Арнаулы дамыту жаттығуларының техникалық дағдысын бекіту. Дене шынықтыру, 8 сынып, презентация. 52 сабақ.
Сабақ тақырыбы: Арнаулы дамыту жаттығуларының техникалық дағдысын бекіту
Оқу мақсаты
8.3.1.1 салауатты өмір салтының денсаулыққа тигізетін әсерін жеке бастың үлгісімен көрсету;
8.1.4.1 қимыл-қозғалысты сапалы орындау кезіндегі өзінің және өзгелердің біліктіліктерін салыстыра білу
Бағалау критериі
коньки дайындығы кезінде салауатты өмір салтының
денсаулыққа тигізетін әсерін жеке бастың үлгісімен көрсете алады;
- коньки дайындығы кезінде қимыл-қозғалысты сапалы орындау кезіндегі өзінің және өзгелердің біліктіліктерін салыстыра біледі;
Тапсырма 1
Оқушылар бұрылысқа ену техникасын үйренеді
-Сол жақ конькиді сыртқы бүйіріне қою «коньки тебушінің отырысы». Сырғу, тек оң жақ конькимен серпілу (алты – он қадам). Дененің салмағы сол жақ конькиге түседі.
Дәл соны қайталаймыз, бірақ қозғалыс кезінде сәл солға еңкейеміз. Оң жақ коньки мұзға ішкі бүйірімен тіреледі, ал сол жақ коньки сыртқы бүйірімен сырғанайды. Тіке сызық бойымен бірнеше қадам жасаймыз, сосын тек оң жақ аяқпен серпіліс жасаймыз.
2 жаттығуды қайталаймыз, бірақ мұнда оң аяқпен серпілгеннен кейін тепе теңдікті сол аяққа түсіріп барынша алысқа барамыз.
Күтілетін нәтижелер
- қауіпсіздік ережесін біледі.- Жаттығу мен қалпына келтіру әдістерінің негізгі компоненттерін түсінеді. -Өздерінің тактикалық және коммуникативтік дағдыларын жетілдіру үшін жаттығулардағы реттілік пен комбинацияны түсіндіреді және көрсетеді.Бірқалыпты екі қадаммен сырғанау циклінің жүрісі:
1.екі қадаммен сырғанау қадамы;
2.таяқпен бірқалыпты итерілу;
3.қос шаңғымен жеңіл сырғанау.
Осы танысқан тапсырмадан кейін оқушылар 1000 метр арақашықтықты екі қадаммен сырғанап өтеді.
Сынып бірнеше топқа бөлінеді. Командалар сөре сызығынан бастап бір лекке тізбектеле тұрады. Мұғалімнің белгісімен оқушылар өздеріне тапсырылған арақашықтықты өтіп шығулары тиіс;
1. «Шырша» тәріздес көтерілу
2. «Баспалдақ» болып көтерілу
2.
Дескриптор
-қауіпсіздік ережесін біледі;
-коньки тебушінің отырысын дұрысорындайды және сырғи,алады;
- тіке сызық бойымен бірнеше қадам жасайды.
Саралау жүзеге асырылады:
а) физиологиялық сипаттамаларға:
- ұлдар жоғары жүктеме жасайды;
- қыздар аз жұмыс істейді;
б) физикалық қабілеттерге:
- оқушылар өздерінің моторикасын кеңейту үшін күрделі жаттығулар жасай алады;
- Неғұрлым қабілетті оқушылар кем мүмкіндіктері шектеулі оқушыларға қолдау көрсетеді.
2.
Мұғалім оқушыларға «Бас бармақ » әдісі:
1 Мен.............Түсіндім 2 Мен..............Түсініп келемін 3 -Мен............. ТүсінбедімҚарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.