Әр түрлі бұлшық еттерді қалпына келтіру жаттығулар жинағы. Дене шынықтыру, 10 сынып, сабақ жоспары.
Дене шынықтыру пәнінің қысқа мерзімді
CАБАҚ ЖОСПАРЫ №
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8-бөлім – Денсаулық және салауатты өмір салты. | Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математика бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||
Сынып: 10 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақ тақырыбы | Әр түрлі бұлшық еттерді қалпына келтіру жаттығулар жинағы. | ||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 10.3.4.4. Дене белсенділігін дамыту және бағалау үшін тәуекелді басқару стратегиясын жүзеге асыру. | ||||
Сабақ мақсаттары | Балалардың физикалық әрекеттерін дамытуға және денсаулықты нығайта, түрлі секіру, лақтыру жаттығуларын орындау кезінде қимыл-қозғалыс реттілігін сақтап, іс жүзінде қолдану. | ||||
Бағалау критерийі | Дене сапасын дамытатын жаттығулар мен қимыл-қозғалыстарды іс жүзінде көрсетеді, реттілігін сақтайды және басқару стратегиясын жүзеге асыру пайдасын анықтайды. | ||||
Тілдік мақсаттар
| Жеңіл атлетика жаттығуларының денсаулық құрамдас тарына әсерін түсіндіріңіз және талдаңыз. Пәндік лексика және терминология
Диалогқа арналған пайдалы сөздер
| ||||
Құндылықтарды дарыту
| Салауатты өмір салтын ұстану, өз денсаулығына жауапкершілік дағдысына негіздеу, дененің дұрыс дамуы мен ағзаның жұмыс қабілетін арттыру, қозғалыс білік-дағдыларын жетілдіруіне ықпал ету. | ||||
Пәнаралық байланыстар | Қазақ тілі, жас өспірімдер физиологиясы, физика. | ||||
АКТ қолдану дағдылары | АКТ (әсіресе ғаламторды) байланыс, істестік, мазмұн жасау, дене тәрбиесі саласында көмек сұрау мен ақпарат табу үшін басты құрал ретінде қолдану; Аяқты бүгіп" ұзындыққа секіру техникасын үйренуге арналған сілтеме: http://sportbox.by/texnicheskie-vidy-sporta/pryzhki-v-dlinu-s-razbega-sposobom-sognuv-nogi.html Лақтыру техникасына сілтеме Допты лақтыру техникасына сілтеме http://www.gto-normy.ru/metanie-myacha/ | ||||
Бастапқы білім | Аталған тарауда жүгіру техникасы мен оның түрлерін жетілдіру, екпінмен ұзындыққа секіру, лақтыру бойынша жұмыстар жалғасады. Төзімділікті, күштік - жылдамдықты, жылдамдық және координациялық қабілетті одан әрі дамытуға назар аударылады. Техника мен координациялық қабілеттерді жетілдіруге әсер ететін жаттығулардың пайызы ұлғая түседі. Қозғалыс белсенділігі аясында, оқушылар денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған жаттығулар кешенін құру және орындау қабілетін көрсетеді. | ||||
Жоспарлардағы әрекеттер | Б=барлық сынып ЖЖ=жұптық жұмыс Тәж=оқушы тәжірибесі Ф=формативтік бағалауды қолдайды Т=топтық жұмыс Ж=жеке жұмыс К=оқытушы көрсетеді | ||||
Сабақ барысы. | |||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||
Сабақтың басы | Дайындық бөлім: Спорттық киімдеріне назар аудару. Сәлемдесу, сабақ мақсатын түсіндіру, өтілу барысымен таныстыру. Дене қыздырыну жаттығуларының ережесі (мұғалім тарапынан айтылады): - жүгіруді бірден жоғары қарқынмен бастауға болмайды. Себебі, бірден қатты жүгірген адам тез шаршайды да, межелі жерге жете алмай қалуы мүмкін; - жүгіруді,секіруді және лақтыруды баяу бастап, жылдамдықты біртіндеп үдете беру қажет. Жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулары. Қатардағы жаттығулар. Бұрылыстарды біркелкі орындау. Аяқтың ұшын, өкшесін дұрыс пайдалану. Жүрістегі жаттығулар. Жаттығуларды біркелкі, дұрыс орындау. Жүрістегі жаттығулардан жүгірістегі жаттығуларға көшу. Баяу жеңіл жүгіру. Арақашықтықты сақтау. Қол кеуденің алдында, аяқтың ұшымен жүгіру. Мұрынмен тыныс алу. Жүгірістегі жаттығулар. Бірте - бірте ақырындап жүріске көшу. Кең тыныс алу. Сынып шағын топтарға бөлінеді. Оқушылармен «Айна» ойынын ойнау арқылы жалпы дамыту жаттығуларын орындау кезінде бір біріне түсіндіре сөйлеу арқылы, қалай орындалуы жайында жеткізу. Оқушылар 8 – 10 немесе 16-18 рет орындалатын кешенді жаттығудан тұратын таңертеңгілік гигиеналық гимнастика кешенін талқылайды және орындайды. | Мұғалім үшін ысқырық, секундомер тексеру журналы. Бос кең алаң, секіру шұңқыры, күрек, тырнауыш, метрлік лента, жалаулар | |||
Сабақтың ортасы
| (С, Ж, К, Ф) Оқушылар секіру дағдыларын дамыту үшін жаттығуларды жетілдіреді: 1. Толық екпін және екпінді іріктеу ырғағы 2. Итеру техникасы 3. Ұшу мен келіп қонуы кезіндегі қозғалыс 4. Екпінмен ұзындыққа секіру техникасын жетілдіру Күнделікті өмірде осы қозғалыс дағдыларын қай жерде қолдана аласыз? Ұзындыққа секіру кезіндегі қауіпсіздік техникасына назар аудару қажет. Тапсырманы орындау техникасына назар аудару. Сұрақ: секірудің сөздерін (екпін, соққы, ұшу және келіп қону) анықтау аласыз ба? Жарақат тәуекелін болдырмау үшін секіруден кейін қалай келіп қону қажет? (С, Ж, К, Ф) Оқушылар допты ұзындыққа лақтыру техникасын жетілдіреді (150гр.): Допты лақтыру техникасының дұрыс орындалуына назар аударуы қажет, сондай-ақ қателерді жою үшін әдістемелік тапсырмалар бұрыс орындау қажет. Сұрақ: осы тапсырманы орындау кезінде қандай қиындықтарға кездестіңіз? Тапсырманы орындау үшін неге көңіл аудару қажет? Мықты сүйек бізге не үшін қажет және буынның бұлшық еттерін қалай дамыту қажет? (С, Т, Ф) Оқушылар топтарға бөлінеді: - бірінші топ лақтыру үшін арнайы жаттығулардың кешенін әзірлейді; - екінші топ секіру үшін арнайы жаттығулардың кешенін әзірлейді; Топтар бірі біріне арнайы жаттығулардың кешенін көрсетеді және әртүрлі қозғалыс кезіндегі бұлшық еттердің жұмысын талдайды. Сұрақ: бұлшық еттің қандай түрлерін білесіз? Бұлшық еттерді не үшін шынықтыру қажет? Секіру мен лақтыруға қандай бұлшық еттер қатысады? Иықтың жоғарғы бөлігінің және төменгі аяқ-қолдардың бұлшық еттерін атаңыз? | "Аяқты бүгіп" ұзындыққа секіру техникасын үйренуге арналған сілтеме: http://sportbox.by/texnicheskie-vidy-sporta/pryzhki-v-dlinu-s-razbega-sposobom-sognuv-nogi.html Лақтыру техникасына сілтеме Допты лақтыру техникасына сілтеме http://www.gto-normy.ru/metanie-myacha/ Допты нысанға лақтыру техникасына сілтеме | |||
Сабақтың соңы | Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізіледі: Оқушыларды сапқа тұрғызып, бір оқушыны ортаға шығарып «Жеңіл атлетика және фитнес» бүгінгі өткен сабақ жайында. Оқушыларға сұрақтар: Осы ойында жүректен басқа қандай ағзаның іске қосылады? (мысалы, үлкен бұлшық ет). Оқушылардың денсаулық туралы түсініктерін сұрақтар мен жауаптар арқылы бағалау. Миға шабуыл арқылы сұрақ – жауап; Тапсырманы орындау кезінде қандай қиындықтар кездесті? Ойында қандай стратегияны қолдандыңыз? Оң нәтижеге қол жеткізу үшін бұл тапсырмаға қандай дағдылар қажет? Жалпы баға «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау. Үйге тапсырма: қол, дене бұлшық еттеріне арналған жаттығулар.Әр түрлі қабілеттегі оқушыларға әр түрлі тапсырмалар беру. Жалпы дамыту жаттығуы. | ||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||
Жеңіл атлетикалық қимыл-қозғалыс функцияларын дамыту жаттығуларына бағытталған қозғалыс әрекетін орындау кезінде күшті дұрыс жұмсау. Секіру фазаларын қолдануды, жетілдіруді жалпылау. Қабілеті жоғары оқушылар жаттығу компоненттерін және денсаулықты нығайту факторларын үлгі ретінде сынып алдында орындалуын өз бетінше көрсету. Жаттығулардың нұсқаларының орындалу деңгейін күрделендіру. | Оқушылардың өз бетінше кең ауқымды секіру жаттығуларымен белсенді жұмыс істеуі. Өз бетінше тапсырмаларды орындау, өзіне тән ыңғайлы тәсілдерін байқап көру. Көптеген секіру дағдыларын анықтау, көрсету белсенділігі. Қозғалыс әрекетін орындау барысында бейресми қалыптастырушы бағалаулар. Өзін-өзі бағалау, басқа орындаушылардың қозғалыс сапасына баға беру. | Негізгі дене жаттығуларын орындауда, тапсырмаларда тәуекелдер мен қиындықтарға назар аудару. Спорттық құралдардың дұрыс орналасуына аса кең көлемде көңіл бөлу. Дене қуатын үнемдеу шарттары. Тапсырмалар барысында дұрыс тыныс алуына баса назар аудару. Демді ретке келтіру тәсілдерін пайдалану.. | |||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Сабақ мақсатының негізгі бөлімдегі тапсырмалардың орындалуына, күрделендіруге байланысты қойылған. Оқушылар оқу мақсатының мағынасын анықтап, белсенді түрде ынталанып, секіру тапсырмаларын жүйелі орындайды, қателерін анықтайды, түзетеді. Жеңіл атлетикалық тапсырмаларды жұппен және топпен машықтанып, орындап қол жеткізді. Әр тапсырмаға бөлінген уақыт жеткілікті болды. Жеңіл атлетикалық жаттығулардың нұсқаларын бақылау, саралау, қозғалыс үйлесімділігін, техника қауіпсіздік ережелерін назарда ұстау. Жоспарланған іс-әрекеттер кезеңдері бойынша толығымен меңгерілді. Жекелеген оқушыларға негізгі қозғалыс дағдыларын жетілдіруге тапсырмалар берілді, әр түрлі ыңғайлы, ұтымды қимыл-қозғалыстар қарастырылды. | ||||
Жалпы баға. Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Жеңіл атлетикалық секіру әрекеттерінің техникасына, орындалу сапасына көңіл бөлу. Білім алушының деңгейін, белсенділігін анықтау. 2: Жаттығуларда кешенінің жүйелілігінің, реттілігінің сақталуы. Өзін-өзі бағалау. Тапсырмаларды орындаудағы белсенділік. Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Саралап тапсырмалар беру. Қимыл-қозғалыстардың айырмашылығын анықтау. 2: Спецификалық қозғалыс әрекеттерді ұтымды, ыңғайлы, үйлесімді қолдану. Тапсырмалардың мағынасын ашу. Танымдылығын дамыту. (Когнитив) Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік / қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? Сыныптың белсенділігі, бірлескен және жеке жұмыстарда әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар беру, ұсыну әдістерін қарастыру. Секіру және дәлдеу түрлеріне, қимыл-қозғалыс аппаратының негізгі функцияларына байланысты сұрақтар қою. Қимыл-қозғалыстарды бірнеше рет қайталап көрсетуге мүмкіндік беру. | |||||
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.