизмнің 2-ші белгісіне қатысты дәлелдерді дұрыс анықтайды;

 - Оқушы абсолютизмнің 3-ші белгісіне қатысты дәлелдерді дұрыс анықтайды;

 - Оқушы абсолютизмнің 4-ші белгісіне ұатысты дәлелдерді дұрыс анықтайды;

 - Оқушы абсолютизмнің 5-ші белгісіне ұатысты дәлелдерді дұрыс анықтайды.

 

  •  Рефлексия кезеңінде «Пейзаж» атты әдісін қолданыңыз. Оқушыларға пейзажды бейнелейтін екі сурет ұсынылады. Бір сурет қайғылы, мұнды көңіл-күйді білдірсе, екіншісі – көңілді көңіл-күйді бейнелейді. Оқушыларды осы суреттердің біреуін таңдауды сұраңыз. Олар өздерінің көңіл-күйлеріне сәйкес суретті таңдайды.

 Мұғалім оқушылардың жауаптарын тыңдайды, егер қажет болса, неге мұңды немесе көңілді суретті таңдағанын түсіндіргісі келетін оқушылардан сұрайды.

  •  Үй тапсырмасы ретінде оқушыларға сабақтың тақырыбына байланысты көркем әдебиет туындыларын оқуға кеңес беріңіз, мысалы:

- Блюш Франсуа. XIV Людовик. М.: Ладомир, 1998 ж.

- Блюш Франсуа. Ришелье. М.: Жас гвардия, 2006 ж.

Сабақтың тақырыбына байланысты қосымша теориялық материалМәтін «Құдай берген мұрагер»

 XIV Людовик де Бурбон, туған кездегі есімі Луи-Дьёдонне («Құдай берген»), 1638 жылдың 5 қыркүйегінде дүниеге келді. XIV Людовик корольдің билік құрған жылдары Франция тарихында «Ұлы ғасыр» деп аталды.

 «Құдай берген» деген есім бір себептен пайда болды. Австрия ханшайымы Анна 37 жасқа келгенде некеде тұрғаннан кейін 20-дан астам жылдан соң болашақ тақ мұрагерін дүниеге әкелді.

 5 жасында әкесі XIII Людовик қайтыс болғаннан кейін король атанды. Мемлекетті басқару ісі корольдің жасына байланысты анасы Австрия ханшайымы Анна мен бірінші министр - кардинал Мазариниге берілді.

 Людовик 10 жасқа келген кезде, Францияда азаматтық соғыс басталды. Оппозициялық Фронда билікке қарсы қарсылық көрсетті. Жас король Луврда қоршауда қалып, астанадан жасырын қашып кетуге мәжбүр болды.

 Осы жылдар ішінде оның өмірге деген өзіндік көзқарасы қалыптасты. Балалық шағын еске түсіре отырып, XIV Людовик елде тыныштық пен мықты корольдің билігі болғанда ғана Франция өркендей алатынына сенімді болды.

 Ол Францияның корольдерінің арасындағы жарқын жұлдызына айналды. Ол мемлекетті 72 жыл басқарып, тіпті 1952 жылы таққа келген қазіргі ағылшын патшайымы Елизаветадан да көбірек билік құрды. Әлі күнге дейін ешкім Күн-Патшадан озып кете алмады. XIV Людовик өзін еліне Құдайдың берген сыйы деп есептеді.

 1661 жылы кардинал Мазарини қайтыс болғаннан кейін, жас король Мемлекеттік Кеңесті жинап, онда ол бұдан әрі бірінші министрді тағайындамайтынын жариялады. Билікті өз бетінше басқаруға ниетті екенін айтты. Король сенімсіздік танытатын Луврға қайта оралмау үшін Версальда жаңа үлкен резиденция салу туралы шешім қабылдады.

 XIV Людовик өз билігін сипаттайтын сол кезеңде қарқынды дамып жатқан ғылым, өнер, әдебиет салаларының өркендеуіне ұлес қосты. Ғылым, өнер және қолөнерді король тарапынан қолдауы Францияның мәдени үстемдігін нығайтты. XIV Людовик билік құраған жылдарында Парижде Ғылым академиясы, Париж обсерваториясы және Корольдік музыка академиясы құрылды. Дипломаттардың тілі латын тілінен француз тіліне ауысты.

 1661 жылдан бастап 1673 жылға дейінгі кезеңде монарх Франция үшін ең маңызды реформаларды жүргізді. XIV Людовик барлық мемлекеттік институттарды қайта құрды, әлеуметтік-экономикалық салаларда тиімді реформалар жүргізді. Елде әдебиет пен өнердің гүлденуі басталды.

 Шексіз соғыстар, корольдік сарайының үлкен көлемдегі шығыстары француз қазынасын ойран қылды. Абсолютизмнің жарқырауы діни төзімсіздікке, халықтың салықтық қысымына және оның кедейленуіне себеп болды. «XIV Людовиктің ғасырының» соңғы жылдарында Франция терең экономикалық құлдырауды бастан кешті.

 

  (Дерек көз: http://obshe.net/posts/id805.html)



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.