XIV Людовик және Ұлы Петр: кімнің билігі айтарлықтай шексіз болды? Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, дидактикалық материал.
Қосымша 1
XIV Людовик
1643 жылы Франция королі XIII Людовик Бурбон қайтыс болған соң, тақ мұрагері XIV Людовик өте жас болғандықтан мемлекетті басқаруды анасы Анна Австрийской кардинал Дж. Мазариниге ұсынды.1661 жылы Мазарини өлген соң XIV Людовик 72 жыл Франция елінің королі болып билік етті. Ол «Күн патшасы» аталды. Мемлекетте абсолюттік билігін орнатып, «Мемлекет деген-мен» деп жариялады. Мемлекеттік Кеңес бұрын корольдік отбасы мүшелері, ақсүйектер өкілдерімен жоғары дін басыларынан тұрса, оны үш министрден тұратын тар кеңеспен ауыстырды. Дворяндар корольға қызмет ету үшін сарайға шақырылып, оның билігін мойындаған соң, провинциялардағы саяси билігінен айырылды.Дворяндар буржуазиямен бір сатыда болып, сарайдағы маңызды істерді атқара бастайды.
Королдің орталық және және жергілікті әкімшілік реформасы салықты жинауға,парламент пен провинциялар билігіне және қалалық, ауылдық қоғамға қатал бақылау орнатты. Король сарайының үлкен шығыстары, жоғары салықтары бірнеше рет халық көтерілісін туындатты. Барлық жағдайда Людовик XIV соңғы шешімді өзі шығарып отырды, серіктестері оған кеңес беріп, бұйрықтарын орындап отырды. Абсолютизмнің принциптері қаржы министрі Кольберттің шешімімен экономикаға да әсер етеді. Өнеркәсіпті жетілдіру мақсатында, Кольбер корольдік мануфактураларды құрады. Мысалы,түсқағаздар мен жиһаздар шығаратын Гобелен мануфактуралары, бұл мекемелер қатал түрде ішкі тәртіпке бағынып, бақылауда болды.
XIV Людовик шіркеуді басқаруға тырысады. Протестанттар король билігінен қол үзіп кете алмады. 1685 ж XIV Людовик Нант жарлығын жойып, протестанттық дін қызметкерлерінің уағыз айтуларын тоқтатып, храмдар мен діни мектептерді жаба бастайды. Корольдің тиым салғанына қарамастан 200 мыңға жуық протестанттықтар Францияны тастап кетеді.
Абсолюттік билік әдебиет пен өнерге де ықпал ете бастайды. Жазушылар мен суретшілер міндеті корольдің билігін шексіз мадақтау болды.XIV Людовик терең білімі болмаса да, керемет табиғи қабілеттерге және тамаша талғамға ие болды. Оның сән-салтанат пен ойын-сауыққа деген бейімділігі Версальды Еуропадағы ең жарқын сарай мен сән-салтанат үлгілерін көрсететін орынға айналдырды. Ғылым, өнер және қолөнерді насихаттау Францияның мәдени гегемониясын нығайтты. Версаль сарайы, корольдің резиденциясы ресми өнердің өрнегін көрсетудің керемет үлгісі болып табылды. XIV Людовик билік еткен кезде Париж ғылым академиясы (1666), Париж обсерваториясы (1667), Корольдік музыка академиясы (1669) пайда болды. Латын тілін ауыстырған француз тілі дипломаттар тілі болды.Гобелен, кружево, фарфор өндірісі Еуропада француз өндірісінің сәнді өнімдеріне айналды. Әдебиетте Корнел, Расин, Бойле, Лафонтаин және С. Перро есімдері жарқырап тұрды.
Соғыс министрі Лувуа жүргізген армия реформасы XIV Людовиктің Еуропаны отарлауына мүмкіндік берді. Оның билігі кезінде француз колониалдық империясының (Канада, Луизиана, Вест-Индия) іргетасы қаланды. Франциядағы Еуропа гегемониясын құру үшін XIV Людовик көптеген соғысты (1667-1668 жж. Депрессия соғысы, 1701-1714 жж. Испанның мұрагері соғысы) жүргізді.Шексіз соғыстар мемлекеттің қазынасын азайтып, XIV Людовик билігінің соңында мемлекеттің экономикасының құлдырауына әкелді.
http://www.piplz.ru/page-id-542.html
I Петрдiң реформалары
І Петр басыбайлылық құқықты, помещиктердің қоғамдағы жоғары орнын сақтай отырып, Ресейдің дамыған Батыс Еуропа елдерінен артта қалуын жоюға бағытталған реформалар жүргізді. Бұл реформалар боярлар мен дінбасылардың қарсылығына ұшырады. І Петр-ге қарсы топтардың наразылығы 1697 жылы И.Циклер қастандығы, 1698 жылы атқыштар көтерілісі мен 1718 жылы өз ұлы Алексейдің қастық әрекеттерінде көрініс тапты. Оның билігіне қарсы 1705 - 06 жылдары Астрахан көтерілісі, 1707 - 09 жылдары К.Булавин көтерілісі, 17 - 18 ғасырларда Башқұрттар көтерілісі болып, олар қаталдықпен басып жанышталды. І Петр реформалары қоғамдық өмірдің барлық салаларын қамтыды. Басыбайлы шаруалардың жеке басына салық енгізілді, шаруаларды қала, бекініс, көпір құрылыстарына тарту заңдастырылды. 1722 жылы әскери және азаматтық қызмет тәртібі бекітіліп, мемлекеттік қызметке тегіне қарамай алу енгізілді. Ауыл шаруашылық, металлургия, тау-кен өндірісі, сауда дамыды.. Оның мемлекеттік аппаратқа енгізген реформалары орыс самодержавиесінің 18 ғасырда дворяндық монархияға айналуында маңызды қадам болды. Боярлар думасы сенатпен (1711), приказдар коллегиялармен (1718) ауыстырылды. Мемлекет басқаруды бақылайтын генерал-прокурор басқаратын прокурорлар қызметі енгізілді. Шіркеуге мемлекеттік бақылау орнату мақсатында жоғары діни орган — синод құрылды. 1708 - 09 жылдары воеводалықтар және наместниктер орнына 8 (кейін 10) губерния мен уездер құрылды. 1703 жылы Петербургтің негізі қаланып, 1712 жылы астана Мәскеуден осында көшірілді.
І Петр мәдениет, халық ағарту саласында да ірі реформалар жасады. Зайырлы мектептер пайда болып, шіркеудің білім берудегі үстемдігі жойылды. Орыстың алғашқы көпшілік театры құрылды. 1703 жылы “Ведомости” газеті жарық көрді. 1699 жылы пушкарлар мектебі, 1701 жылы математика-навигация ғылымдары мектебі, медицина-хирургия мектебі, 1715 жылы Теңіз академиясы, 1719 жылы инжинерия және артиллерияшылар мектебі, алғашқы мұражай-кунсткамера, 1725 жылы Петербург ҒА ашылды. Сәулет өнері дамып, Батыс Еуропа мәдениетімен байланыс күшейді. Ресейдің шетелде тұрақты елші ұстауы тұңғыш рет І Петр тұсында басталды.
І Петр Ресейдің әскери қуаты мен халықаралық беделін арттыруға тырысты. Тұрақты орыс армиясы мен әскери-теңіз флотын құрып, әскери мектептің негізін қалады, әскери өнеркәсіпті дамытуға ерекше көңіл бөлді. 1695 — 96 жылдары Ресей түріктермен соғыс нәтижесінде Азов бекінісін алып, Азов теңізіне шықты. 1700 жылы Түркиямен бейбіт келісімге келіп, Еуропадағы ең қуатты держава — Швециямен соғысқа кірісті. 1700 - 21 жылдары Солтүстік соғыс нәтижесінде Ресей жеңіп, Еуропадағы қуатты державалар қатарына қосылды. 21 жылға созылған Солтүстік соғыста жеңіске жеткен ол император атанып, Ресей империяға айналды.
(Санкт-Петербург Балтық теңізінің жағасында құрылысының идеясы, Alexandre Benois, 1916ж)
№1 тапсырма XIV Людовик, І Петр бойынша ақпараттарды органайзер кестесіне жүйелеп кілтті сөздер және сөз тіркестері арқылы толтырыңдар.
Басты реформалар | Ерекшелігі… |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Басты терминдер |
|
1 |
|
2 |
|
3 |
|
4 |
|
5 |
|
6 |
|
7 |
|
8 |
|
9 |
|
Қосымша 2
№2 тапсырма XIV Людовик пен Ұлы Петрдің қызметі тұсындағы мемлекетте орын алған саяси, экономикалық, мәдени өзгерістерді кестеде жұппен талдап, кем дегенде екі сөйлеммен қорытындыла.
Билеуші | Саясатта | Экономикада | Мәдениетте |
XIV Людовик |
|
|
|
Ұлы Петр |
|
|
|
Қорытынды |
| ||
Қосымша 3
№3 тапсырма: Франция мен Ресейдегі абсолюттік монархияның кем дегенде 2 ұқсастығы мен 3 айырмашылығын анықта.
Айырмашылығы | Ұқсастығы | Айырмашылығы |
1 2 3 | 1 2 | 1 2 3 |
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.