Секіру фазаларын қолдану. Дене шынықтыру, 8 сынып, презентация. 98 сабақ.
.
Сабақтың тақырыбы:
Секіру фазаларын
қолдану.
оқу мақсаттары:
8.3.3.1 түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындау, олардың ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысын түсіндіру
Бағалау критерииі
- секіру жаттығуларын іс жүзінде орындай алады;
-секіру жаттығулары ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысын түсіндіре алады;
Ж) « Бір минут » стратегиясы.
Оқушының өз бетінше жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру, сұрақ қою дағдыларын дамыту.
.
«Жаяу көкпар » ойыны
Оқушыларды екі топқа бөліп «Жаяу көкпар» ойынын ұсыну.
«Алаңның» бір жағына мәре сызылады (немесе белгіленеді). Аралықта (аумаққа байланысты) оған параллель сызық сызылып, оған «көкпар» тасталады. 20-30 м. мәре сызығы тұрады. Ойыншылар екі командаға бөлініп, біреуден кейін мәре сызығының бойына тұрады. Мұғалімнің сигналы бойынша барлығы алға «көкпарға» жүгіреді. «көкпарды» иеленген ойыншы одан әрі жүгіреді. Оны қуып жеткен ойыншы «көкпарды «тартып алып, алға жүгіреді. Әрбір қуып жетіп алда көкпармен жүгіріп келе жатқын ойыншы мәре сызығына жетеді. «Көпарды» бірінші болып алған ойыншы оның өзінің серіктесіне бере алады. Киімді ұстауға, итеруге және «көкпарды» алғанда дөрекі тәсілдер қолдануға болмайды. Егер қарсыласы ойыншыны қуып жетіп, оған қолын тигізсе, «көкпар» оған беріледі. Командадағы серіктестің «көкпарды» алға қарай лақтыруына болады. «Көкпарды» оған бірінші болып қолын тигізген ойыншы алады.
ЖДЖ қозғалыста және бір орында.
Сынып топқа бөлінеді және 5-10 метрлік қашықтықты секіріп өту үшін әр түрлі тапсырмалар беріледі
Келесі секіру тапсырмаларын оқушылар өздері құрастырады және көрсетеді.
Квадрат ауданды айналдыра кедергісі бар жол жүргізіледі. Белгілі бір «аңшылар» саны белгіленеді. Олардың міндеті квадрат ауданның ішінде тұрған басқа спортшыларды «ұстап алу». Ұсталған спортшылар қайтадан квадратқа кіруге рұқсат беруден бұрын олар жол бойымен айнала жүгіріп шығу керек. Аңшылардың міндеті қалған барлық спортшыларды осы процедурадан өткізу.
Ескертулер: Бұл жалықтыратын жаттығудың ұзақтығы шеңбер санымен шектелген болуы керек. Аңшылардың жаңа командасы әр жаңа шеңбер сайын тағайындалуы керек.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.